Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Абдуллаев Дулат Байдуллаевич
Сабақтың тақырыбы
Қазақтың ұлттық мейрамдары
Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
Оқушылар қазақ халқының ұлттық мейрамдары туралы білімін кеңейтеді.
1-деңгей: білу, түсіну
Оқушылардың барлығы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы жалпы мәлімет алады.
- Негізгі ұғымдарды таниды және түсіндіреді.
2-деңгей: қолдану, талдау
Оқушылардың көпшілігі дәстүрлі ұлттық ойын түрлерін біледі және ажырата алады.
- Ойын түрлерін сипаттайды және салыстырады.
3-деңгей: жинақтау, бағалау
Оқушылардың кейбірі ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар бойынша қосымша материалдар тауып, шығармашылық жұмыс орындайды.
- Ақпаратты іріктеп, қорытынды жасап, өз көзқарасын ұсынады.
Тілдік мақсат және негізгі ұғымдар
«Наурыз» ұғымы
Наурыз (парсы тілінен: нау — «жаңа», рыз — «күн») — «Жаңа жылдың бірінші күні» деген мағына береді. Наурыз — күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік) әрі көктемнің басталуымен байланысты ұғым. Қазақ халқы бұл мейрамды Әз-Наурыз деп те атайды.
«Ұлыс» ұғымы
Ұлыс — «мекен», «мемлекет», «аймақ», «ел», «әкімшілік бірлік» мағыналарын білдіретін көне түркі сөзі.
Ресурстар және байланыс
Ресурстар
- АКТ құралдары
- Карта, атлас
- Суреттер (карта/атлас иллюстрациялары)
Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
- Жаратылыстану
Алдыңғы оқу
Дүниетану пәні бойынша алдыңғы тақырыптар.
Сабақ жоспары (45 минут)
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
Сабақ басында оқушылардың назарын жинақтап, жағымды орта қалыптастыру көзделеді.
-
I. Психологиялық ахуал қалыптастыру
Оқушылар ақ тілектерін айтып, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.
-
II. Топқа бөлу
Суреттер арқылы топқа бөлінеді: киіз үй, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары.
-
III. Сабаққа дайындықты бақылау
Оқу құралдары мен қажетті жабдықтар тексеріледі.
Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)
Алдыңғы тақырыпты бекіту үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылады.
1-деңгей (білу, түсіну): «Кім жылдам?»
- Шешендік сөздер деген не? Қоғам өміріне және табиғат құбылыстарына байланысты терең ойды бейнелі тілмен жеткізетін халық шығармасы; қанатты сөздер мен тұжырымдар.
- Би-шешендердің қоғамдағы рөлі қандай? Халық мүддесін қорғап, ұлттық рухты нығайтады.
2-деңгей (қолдану, талдау): «Кім білгір?»
- «Өнер алды — қызыл тіл» сөзін қалай түсінесіңдер? Ата-бабаларымыз орынды әрі жүйелі сөйлеуді үлкен өнер деп бағалаған.
-
Қазыбек бидің Жоңғария қонтайшысына айтқан сөзін айтып беріңдер.
«Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса — хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса — құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса — күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.»