Жігіттер шықсын ортаға, Бүгін сұлтан атанбақ

Сайыстың ашылуы

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

«Асыл тастан, өнер жастан» — дарын мен өнер жастайынан байқалады. Ал «Халық айтса, халық сөзі» — әрқашан нанымды.

Өнердің жолын қуған, «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп, сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүгінгі сайыста қатысушылар өз өнерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрімізді танытып, білімін, шеберлігін де байқатады.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға — бүгін «Сұлтан» атанбақ!

Құрметті көрермен қауым, қол соғып, қошеметпен жігіттерді ортаға шақырайық!

2-жүргізуші

Байқауымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.

I кезең: Таныстыру

1-жүргізуші

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға.

Қорықпастан сахнаға қадам басып,

Әдеппен сіздерменен танысуға.

Ендеше, жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін. Ал әділқазылар алқасы берілген бағаларын жариялайды.

II кезең: Қолөнер

2-жүргізуші

Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай,

Ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай.

Келесі кезең — қолөнер. Жігіттер өздері қолдан жасаған бұйымдарын әділқазыларға ұсынсын. Әділқазылар алқасы өз бағаларын береді.

III кезең: Салт-дәстүр бойынша сұрақтар

1-жүргізуші

Талапты ерге нұр жауар. Ол үшін сөзді тыңдай біліп, әр ойды зердеге тоқу керек.

Келесі кезең — салт-дәстүр бойынша сұрақтарға жауап беру:

  1. 1 Жеті атаңызды атаңыз.
  2. 2 Жеті қазынаға нелер жатады?
  3. 3 «Үш» ұғымына байланысты: үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз.
  4. 4 Бес асыл істі атаңыз. Бес дұшпанға не жатады?
  5. 5 Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
  6. 6 Ер қаруы — бес қаруды атаңыз.

IV кезең: Мақал-мәтелдің жалғасын тап

Қазақ — шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру — әрбір перзенттің міндеті.

1

Ағайын алтау, ана — біреу.

2

Ағайынның алтын сарайынан — анаңның жыртық лашығы артық.

3

Ана сүтін ақтамағанды — ешкім жақтамайды.

4

Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да — қарызынан құтылмайсың.

5

Отанға опасыздық еткенің — өз түбіңе жеткенің.

6

Кісі елінде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол.

7

Отан үшін күрес — елге тиген үлес.

8

Ер жігіт үйде туып — түзде өлер.

V кезең: Спорттық сайыс

Келесі кезең — спорт: кір тасын көтеру және қол күрестіру.

  • Кір тасын көтеру
  • Қол күрестіру

Қорытынды сөз

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз мәресіне де келіп жетті.

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.