Атысқа оңтайлану

Сабақтың тақырыбы

Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері: атысты жүргізу және атысты тоқтату.

Сабақтың мақсаты

  • Атыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, оқушыларды автоматтан (пулеметтен) атуға дейін дұрыс оңтайлану тәсілдеріне үйрету.
  • Нысананы алу, шүріппені басу, атысты тоқтату дағдыларын түсіндіру, меңгерту және бекіту.

Көрнекілік құралдар

АӘД оқулығы Автомат макеті «Атыс дайындығы» оқу фильмі Интербелсенді тақта Тест жолақтары

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі — 3 минут

  • Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады.
  • Оқытушыға рапорт береді, амандасу ұйымдастырылады.
  • Түгендеу жүргізіліп, оқушылардың сыртқы келбеті тексеріледі.

Өтілген тақырыпты сұрау — 7 минут

  • Сұрақ 1

    Автоматты толық емес бөлшектеу ретін рет-ретімен айтып беріңдер.

  • Сұрақ 2

    Автоматты толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

  • Сұрақ 3

    Автоматты толық бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

Негізгі бөлім — 25 минут

Электрондық оқулықпен жұмыс

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Одан кейін атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі және ату тәсілдері кезең-кезеңімен меңгертіледі.

Атыс жүргізудегі қауіпсіздік ережелері

Атыс кезіндегі қауіпсіздік нақты ұйымдастыруға, атыс алаңында (немесе тирде) бекітілген тәртіп пен ережелерді білуге және оларды бұлжытпай сақтауға негізделеді. Бұл — жоғары тәртіптіліктің басты көрсеткіші.

Қатаң тыйым салынады

  • Ақаулы қарумен атыс жүргізу және ақ жалау көтерілген кезде атыс жүргізу.
  • Атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алу немесе оқтау.
  • Тіпті оқталмаған қарудың өзін адамдарға, жануарларға немесе нысанаға бағыттау және көздеу.
  • Оқтаулы қаруды атыс шебінен шығару.
  • Атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамға беру немесе кез келген жерде қараусыз қалдыру.

Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері: жалпы ережелер

Автомат (пулемет) ұрыс жағдайында жарақталған оқжатармен бірге тасымалданады. Атыс қарсыластың көрінуі ықтимал нысанаға және жер учаскесіне бақылау бар кез келген орыннан, әртүрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін.

Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) тұрып, тізерлей немесе жатып ату қалпын қабылдайды. Қозғалыста жүріп келе жатып немесе қысқа аялдама жасап атыс жүргізе алады.

Ату орнын таңдау және жабдықтау

  • Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалып, жабдықталады.
  • Ату орны ретінде ор, жыра, тас, ағаш арты және басқа тасалау қолданылады.
  • Елді мекенде ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалуы мүмкін.

Алдын ала дайындық

  • Берілген секторда атыс жүргізу мүмкіндігін және қаруды әртүрлі бағдарларға ауыстыру ыңғайын тексеру.
  • Ыңғайлылық пен тиімділікті арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау.
  • Әрбір автоматшы дене, қол-аяқ және бас үшін тұрақты, бірізді жағдай қалыптастыруы тиіс.

Пәрмендер және орын ауыстыру

Ату орнына орналасу пәрмені

Мысалы: «Автоматшы (пулеметші) Ахмедовке, ату орны анау жерде — ұрысқа!» Пәрмен бойынша автоматшы ату орнына орналасып, атуға оңтайланады.

Орын ауыстыру пәрмені

Мысалы: «Автоматшы (пулеметші) Ахмедов, анау жерге жүгіріп өт — алға!» Автоматшы жаңа орынға жылжу бағытын, аялдамаға тасалау жерлерді және жылжу әдісін анықтайды.

Жылжу тәсілдері

  • Жергілікті жерге қарай: жүгіріп, шапшаң адымдап жүгіре өту немесе жер бауырлай жылжу.
  • Жылжу алдында автомат (пулемет) міндетті түрде сақтандырғышқа қойылады.
  • Жүгіргенде қару бір немесе екі қолмен ұсталады; жер бауырлағанда — оң қолмен жоғарғы антабка бауынан немесе құндақтан ұсталады.

Ату құрылымы: үш негізгі бөлік

1) Оңтайлану

Ату орнына орналасу және қаруды оқтау.

