Шығарма Менің ауылымның табиғаты Бізді қоршаған орта табиғат

Табиғатым

Табиғатым — тал бесігім, сені аялап мен өсемін. Сенің берген мейіріміңе мен әрқашан бас иемін.

Табиғатым тамаша — көз тоймайды қараса. Табиғатты қорғаймын, жаман бала болмаймын.

Далаң қандай жайнаған, гүлің қандай құлпырған. Құстарың бақта сайраған — бақыттымын мен балаң.

Шығарма: Менің ауылымның табиғаты

Бізді қоршаған орта — табиғат. Адам өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады.

Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты — Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де әсем, көрікті көрінеді.

Жазғы демалыс және жауапкершілік

Жазғы демалыста өзен жағалап, суға түсеміз. Анамыз бізге әрдайым суды ластамау керектігін айтып отырады.

Ауылымызда еңселі мектеп, мәдениет үйі және кітапхана сияқты ғимараттар бар. Жер қойнауынан мұнай мен газ өндіріледі.

Табиғи ерекшеліктер

  • Сазды топырақты жерімізде жусан мен селеу өседі.
  • Өзен мен дала — ауылымыздың көркін арттыратын басты байлық.