Байқау барысы
Іс-шара туралы
«Жігіт сұлтаны» — ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, жас ұландардың зеректігі мен өнерін, тапқырлығы мен сахна мәдениетін танытатын тәрбиелік сайыс.
Мақсаты
- Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы асыл қасиеттермен таныстыру.
- Әр баланың қабілетін дамыту: ойлау, қиын жағдайдан жол табу, өнер көрсету, тапқырлық, сахна мәдениеті.
- Елін сүйетін, дәстүрін қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Шарлар
Қатысушылар мен қонақтар
- Қатысушылар: 1–3 сынып оқушылары
- Қонақтар: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі, бастауыш сынып оқушылары
Ұйымдастыру кезеңі
Ұлттық музыка әуені ойнап тұрады. Қонақтар қарсы алынып, орындарына жайғасады.
Жүргізуші 1
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты өршіл рухты, парасатты жігіттер сайысы өтеді.
Уа, халайық, назар салыңыздар! Ата жолын жалғап, ел дәстүрін қолдап, ел намысын қорғайтын ұлдар ортаға шықсын — бүгін сұлтан атанар күн!
Жүргізуші 2
Нағыз кәусар жігітті, нағыз қайсар жігітті, нағыз бұлбұл жігітті, нағыз дүлдүл жігітті анықтайтын кез келді!
Жігіттер, «ойын арзан, күлкі қымбат» — сыр мен сымбатты қатар ұстаған ердің сөзі де, ісі де салмақты.
Сайысқа қатысушылар
Қатысушы 1
Аяпов Алихан
Қатысушы 2
Берікбай Нұржалғас
Қатысушы 3
Қырықбай Санжар
Қазылар алқасы
Сайыскерлердің ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беретін қазылар алқасымен танысыңыздар:
Таңсықбаева Ақөрік Сағырбайқызы
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Шамакова Динара Уразбаевна
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Кашкинбаева Гүлнар Советовна
Мектеп директорының оқу ісінің әдіскері
Байқау бағдарламасы
Бағалау кезінде қатысушылардың өзін ұстауы, әртістік шеберлігі, киім үлгісі, құттықтаудың ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.
1) «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»
Таныстыру бөлімі
2) «Ел іші — өнер кеніші»
Өз өнерін көрсету
3) Үй тапсырмасы
Үйден өз қолымен жасаған бұйымдарын таныстыру
4) «Білімді жүзден озар…»
Викториналық сұрақтар (салт-дәстүр тақырыбы)
Әр дұрыс жауапқа — 5 балл.
5) «Тіл қаруы — сөз»
Ең үздік құттықтау
Көрініс пен рух
Ақыл — көрік, парасат — серік. Сайыста әр қатысушы өнері мен мінезін үйлестіріп, көпшілік алдында мәдениетті түрде көріне білуі тиіс.
Сайыс барысы
Алдымен таныстыру өтеді, одан кейін өнер көрсету, үй тапсырмасы, білім сайысы және құттықтау кезеңдерімен қорытындыланады.
Қорытынды және марапаттау
«Жігіт сұлтаны» сайысы өз мәресіне жеткенше, қазылар алқасы шешім шығарған уақыт аралығында көрермен назарына оқушылардың әсем биі ұсынылады.
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда — бүгінгі сайыстың жеңімпазы мен үздіктері әр номинация бойынша марапатталады.
Бас жүлде
«Жігіт сұлтаны»
Номинация
«Дарынды жігіт»
Номинация
«Сегіз қырлы, бір сырлы»
Номинация
«Өнерпаз жігіт»
Номинация
«Парасатты жігіт»
Номинация
«Алғыр жігіт»
Номинация
«Шымыр жігіт»
Номинация
«Шешен жігіт»
Тілек
Бүгінгі сұлтандарымыз нағыз қазақ жігітіне тән қасиеттерді танытып, тамаша өнер көрсетті. Бұл — алдағы үлкен белестерге бастар алғашқы қадам. Әрқашан сын сағатта сүрінбей, қадамдарыңызға нұр жаусын! Өркендеріңіз өсіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Викториналық сұрақтар
Төмендегі сұрақтар білім сайысы кезеңінде қолдануға арналған.
1-сынып
№1
- Сөйлеу не үшін қажет?
- Сиырдың төлі.
№2
- «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
- Сиырдың төлі.
№3
- Сөз неден құралады?
- Жылқының төлі.
№4
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Түйенің төлі.
№5
- Времена года.
- Назови гласные буквы.
2-сынып
№1
- Апта күндерін ата.
- Тұсаукесер тойы қашан тойланады?
№2
- Как путешествуют растения?
- Что означает слово «бешбармак»?
3-сынып
- Төрт түлікті ата.
- Шілдехана қай кезде тойланады?