Жекелеген оқушыларға оқыту

Сабақтың тақырыбы

«Нан туралы өлең» (К. Сауғабаев)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Нанның дастарханға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбегі сіңетінін түсіндіру арқылы қасиетті тағам — нанды қастерлеуге, қадірлеуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың мәнерлеп оқу, ауызша және жазбаша баяндау дағдыларын дамыту; сөздік қорын байыту; өз ойын, пікірін еркін жеткізуін жетілдіру; шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Нанды үнемдеп жұмсауға, еңбек адамын сыйлауға, жинақылыққа, ұқыптылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу; кәсіптік бағдар беру.

Әдістер мен ұйымдастыру

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндірмелі
  • Әңгімелеу
  • Иллюстративті
  • Өз бетінше жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс

Технология, түрі, типі

Технология:
Дамыта оқыту
Түрі:
Кіріктірілген
Типі:
Жаңа білімді меңгерту

Көрнекіліктер

Слайд Сюжетті суреттер Ф. Оңғарсынованың суреті Мақал-мәтелдер Нан өнімдері «Ас атасы — нан» көрмесі

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, оқу құралдарын түгендеу, көңіл күй қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

  1. 1 «Қанат туралы хикая» өлеңін жатқа айту.
  2. 2 Ф. Оңғарсынова туралы ізденістерін сұрау, талдау.
  3. 3 Оқушылардың жазып келген өлеңдерін оқыту.
  4. 4 Мақал-мәтелдерді жатқа айту.

Көрнекі сәт

Слайдта ұясынан құлаған балапанын қорғауға жанталасқан құстардың іс-әрекеті көрсетіледі.

III. Өтілген материалды пысықтау (сұрақ-жауап)

  • Өлең не туралы?
  • Балапан құлаған кезде ата-анасы не істеді?
  • Балапанның қанатын көргенде бала қандай ойға келді?
  • «Адамның екі қанаты» дегеніміз не?
  • Қос қанатың түгел болса, қандай боласың?
  • Ал бір қанатың кем болса, қандай қиындық туады?

Мұғалім сөзі

Әрбір тіршілік иесі өз баласын шексіз сүйеді. Қанша асыл зат, лағыл-маржан болса да, ананың аялы алақаны мен әкенің мейіріміне тең келмейді. Сондықтан ата-анамыз әрдайым аман болсын.

Балжанның орындауында «Анам, әкем» әнін тыңдаймыз.

Слайдта ата-анасының құшағындағы баланың қуанышты сәті көрсетіледі. Кейін Ф. Оңғарсынованың: «Ата-анамыз әрқашан аман болсын, балалар!» деген сөзі шығады.

IV. Жаңа білімге көпір салу

Ата-аналардың бақытты болып, балалардың жүзінен күлкі кетпеуі үшін біз нені қолдауымыз керек? (Бейбітшілікті.)

Ол үшін еліміз неге бай болуы қажет? (Астыққа, дәнге.)

Еліміздің дәнге бай екенін қай рәмізден көреміз? (Елтаңбамыздан.)

Онда не бейнеленген? (Бидай масағы.)

Бидайдан не алынады? (Ұн.)

Мұғалім түсіндірмесі: бидай туралы

Бидай — астық тұқымдасына жататын ең маңызды тағамдық дәнді дақылдардың бірі.

Дерек

100 грамм нан жегенде адам ағзасына шамамен 70 г көмірсу, 9 г ақуыз, 1 г май сіңеді.

  • Бидайдың тамыры топырақты тыңайтуға көмектеседі.
  • Сабағынан үйлердің төбесін жабуға, қағаз-картон жасауға, түрлі бұйым тоқуға болады.

V. Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырыбымыз — нан туралы. Нанның қасиеті жайлы бұған дейін 3–4-сыныптарда өткен тақырыптарды еске түсіріп, ой бөлісеміз.

Нан туралы әңгіме

Слайд арқылы нан өнімдерінің түрлері көрсетіліп, «Ас атасы — нан» көрмесіне шолу жасалады.

Автор туралы

К. Сауғабаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтіледі.

Өлеңмен жұмыс

  • Мұғалім өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды.
  • Оқушылар өлеңнен түйген ойларын ортаға салады.

VI. Оқулықпен жұмыс

  1. 1 Өлеңді шумақ бойынша оқыту (7–8 оқушы).
  2. 2 Жекелеген оқушыларға оқыту.
  3. 3 Әр шумаққа талдау жасау.
  4. 4 Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

VII. Сұрақтар мен тапсырмалар

«Нан — өмір» дегенді қалай түсінесің? Неліктен?

«Дән — ән емес пе, дән — нәр емес пе?» деген ойды жалғастырып жаз.

VIII. Дәптермен жұмыс

I қатар

«Бір дән жолда жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер. Себебі…»

II қатар

«Нансыз тыныштық болмайды. Себебі…»

III қатар

Нанның дастарханға қалай келетінін сызба арқылы көрсет.

IX. Шығармашылық тапсырма

1) «Нанды қастерлей білейік» тақырыбында эссе жаз.

2) Нан, нанды қастерлеу және диқан еңбегін бағалау туралы өлең құрастыр. Жазғандарын сыныпта оқып, талқыла.

X. Сабақты бекіту

Мақал-мәтелдер

Нан туралы мақал-мәтелдерді айту және мағынасын ашу.

Тыйым сөздер

Нанды қадірлеуге қатысты тыйым сөздерді еске түсіру.

Өлең

Өлеңнің негізгі ойын қорытындылау, әсерімен бөлісу.

XI. Үйге тапсырма

  • Өлеңді жатқа айту.
  • Нан және диқан еңбегі туралы мақал-мәтелдер жаттау.
  • Нанның жасалу жолдарын бейнелейтін диафильм құрастыру.

XII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу мәнері, жауаптарының дәлдігі және шығармашылық жұмыстары негізінде бағалау жүргізіледі.