Төлеген Айбергенов кім
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп / Мұғалім
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылы, №26 орта мектебі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Хасенова Тұрсынгүл Еркінқызы.
Пән / Сынып
Қазақ әдебиеті, 8-сынып.
Сабақ тақырыбы: Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесі.
Сабақ форматы
- Түрі:
- аралас сабақ
- Әдісі:
- сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
- Көрнекілігі:
- портрет, интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Автор туралы мәлімет беру.
- Әңгіменің мәтінімен таныстыру.
- Жазушының анаға деген сүйіспеншілігін оқушы сезімімен ұштастыру.
Дамытушылық
- Әдеби тіл нормаларын меңгерген оқушы қалыптастыру.
- Шығармадан алған әсерін бүгінгі өмірмен салыстыра білуге бағыттау.
- Логикалық ойлау қабілеті дамыған, жан-жақты тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелік
Оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін тереңдетіп, құрметін арттыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл күй қалыптастыру және ынталандыру. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау» стратегиясы
Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына байланысты «зымыран сұрақтар» жүргізіледі:
- 1. Төлеген Айбергенов кім?
- 2. Ол қашан дүниеге келген?
- 3. Қандай оқу орнын бітірген?
- 4. Қандай шығармаларын білесіңдер?
- 5. «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» деген ойды қалай түсінесің?
- 6. Төлегеннің өлең құрылысына енгізген жаңалығы қандай?
«Мәнерлеп оқу» стратегиясы
Т. Айбергеновтың «Ана» өлеңі мәнерлеп оқытылады. Әр топтан бір оқушы оқыған кезде, қалған топ мүшелері плакаттарға маркерлермен жұмыс жүргізеді (топтастыру стратегиясы).
Нәтиже
Әр топ өздері құрған топтастыру жұмысына түсінік береді.
1-топ тапсырмасы
«Ана кім?» (қызметіне қарай)