Қанайналым жүйесі
Сабақтың тақырыбы
Қанайналым жүйесі. Жүрек және оның қызметі
Сынып
3-сынып
АКТ қолдану
Интербелсенді тақта
Оқу мақсаты
Қанайналым жүйесі туралы түсінік қалыптастыру; жүректің құрылысы мен қызметін талдау.
Сабақ мақсаттары
- Барлық оқушылар: жүректің организмдегі аса маңызды мүше екенін біледі; қанайналым жүйесі жүрек пен қан тамырларынан тұратынын түсінеді.
- Оқушылардың басым бөлігі: қан тамырлары туралы білімін көрсете алады.
- Кейбір оқушылар: қанайналым жүйесінің басқа қандай жүйемен бірлесіп жұмыс істейтінін түсіндіреді.
Бағалау критерийлері
- Жүректің организмдегі аса маңызды ағза екенін айтады.
- Қанайналым жүйесі жүрек пен қан тамырларынан тұратынын түсіндіреді.
- Қанайналым жүйесінің қандай жүйемен бірлесіп жұмыс істейтінін атайды.
Оқу дағдылары
Білу, түсіну, талдау
Тілдік мақсаттар
Негізгі сөздер мен тіркестер
Сыныптағы диалог пен жазылымға арналған тіркестер
- Кестені талқылаңыз: ең жиі таңдалған нұсқа қайсы, оны қалай дәлелдейміз?
- Барлық оқушының таңдауы тіркелді ме? Мұны қалай тексереміз?
- Біз тағы қандай сұрақтарды зерттей алар едік? Тағы қандай нұсқаларды қосуға болар еді?
- Нәтиже қандай болады деп ойлайсыз? Пиктограмма қалай көрінуі мүмкін?
Талқылауға арналған сұрақтар
Жүректі сақтау адамға не үшін керек?
Сіз неліктен солай екенін түсіндіріп бере аласыз ба?
Жүрек сау әрі мықты болуы үшін не істейміз?
Жүрек үздіксіз тоқтамай қалай жұмыс істейді? Ол тыныға ма?
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
- Ынтымақтастық атмосферасы: «Комплименттер бұрқасыны» әдісі. Оқушылар бір-біріне шарлар арқылы жылы тілектер айтады.
- Топқа бөлу: сыныпты дене мүшелері бойынша екі топқа бөлу: «Жүрек» және «Тамыр».
Үй тапсырмасын қайталау
«Кубизм» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұрақ-жауап форматында тексеріледі. Топ ішінде жауаптардың дұрыстығы талқыланады, оқушылар бір-бірін толықтырады.
Сұрақтар
- Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады?
- Қаңқаның бөліктері мен қозғалмалы бөліктерін ата.
- Бас сүйек пен омыртқа жотасында не бар?
- Бұлшық ет не үшін қажет және ол қалай жұмыс істейді?
Нәтиже
Оқушылар өткен тақырыптарды еске түсіріп, жаңа тақырыпқа логикалық көпір жасайды.
Тақырыпты ашу (миға шабуыл)
Бүгін адам организмі туралы білімімізді толықтыруды жалғастырамыз. Мұғалім жұмбақ оқиды, оқушылар шешуін табады.
Жұмбақ 1
Таппайтын тағат, тығулы сағат.
Жұмбақ 2
Сыртқа шығар жолы тұйық, түсі шымқай қызыл сұйық.
Осыдан кейін оқушылар БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім) кестесінің «Білемін» және «Білгім келеді» бөлімдерін жүрек пен тамыр туралы түсініктеріне сүйеніп толтырады.
Жаңа сабақ: негізгі түсініктер
Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады. Жүрек — организмдегі ең маңызды мүшелердің бірі.
Жүрек үздіксіз соғып тұруы керек, өйткені ол басқа мүшелерге қан айдайды. Қан мүшелерге әрдайым қажет: ол оттегін және қоректік заттарды жеткізеді.
Егер жүрек қанды айдауды тоқтатса, басқа мүшелер де өз қызметін тоқтатады. Сондықтан жүректің саулығы — адамның жалпы денсаулығының негізі.
Қанайналым жүйесінің бөліктері
- Жүрек
- Күретамыр
- Артерия