2) Атуды жүргізу

Нысана алу, шүріппені басу, атысты басқару.

3) Атысты тоқтату

Пәрмен бойынша немесе жағдайға сай атысты дер кезінде тоқтату.

Атысқа оңтайлану

Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында пәрмендер бөлек берілуі мүмкін. Мысалы: «Ұрыс шебіне атуға — адым бас!», кейін «Оқта!». Қажет болған жағдайда «Оқта!» пәрменіне дейін атыс орны көрсетіледі.

Оңтайлану нені қамтиды?

  • Атыс жүргізетін жерге орналасу.
  • Автоматты (пулеметті) оқтау.

Жатып атуға орналасу

Белдікке жағдайындағы автоматпен

  1. Оң қолды белдік бойымен жоғары көтеріп, автоматты иықтан алып, сол қолмен ағытқыш жақтау мен ұңғы қорабынан ұстау.
  2. Оң қолмен ұңғы бастырмасынан және ұңғы жақ құндағынан алға қаратып ұстау.
  3. Оң аяқпен алға толық қадам жасап, сәл оңға ығысу; алға еңкейіп, автоматты алдыға, жерге қою.
  4. Біртіндеп сол аяқ санына және сол қол иығына сүйеніп, сол жақ қырынан жатып, тез етпетінен жату.
  5. Аяқ ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайту; автомат құндағын сол қолдың алақанына нық тіреу.

Кеудеге жағдайындағы автоматпен

  1. Сол қолмен құндақ астынан және ұңғы бастырмасынан ұстап, автоматты сәл алға әрі жоғары көтеру.
  2. Оң қолды баудың астынан шығарып, бауды бастан асыра тастау.
  3. Оң қолмен ұңғы бастырмасы мен құндақтан ұстап, атуға ыңғайлы қалыпқа келу.

Тізерлеп және тұрып атуға орналасу

Тізерлеп тұрып ату қалпы

  1. Автоматты ұңғы бастырмасынан және аузы алға қаратылған құндағынан ұстап тұру.
  2. Оң аяқты артқа жіберіп, оң тіземен тізерлеп, өкшеге отыру.
  3. Сол аяқ балтыры тік қалпында, жамбас шамамен тура бұрышқа жақын болуын сақтау.
  4. Автомат құндағын сол қолға ауыстырып, нысанаға бағыттау.

Тұрып ату қалпы

1) Белдікке жағдайында

  1. Нысана бағытына қатысты оңға жартылай бұрылу.
  2. Сол аяқты иық деңгейінде ыңғайлы қалыпқа жылжыту, дене салмағын екі аяққа тең бөлу.
  3. Оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алу; сол қолмен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстау.
  4. Ауызғы бөлігін нысана жаққа жылдам бағыттау.

2) Кеудеге жағдайында

  1. Автоматты құндақтан және ұңғы бастырмасынан ұстап, сәл көтеру.
  2. Оң қолды баудан босатып, бауды бастан асыра лақтыру.
  3. Оңға жартылай бұрылып, сол аяқты иық деңгейінде ыңғайлы қалыпқа жылжыту.
  4. Автоматты нысанаға қарқынды түрде бағыттау.

Ескерту: кеудеге жағдайында ату кезінде бауды мойыннан түсірмей ұстауға рұқсат етіледі — бұл қаруды нық ұстауға көмектеседі.

Қорытынды бөлім — 10 минут

Негізгі ұғымдар қорытындыланып, сұрақтар арқылы бекітіледі. Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады, бағалау жүргізіледі және үй тапсырмасы беріледі.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Қандай жерлерде ату үшін орын жабдықталады?
  • Қандай жерлерде ату үшін орын таңдау қажет?
  • Ұрыста автоматшы (пулеметші) қандай жылжу тәсілдерін қолданады?
  • Ұрыс кезінде қозғалғанда автомат (пулемет) қандай жағдайда ұсталады?

Қайталау сұрақтары

  • Автоматшының жатып атуға арналған қалпын сипаттаңдар.
  • Автоматшының тұрып атуға арналған қалпын сипаттаңдар.
  • Тест тапсырмаларын орындау және нәтижесін талқылау.
  • Бағалау және үй тапсырмасын жазып алу.