Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және теңдеулер жүйесі

Бұл сабақ оқушылардың екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі тақырыбы бойынша білімін жинақтауға, есеп шығару арқылы дағдыларын бекітуге бағытталған.

Білімділік мақсаты

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі бойынша алған білімді жүйелеу және есептер шығару арқылы бекіту.

Дамытушылық мақсаты

Шығармашылықпен жұмыс істеуге, жылдам ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру; ойлау, танымдық қабілет, логикалық сауаттылық және өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа тәрбиелеу және жаңа қоғам талаптарына сай құндылықтарды қалыптастыру.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақ түрі мен әдістері

  • Түрі: қайталау сабағы
  • Әдісі: деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс, стандартты емес есептер

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Топтарға берілетін есептер
  • Үлестірмелі карточкалар
  • Еуро (ақша үлгілері)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Топтық жұмыс

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топтың бастапқы капиталы — 500 евро.

1-топ

“Western Union” банкі

2-топ

“Болашақ” банкі

3-топ

“Тетраэдр” банкі

II. “Біліміңді сынап көр”

Акциялар: 10 евро

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру арқылы “акциялар” сатылады. Әр акцияның құны — 10 евро.

  1. 1) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын айтыңдар.
  2. 2) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?
  3. 3) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қандай тәсілдері бар?

III. “Білімді мыңды жығады”

Оқулықпен жұмыс

Бұл кезеңде оқушылар тұтынушыларды тарту идеясымен берілген тапсырмаларды орындайды. Жұмыс форматы — деңгейлік тапсырмалар.

Тапсырмалар оқушылардың есеп шығару жылдамдығын, дәлдігін және талдау дағдыларын дамытуға бағытталады.

Пән мұғалімі

Муратова Шолпан Ерғалиевна