Сабақтар тізімі

Сабақтар тізімі

Төменде адамзаттың пайда болуы мен еңбек, техника тақырыптарын қамтитын сабақтар топтамасы берілген.

  1. 1

    Адам — қайдан, қалай пайда болған?

    Кіріспе сабақ: адамның шығу тегі туралы ғылыми түсініктерді қалыптастыру.

  2. 2

    Алғашқы адам

    Ерте кезеңдегі адамдардың өмірі, тіршілігі және ерекшеліктері.

  3. 3

    Адамды адам еткен — еңбек

    Еңбектің адам дамуына әсері және дағдылардың қалыптасуы.

  4. 4

    Техникалық құрылыс — ой мен еңбектің жемісі

    Адам қолымен жасалған бұйымдар арқылы ойлау мен еңбектің байланысын түсіндіру.

Сабақ үлгісі

Төмендегі жоспар «Адам — қайдан, қалай пайда болған?» тақырыбындағы жаңа материалды таныстыру сабағына арналған.

Тақырыбы

Адам — қайдан, қалай пайда болған?

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Мақсаты мен міндеттері

Адам мен маймылдың шығу тегі ортақ деген тұжырымды дәлелді мәліметтерге сүйене отырып түсіндіруге үйрету; қоршаған орта туралы түсініктер негізінде білім жүйесін қалыптастыру.

1) Білімділік

Адамның шығу тегі туралы ғылыми түсініктерді меңгерту және білім алуға деген қызығушылықты қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; оқушылардың белсенділігін арттыру.

3) Тәрбиелік

Адамгершілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Адам жасаған заттардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер

  • Жұптық жұмыс.
  • Талдау.

Сабақ барысы

I кезең

Ұйымдастыру

  • Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
  • Сабаққа даярлау.
II кезең

Үй тапсырмасын тексеру

3-сыныпта өткен материалдарды қайталау.