Дастарқан батасын жаттау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар бойынша әңгімелеуге үйрету.
  • Қазақтың ұлттық тағамдарын және олардың түрлерін таныту.
  • Салт-дәстүр бойынша сәлемдесу, әңгімелесу жоралғыларын дұрыс қолдануға баулу.
  • Есімшені қайталап, тапсырмалар арқылы бекіту.

Дамытушылық

  • Оқушылардың білімін, сөздік қорын, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту.
  • Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
  • Сауаттылықты жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Кішіпейілділікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа, қонақжайлылыққа баулу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Әдістер

Коммуникативтік Сөздік жұмыс Суретпен жұмыс Сұрақ-жауап Ассоциация Деңгейлік жұмыс Тест

Қолданылған технологиялар

  • Сыни тұрғыдан ойлау.
  • Деңгейлеп оқыту.
  • Ақпараттандыру технологиялары.

Көрнекіліктер

  • Ұлттық ақпараттандыру орталығы АҚ электронды оқулығы № 4555 (e-learning).
  • ActivStudio (флипчарттар).
  • Суреттер.
  • Компьютерлер.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекшімен сұхбат.
  3. Оқушыларды түгендеу.
  4. Сабаққа дайындықты тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Есімше дегеніміз не?
  2. Есімшенің неше шағы бар? Мысал келтіріңдер.
  3. Шығарма бойынша қысқаша талқылау.

III. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстыру. «Жасырын сурет» ойынында оқушылар ұяшық нөмірлерін атап, сұрақтарға жауап береді. Әр жауап сайын сурет ашылып, соңында «қазақ дастарқаны» бейнесі көрінеді — бұл бүгінгі сабақтың тақырыбы.

Ойын сұрақтары

  1. Таңғы асқа не жейсің?
  2. Сүйікті асың қандай?
  3. Қандай тағамды әлі жеп көрмедің?
  4. Қандай тағамды жеп көргің келеді?
  5. Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
  6. Қазақтың қай ұлттық тағамы саған ұнайды?

Сөздік жұмыс

Бекер айтпаған
Не зря говорится.
Ерекше мән берген
Особое внимание уделял.
Ежелгі дәстүр бойынша
По древней традиции.

Жаңа сөздерді қолданып, бірнеше сөйлем құрастыру.

Батаға тоқталу

Қазақ дастарқанында әрқашан бата берілетіні айтылады. Оқулықтың 98-бетіндегі бата талқыланады:

Отбасыңыз мерекелі болсын!

Дастарқаныңыз берекелі болсын!

Суретпен жұмыс

  • Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
  • Қазақ дастарқанында не бар?
  • Ұлттық тағамдар қандай түрлерге бөлінеді?

Ет тағамдары

Флипчарт арқылы көрсетіледі.

Сүт тағамдары

Флипчарт арқылы көрсетіледі.

Нан тағамдары

Флипчарт арқылы көрсетіледі.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, қысқаша айтып беру.

IV. Бекіту

1-деңгей

  1. Мәтіннен есімшелерді табыңдар.
  2. Сызба бойынша палауды әзірлеу үшін қандай өнімдер қажет екенін айтып беріңдер (қажетті сөздерді сәйкестендіру).

2-деңгей

  1. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар: берілетін сый, тамақ пісіретін, баратын үйіміз, күтілетін қонақ.
  2. Сын есімдер мен зат есімдерді мағынасына қарай тіркестіріп жазыңдар.

Сын есімдер

жұмсақ, ыстық, сүрленген, тұзды, қою, майлы, дәмді, қатты, жас

Зат есімдер

ет, нан, тамақ, сорпа, шай, қазы, шелпек

3-деңгей

  1. Электронды оқулықтағы 4 және 5-тапсырмаларды орындаңдар (№ 4555, e-learning).
  2. «Сен мұны қазақша айта аласың» бөлімі бойынша жауап беріңдер.

Сөйлеу жағдаяттары

  1. Біреудің көңіл күйі туралы қалай сұрайсың?
  2. Досыңды немесе танысыңды қонаққа қалай шақырасың?
  3. Қонағыңды қалай қарсы аласың, не деп айтасың?
  4. Дастарқанға қалай шақырасың?
  5. Қандай тілек айтасың?

V. Қорытынды

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылып, оқушылардың білімі бекітіледі.

Тест

Ұлттық ақпараттандыру орталығы АҚ электронды оқулығы № 4555 (e-learning) арқылы орындалады.

Ассоциация

«Қазақ дастарқаны» тақырыбы бойынша ассоциация құру.

VI. Бағалау

Үй тапсырмасы, жаңа сабақ және тест тапсырмаларының нәтижесіне сүйене отырып, оқушылардың білімі бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

Оқулық: 98-бет

  1. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазыңдар.
  2. Дастарқан батасын жаттау.
  3. Жаңа сөздерді қайталау.