Оқушының ойлау қабілеттерін шыңдау

Қазақ тілі • 4-сынып

Зоопаркке саяхат

Бұл сабақ жоспары «Жануарлар бұрышы» модулі аясында оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, Алматы зоопаркіндегі үй жануарлары, аңдар, құстар және балықтар туралы білімін тереңдетуге бағытталған. Сабақ барысында топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс және сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары қолданылады.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

«Жануарлар бұрышы» модулі бойынша білім беру; Алматы зоопаркіндегі үй жануарлары, аңдар, құстар және балықтар туралы түсініктерін молайту.

2) Дамытушылық

Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын, қисынды ойлауын, есте сақтауын, сауатты сөйлеу және жазу қабілеттерін дамыту; білімге деген құштарлығын арттыру. Әртүрлі тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлау аясын кеңейтіп, жауапкершілікке, бірін-бірі тыңдауға және топ пікірін құрметтеуге үйрету.

3) Тәрбиелік

Жануарларды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәні бар әңгімелер арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру; сұрақтарға жауап беру және ойды жүйелі жеткізу дағдыларын орнықтыру.

Ресурстар

  • Оқулық
  • Жұмыс дәптері

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Үнтаспа
  • Флипчарт, стикерлер
  • A4 парақтары
  • Тақта, бор

Сабақтың түрі мен тәсілдері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ (дүниетану пәнімен пәнаралық байланыс).

Әдіс-тәсілдер

  • Ой ашар, психологиялық тренинг
  • Топтық жұмыс
  • Баяндау, сұрақ-жауап
  • Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім сыныппен жылы амандасып, ынталандыру жұмысын ұйымдастырады.
  • Оқушыларды түрлі түсті шарлар арқылы топқа бөледі.

2) Өткенді қайталау (сұрақтар)

  1. Қандай спортшыларды білесіңдер?
  2. Илья Илин кім?
  3. Ольга Шишигина кім?
  4. Бекзат Саттарханов кім?

3) Тақырыпты ашу

  • Оқушыларға аңдардың ойыншықтары таратылады.
  • «Не артық?» ойыны арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.
  • «Жануарлар» тақырыбына постер жасалады.

4) Негізгі бөлім

Мәтінмен және сөздікпен жұмыс

  • Жаңа сөздермен танысу, дауыстап оқу.
  • 151-беттегі мәтінді топтарға бөліп аудару.
  • 152-беттегі диалогты оқу.

Жазылым және тапсырмалар

  • 164-беттегі кестені толтыру.
  • 4-тапсырманы мәтін бойынша орындау.
  • Сергіту сәті.

5) Бекіту және кері байланыс

  • Әр топ өткен тақырып бойынша 3 сұрақ дайындайды, өзара жауап береді.
  • Сөздік диктант: сабақта өткен сөздер бойынша.

6) Үй тапсырмасы

Қазақстан барысы туралы мәлімет жинап келу.

7) Бағалау

  • Формативті және суммативті бағалау жүргізіледі.
  • Бағалау критерийлері арқылы бағаланады.
  • Постерлер (плакаттар) тақтаға ілінеді.

Н. Островский атындағы орта мектебі мұғалімі: Жұманбаева Ж. С.