Ақынның табиғат туралы жазған өлеңдері туралы

І. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты таныстырылады, оқушылардың назары ақын мұрасына бағытталады.

ІІ. Кіріспе бөлімі

1-слайд: Ақынның өмірбаяны

Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылық бағыты және қазақ әдебиетіндегі орны туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

ІІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім: «Жақсы балалар, олай болса, ақын шығармаларынан білетіндерімізді ортаға салайық».

1-оқушы: Ақиқат

«Бүгін менің туған күнім!»

2-оқушы: Мира

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...

3-оқушы: Алмаз

Мұқағали аға, сезесің бе, сезесің бе,
Еліңді аралап жүр елесіңде.
Әндерің шырқалады әр ауылда,
Сөздерің әр қазақтың өресінде.

4-оқушы: Айзат

Халқыңның ақыны боп жаралғансың.

5-оқушы: Айбөпе

Поэзия — ғылым. Зерттеу керек: адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды?

6-оқушы: Назерке

Ән тыңдау

«Бесік басында», «Сәби болғым келеді»

7-оқушы: Гауһар

Мұғалімнің сөзі: Мұқағали туралы ой-толғау.

8-оқушы: Әли

Мынау қазақ даласы, Алтай, Арқа арасы.
Алатау мен Атырау, тойлап жатыр, қарашы.
Естідің бе, ағасы?

9-оқушы: Ерен

Жарқыра, жарқырайсың шын асылдай,
Тереңде жатыр қанша сыр ашылмай.
Маржан жыр өткірлеген намысымды,
Халықтың қасиетті мұрасындай.

10-оқушы: Думан

Жылатқан, толғандырған, күлімдеткен,
Жан аға, құдіретті үнің неткен.
Мәңгілік сағыныштың толқындары,
Сезімнің айна көлін дірілдеткен.

11-оқушы: Сәбира

«Әліппе»

12-оқушы: Феруза

Өлең дейді, шіркін-ай, өлең дейді,
Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.
Жаныңа дауа болып жадыратар,
Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді.

13-оқушы: Рысты

«Ей, өлең»

14-оқушы: Айбөпе

2-слайд: Ақынның өз дауысы

Тыңдау: «Қарлығашым, келдің бе?»

15-оқушы: Бектау

«Отан»

16-оқушы: Альберт

Мұқағали күнделігінен үзінді.

17-оқушы: Нұрасыл

«Елім барда»

Мұғалім:

Ақынның табиғат туралы жазған өлеңдері жайлы қысқаша түсіндірме.

18-оқушы: Маржан

«Таудағы көктем»

Ән тыңдау

«Есіңе мені алғайсың»

19-оқушы: Айнұр

«Үш бақытым». Мұқағалидың туған жері қалай аталады? Қарасаз

20-оқушы: Ринат

«Қарасаз»

21-оқушы: Рысты

«Махамбет, Абайлар-ай»

22-оқушы: Зейнеп

«Мен таулықпын»

Ән тыңдау

«Саржайлау»

Сөзжұмбақ: «МҰҚАҒАЛИ»

Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты ұғымдарды әріптер арқылы түйіндейді.

М

Азан шақырып қойған есімі

Мұхамедқали.

Ұ

Ұрпаққа аманат

Ұланғайыр жырларын кейінгі буынға зор сеніммен аманат етті.

Қ

Туған жері

Қарасаз.

А

Аманат

«Аққудың қанатына жазылған жыр» — аманат ұғымымен астасады.

Ғ

Бағасы

«Ғасыр ақыны».

А

Зерттеуші

Асқар Оразақын.

Л

Жары

Лашын.

И

Рухани өзек

Имандылық. «Дүние жүзі мұсылмандарына хат».

ІV. Қорытынды

Түйін сөз

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.