Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары

Сабақ туралы жалпы ақпарат

Мектеп және мұғалім

Өңір
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Бөлім/мектеп
№15ОМ
Пән мұғалімі
Нұржанова Жаңағұл Кенжетаевна

Тақырып

Гимнастикалық жаттығулар

Сабақ әдісі

  • Жаппай жұмыс
  • Топпен жұмыс

Сабақтың мақсаты

  • Гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығуларды жетілдіру.
  • Акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта отырып үйрету.
  • Күш, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар

Гимнастикалық төсеніш Гимнастикалық скамейка Бөрене Гимнастикалық қабырға

Сабақтың мазмұны: I. Дайындық бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сапқа тұрғызу, сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу.
  • Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
  • Сабақтың мақсатын таныстыру.

Саптық бұйрықтар

«Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!», «Алаңды айналып алға бас!»

Жүру кезіндегі жаттығулар

  1. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
  2. Қол белде, өкшемен жүру.
  3. Қол желкеде, жартылай отырып жүру.
  4. Қол тізеде, отырып жүру және секіру.

Жүгіру кезіндегі жаттығулар

  1. Жеңіл жүгіріс.
  2. Тізені алға көтеріп жүгіру.
  3. Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.
  1. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
  2. Оң қапталмен жүріп (немесе жүгіріп), қолды алға айналдыру.
  3. Сол қапталмен жүріп (немесе жүгіріп), қолды артқа айналдыру.

Тыныс алу

Тыныс алу жаттығуларын орындау.

Сапқа тұру

Оқушыларды 5 қатарға тұрғызу.

Жалпы дамыту жаттығулары

Бастапқы қалып (БҚ): қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру.

  1. Бір қолды екі жаққа айналдыра отырып жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.
  2. Бастапқы қалыпқа қайта келу.
  3. Осы қимылды екінші аяқпен де қайталау.