Рационал сандарды көбейте білуге және бөлуге үйрету
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Үштөбе ауылы
Сарыөзен орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Естайлакова Асем Абусабитовна
Сабақ тақырыбы
Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталауға арналған есептер шығару.
Сабақ мақсаты
Рационал сандарға амалдар қолдануды меңгерте отырып, оқушылардың танымдық және ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Үй тапсырмасы
№ 587 есеп.
Сабақ міндеттері
-
1. Рационал сандарды қосуды және азайтуды үйрету.
-
2. Рационал сандарды көбейту мен бөлуді үйрету.
-
3. Таңбалар ережесін қолдану дағдысын қалыптастыру.
-
4. Есептеу амалдарына деген танымдық қызығушылықты дамытуға жағдай жасау.
-
5. Талдау жасауға үйрету.
-
6. Ата-бабадан қалған тарихи құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың идеясы
Бүгінгі сабақта есеп шығара отырып, қазақ халқының рухани байлығында айрықша орны бар Қазақстанның жеті кереметімен танысамыз.
Жетелеуші сұрақ
Әлемнің жеті кереметіне нелер жатады?
- Мысыр пирамидалары
- Галикарнас кесенесі
- Родос алыбы
- Александрия маягі
- Эфестегі Диана ғибадатханасы
- Олимпиядағы Зевс мүсіні
- Семирамиданың аспалы бағы
I. Өткен тақырыпты қайталау
Төмендегі 12 сұраққа жауап берсеңдер, Қазақстан кереметтерінің бірінің атауын құрастыра аласыңдар: атауы 19 әріптен тұрады, ал «Т» әрпі 4 рет қайталанады.
- Теріс сандарды қалай қосамыз?
- Таңбалары әртүрлі сандарды қалай қосамыз?
- Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
- Рационал сандар қалай азайтылады?
- Таңбалары әртүрлі сандарды қалай азайтамыз?
- Таңбалары әртүрлі сандарды қалай көбейтеміз?
- Таңбалары бірдей сандарды қалай көбейтеміз?
- Таңбалары әртүрлі сандарды қалай бөлеміз?
- Таңбалары бірдей сандарды қалай бөлеміз?
- Қандай жағдайда екі санның бөліндісі нөлге тең болады?
- Қандай жағдайда екі санның көбейтіндісі нөлге тең болады?
Таңбалы тас суреттері
Таңбалы тас суреттері — қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген қауымдардың дүниетанымынан хабар беретін аса көрнекті археологиялық ескерткіш. Ол Алматы қаласынан шамамен 170 км қашықтықта орналасқан.
Көрнекілік
«Таңбалы тас» суреттері
II. Есептер шығару
1) Амалдарды орындаңдар
Б
8·(−3) + (−7)
О
(−2)·(−5) − 12
М
35 − (−7)·6
Ы
32 : (−4) + 5
Д
64 : (−16) − 9
Р
17 − (−12) : 4
А
(−21) : (−3) − 9
Шифр-кесте
Енді шыққан нәтижелерге сәйкес әріптерді кестеге орналастырып, екінші кереметтің атауын табыңдар.
ұяшық
−13
ұяшық
−2
ұяшық
77
ұяшық
−31
ұяшық
−3
ұяшық
20
ұяшық
−2
Көрнекілік: Домбыра
2) Қарама-қарсы сандарды табыңдар
Дұрыс жауап беріп, әр санның «келесі бетін» аударып жазсақ, үшінші кереметтің атауы шығады.
Алтын адам
Алтын адам — сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрпы мен мәдениетін айқын көрсететін тарихи мұра. Ол Алматы қаласының шығысына қарай шамамен 50 км қашықтықтағы Есік обасынан табылған.
Алтын адамның бас киімінде мүйізді ат бейнеленген, сондай-ақ қанатты ат бейнесі де кездеседі. Сендер мүйізді, қанатты ат туралы қай аңыздардан немесе әдеби шығармалардан білесіңдер?
Көрнекілік
«Алтын адам»
3) Үлестірмелі қағаздағы есептер
Есептерді шығарып, нәтижелерді кестедегі орнына қойсақ, төртінші кереметтің атауы шығады.
Ү
(5,4 : 3,6 − 1,3) · 8,5
К
(1,8 · 3,4 + 0,88) : 0,35
І
(17 − 8,5 : 3,4) − 0,6
З
(2,8 − 3,5 − 7,4) : 0,8
И
(4,9 + 8,4 : 5,6) : 1,6
Й
(9,6 · 0,4 − 1,24) : 1,3
Кесте ұяшықтары
ұяшық
20
ұяшық
4
ұяшық
8,7
ұяшық
3
ұяшық
1,7
ұяшық
2
Киіз үй
Киіз үй — қазақ халқының алтын бесігі. Ол көшпенді халықтың экологиялық ортаға жан-жақты үйлескен баспанасы.
Киіз үйдің негізгі бөліктерін атай аламыз ба? Шаңырақ, уық, кереге.
4) Теңдеулерді шешіңдер
Теңдеулерді дұрыс шешсек, бесінші кереметпен танысамыз.
-
8 − 5x + x = 16
-
4,8x − 5,5 − x = −18,8
-
12x − 5,9 − 7,5x + 3,2 = −4,05
-
9,1 + 2 − x − 6 = −52,6
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі — ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші. Ол Түркістан қаласында орналасқан. Кесене 1396–1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йасауидің қабірінің басына тұрғызылған. 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.
Қазақ халқына әйгілі тайқазан осы кесенеге арналып құйылған.
5) Өрнектерді ықшамдаңдар
Төмендегі өрнектерді дұрыс ықшамдасақ, алтыншы кереметтің атауын білеміз.
-
23a − 7b − 4a + 10b
-
6,5a + 5,3b − 9b − 6,5a
-
ab − 2ab − 3b + ab + 5b
-
8xy + 9x − 9xy − 7x
Маңғыстаудың жер асты мешіттері
Маңғыстаудың жер асты мешіттері — Арал–Каспий аймағында бүгінге дейін сақталған сирек сәулеттік құрылыстардың бірі. Қазіргі таңда мұсылмандар тәуіп етіп баратын киелі орындардың қатарында Бекет атаның жер асты мешіттері де бар.
6) Жақшаларды ашыңдар
Бұл тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы Қазақстанның жетінші кереметімен танысамыз.
−(−(+2,6))
−(−(−6,5))
−(−(−(−(−3,1))))
−(−(−(+0,6)))
−(−(−(−(−0,91))))
−(−(−(−(−(+7,5)))))
Астана — «Бәйтерек» кешені
Астана — «Бәйтерек» кешені алдыңғы алты кереметті қорытындылайтын жетінші керемет іспетті. Ол Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы негізінде жүзеге асқан. Кешеннің биіктігі 97 метр — бұл елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген жылғы соңғы екі санымен сәйкес келеді.
Ең жоғары бөлігінде «Аялы алақан» композициясы орналасқан. Елбасының алақанының таңбасы бар тұмарға қол тигізгенде, Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнатылады.