Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау
Сабақтың тақырыбы
Етістіктің шақтары бойынша өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік мақсат
Етістіктің шақтары бойынша алған білімді жинақтау және тиянақтау.
Дамытушылық мақсат
Өз бетінше салыстыру, ой қорыту, мысал арқылы дәлелдеу дағдысын жетілдіру; шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Етістік шақтарының табиғатын терең түсініп, оларды орынды қолдануға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ–жауап
- Салыстыру
- Тест
- Топтық жұмыс
- Сыни тұрғыдан ойлау
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жаттығу
166-жаттығудың орындалуын тексеру.
Ой-толғау
«Келер шаққа мен де арман, сенім артамын» тақырыбында ой-толғау жазу.
Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз етістіктің шақтары бойынша өткенді қайталап, тақырыпқа қатысты білімімізді көрсетеміз.
«Біліміңді байқап көр»
Нақты сұрақтар арқылы білімді бекіту
- 1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?
- 2.Шақтың қандай түрлері бар?
- 3.Осы шақ дегеніміз не?
- 4.Нақ осы шақ қалай жасалады?
- 5.Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
- 6.Ауыспалы өткен шақ пен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
- 7.Келер шақ деген не?
- 8.Келер шақтың қандай түрлері бар?
- 9.Келер шақ қалай жасалады?
- 10.Өткен шақтың қандай түрлері бар?
Топтық жұмыс: шағын жоба қорғау
1-топ
Осы шақ тақырыбы бойынша жоба қорғайды.
2-топ
Өткен шақ тақырыбы бойынша жоба қорғайды.
3-топ
Келер шақ тақырыбы бойынша жоба қорғайды.
Тапсырма: мәтіннен етістіктің шақтарын табу
Елбасының «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауынан үзінділер беріледі. Әр топ өзіне берілген сөйлемдерден етістіктің шақтарын табады.
1-топ: осы шақ
- Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.
- Қазақстан XXI ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.
- Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз.
- Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.
- Адамзат үшінші индустриялық революцияның табалдырығында тұр.
- Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.
- Әлемде не болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз.
2-топ: өткен шақ
- Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық.
- Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.
- Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік.
- Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық.
- Халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады.
- Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді.
- Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған.
- «Қазақстан–2030» стратегиясы мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын.
3-топ: келер шақ
- Мықты мемлекет экономиканың жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.
- Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды және солай бола бермек.
- Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.
- Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.
Жаттығулар және талдау
Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеу
Оқулықпен жұмыс
169-жаттығу
- 1-топ мәтінді оқиды.
- 2-топ мазмұнын баяндайды.
- 3-топ 5 етістікті тауып, талдайды.
Дәптермен жұмыс: 168-жаттығу
Етістіктерді теріп жазып, талдау.
Тілдік байланыс тапсырмасы
Елбасы жолдауындағы «Үш тұғырлы тіл» саясатымен байланыстыра отырып, слайдтағы Астана суреттеріне сәйкес келетін етістіктерді орыс және ағылшын тілдерінде айту.
Салыстыру: Венн диаграммасы
1-топ
Осы шақ пен келер шақты салыстыру.
2-топ
Келер шақ пен өткен шақты салыстыру.
3-топ
Ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақты салыстыру.
Бекіту және қорытынды
Бекіту
Интерактивті тақта арқылы етістіктің шақтарын қайталауға арналған тест тапсырмаларын орындау.
Ой-толғаныс
«Қазақстан: бүгін, кеше, ертең» тақырыбында ой қорыту.