Өкпе көпіршіктері

Бөлімдер тізімі (36–40)

  • 36 Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар.
  • 37 Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі.
  • 38 Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі. Сілекейдің маңызы.
  • 39 Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөліндегі ферменттердің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әсерінен астың ұлтабарда қорытылуы.
  • 40 Ішек сөлінің асқа әсері. Қорытылу және сіңірілу үдерістері.

§43. Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар

Білімділік

Оқушыларға тағамның құрамы мен қызметін түсіндіру.

Дамытушылық

Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылық пен тазалыққа баулу, дүниетанымдық тәрбие беру.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдістер
Түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ-жауап, нұсқаушы және ойға түсіруші әдістер.
Көрнекілік
Асқорыту мүшелерінің слайдтары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сынып тазалығына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру (тест)

I нұсқа

  1. Тыныс алу орталығы:
    A) Өкпе Ә) Сопақша ми Б) Мишық В) Өкпе көпіршіктері
  2. Тыныс алу қозғалысына не әсер етеді?
    A) Сана Ә) Қандағы CO₂ мөлшері Б) Өсімді В) Орталық
  3. Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер:
    A) Көкет Ә) Арқа бұлшықеті Б) Қабырғааралық бұлшықет В) Құрсақ бұлшық еті
  4. Сөйлемді аяқта:

    Тыныс алу жүйесі эволюциялық дамуда қан айналым жүйесімен және __________________________ байланысты.

  5. Оттегінің өкпе көпіршіктерінен қылтамырға өту себебі

    __________________________ байланысты.

  6. Оттегін

    __________________________ сіңіреді.

  7. Дұрыс па?

    O2 мен CO2 газ күйінде болады. A) Иә / Б) Жоқ

  8. Тыныс алуда өсімдіктердің маңызы:

    O2 бөлінуде. A) Иә / Б) Жоқ

  9. Сәйкестендір (1–5):
    1) Өкпе — a) Тыныс алу жолының алғашқы қабаты
    2) Көмей — ә) Өкпедегі және қандағы газ алмасу орны
    3) Мұрын қуысы — б) Өкпенің сыртын қаптайды
    4) Сілемейлі қабықша — в) Тыныс алу жолының басталуы
    5) Плевра — г) Дыбыс сіңірлері орналасады
  10. Тыныс алу жолын ретімен орналастыр:

    1) Кеңсірік · 2) Кеңірдек · 3) Бронхылар · 4) Өкпе · 5) Мұрын қуысы · 6) Көмей · 7) Өкпе көпіршіктері

II нұсқа

  1. Тыныс алудың ағза үшін маңызы:
    a) Суыту ә) CO₂ шығару б) Энергия бөлу г) АТФ түзу
  2. Оксигемоглобин өкпеден жасушаларға қарай

    __________________________ жылжиды.

  3. Ауатамырдың маңызы:

    Ауаны еркін өткізеді. a) Иә / б) Жоқ

  4. Өкпе көпіршіктері безді эпителийден тұрады:

    a) Иә / б) Жоқ

  5. Оң өкпенің бөлігі:
    a) 2 ә) 3 б) 4 в) 1
  6. Тыныс алудағы салатамырдың маңызы

    __________________________ байланысты.

  7. Сәйкестендір (1–5):
    1) Ауатамыр — a) Асты кеңірдекке жібермейді
    2) Көмей қақпашығы — ә) Тыныс алудың ең ұзақ жолы
    3) Өкпе көпіршіктері — б) Өкпе көпіршіктеріне жалғасады
    4) Шеміршекті жарты сақиналар — в) Бронхиолаларды қабыстырмайды
    5) Бронхиолалар — г) Өкпедегі газ алмасу орны
  8. Тыныс алу кезеңдерін ретімен жаз:

    1) Газ алмасу · 2) Тыныс алу · 3) Ұлпадағы газ алмасу · 4) Қан мен газдың тасымалдануы

  9. Ересек адамның өкпесінің салмағы:
    a) 500 г ә) 1 000 г б) 90 г в) 200 г
  10. Сіріқауыз қай ұлпадан тұрады?
    a) Бұлшықет ә) Жүйке б) Жалпақ эпителий в) Дәнекер

III. Жаңа сабақ

Тағамның маңызы

Қоректену — барлық тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы ағза өседі, дамиды және тіршілік әрекетін қалыпты жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «Асты көрсең қадір тұт» деген нақыл сөздер тағамның құндылығын айқындайды.

Негізгі ой

Тағам ағзаға энергия көзі әрі құрылыс материалы ретінде қажет.

Қорытылу мен тасымалдану

Қабылданған тағам өзгерістерге ұшырап, сіңіріледі; қоректік заттар қан мен лимфа арқылы жасушалар мен ұлпаларға тарайды, ал қалдықтар сыртқа шығарылады.

Әлемдік мәселе: азық-түлік қауіпсіздігі

Қазіргі кезде адамзатты тамақпен қамтамасыз ету — өзекті мәселелердің бірі. XX ғасырдың соңында дүние жүзінде бір миллиардтан астам адамның ашаршылықты бастан өткергені белгілі. Сондықтан ашаршылықтың алдын алу және азық-түлік қауіпсіздігін күшейту — халықаралық ұйымдардың маңызды бағыттарының бірі.

Тағамның құрамы

Адам өсімдік текті және жануар текті тағамдарды пайдаланады. Күнделікті рацион құрамында күрделі ағзалық заттар — нәруыздар, майлар және көмірсулар болады. Бұл заттар жасуша жарғақшасы арқылы тікелей өте алмайды, сондықтан олар алдымен қарапайым қосылыстарға дейін ыдырауы қажет.

Қорытылу логикасы

  • Тағам алдымен ерітінді күйге өтеді.
  • Содан кейін қоректік заттар қанға сіңіріледі.
  • Қан оларды ұлпалар мен жасушаларға жеткізеді.

Тікелей сіңетін компоненттер

Тағам құрамындағы су, витаминдер және минералдық заттар (тұздар) ағзаға салыстырмалы түрде тікелей сіңеді.

Су Витаминдер Минералдық тұздар

Қорытынды

Тағамнан алынатын қоректік заттар ыдырағанда энергия бөлінеді. Бұл энергия мүшелердің және бүкіл ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге жұмсалады. Демек, дұрыс тамақтану — денсаулық пен белсенді өмірдің негізгі тіректерінің бірі.