Бүгін сіздер лагерьдегі ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ мен ҮЗДІК ТОП иелерін анықтайтын боласыздар
Байқау жоспары: «Үздік тәрбиеші – 2014»
Бұл жоспар «АЛАУ» жазғы сауықтыру алаңындағы жұмысты саралап, тәрбиешілер еңбегіне талдау жасауға арналған. Мақсат — үлгілі әрі өнерлі үздік топ пен үздік тәрбиешіні анықтау, сахна мәдениеті мен әдептіліктің деңгейін бақылау, сондай-ақ рапорт тапсыру дағдыларын тексеру.
Қатысушыларға үндеу
Құрметті «АЛАУ» жазғы сауықтыру алаңының демалушылары мен тәлім беруші ардақты тәрбиешілер! Көптен күткен лагерлік демалысымыз мәресіне жақындап келеді. Бүгін сіздер лагерьдегі «ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ» және «ҮЗДІК ТОП» иелерін анықтайтын байқаудың куәсі боласыздар.
Бұлақ көрсе, көзін аша білетін,
Бала десе, бірге ойнап күлетін.
Тәрбиеші апайлар бар әнекей,
Мейіріммен елжіретіп жүретін.
Талапкерлер мен топтар
Жетістіктері
- «АБВГ-дейка» интеллектуалды ойыны — 1-орын
- «Кім шапшаң?» эстафетасы — 1-орын
- Футбол — 1-орын
- «Сымбаттылық – сұлулық» сән үлгісі — 1-орын
- «Балалық жан жүректен» эстафетасы — 1-орын
- «Болашақ Ақтау» құмнан қалашық жасау — 4-орын
- «Үздік информатик» — 2-орын
Жетістіктері
- Интеллектуалды ойын — 1-орын
- «Кім шапшаң?» эстафетасы — 2-орын
- «Сымбаттылық – сұлулық» сән үлгісі — бас жүлде
- «Болашақ Ақтау» құмнан қалашық жасау — 1-орын
- «Әнші болам мен ертең» — «Жезтаңдай әнші», «Мың бұралған биші» номинациялары
- «Үздік информатик» — бас жүлде
Жетістіктері
- «Кім шапшаң?» эстафетасы — бас жүлде
- «Лето у дракоши» — 2-орын
- «Кім тапқыр?» — 1-орын
- «Сымбаттылық – сұлулық» сән үлгісі — 3-орын
- «Болашақ Ақтау» құмнан қалашық жасау — 3-орын
- «Әнші болам мен ертең» — Жұмақан Аида «Жезтаңдай әнші», 1-орын; «Мың бұралған биші» номинациясы
- «Үздік информатик» — 3-орын
- «Дені саудың жаны сау» — бас жүлде
Жетістіктері
- «Кім шапшаң?» эстафетасы — бас жүлде
- «Сымбаттылық – сұлулық» сән үлгісі — 2-орын
- «Болашақ Ақтау» құмнан қалашық жасау — 1-орын
- «Әнші болам мен ертең» — «Жезтаңдай әнші», «Мың бұралған биші» номинациялары
- «Үздік информатик» — 3-орын
Әділ қазылар алқасы
Талапкерлер мен топтардың өнеріне баға беретін қазылар алқасы төмендегідей:
Заря апай
Талапшыл, әділ бағасымен ерекшеленетін, мектептің тірегі.
Роза апай
Қазақша да, ағылшынша да еркін сөйлейтін, өнер мен әуенге жақын жан.
Тілектес апай
Жарқын жүзді, әділетті сөз иесі, көркем ой мен дәл бағаның жақтаушысы.
Әділ қазылар «Үздік тәрбиеші» және «Үздік топ» иелерін жан-жақты анықтайды. Қатысушылардың реттік нөмірі жеребе арқылы белгіленеді (жеребе қазылар үстелінде ойнатылады).
Сынақ кезеңдері
Талапкерлер төмендегі кезеңдерден өтеді (барлығы жеребе бойынша реттік нөмірімен кезекпен шығады):
-
1) Таныстыру
Тәлімгерлер өздерін әртүрлі тәсілдермен таныстырады, ал әр топ рапорт тапсырады.
-
2) «Өткірдің жүзі, кестенің бізі…»
Тәлімгерлердің өнерін тамашалау. Қажет болса, топтан бір топ бала көмектесе алады.
-
3) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Бала тәрбиесіне қатысты викториналық және ситуациялық сұрақтар. «Мерген тәрбиеші» садақпен шарды атып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
-
4) «Таңғажайып киім үлгілері»
Киімді өз қиялымен әшекейлеуі, жарасымы, сахнада өзін ұстай білуі және мәдениеті ескеріледі.
-
5) «Қызықты өткен күндер» (ай бөлімі)
Лагерьге қатысты естеліктер әнмен, жырмен, бимен, қолдан жасалған бұйымдармен, суреттермен және өзге де тәсілдермен ұсынылады.
Көркем нөмірлер (бағдарлама үзінділері)
Ән: «Анашым»
Айгөлек тобының әншілері Шакирова Диана мен Жиделі Ақмаржан орындауында.
Би: «Айгөлек»
«Жас Қыран» тобынан Жаңбырбай Ақмарал.
Мәнерлеп оқу
«Балдырған» тобынан сөз шебері Сембаева Құралай — «Қазақстан 20-да».
Өзбек биі
Айгөлек тобының бишісі Берікбаева Раулана.
Ситуациялық сұрақтар (3-кезеңге үлгі)
Бұл бөлімде тәрбиешінің тапқырлығы, сабырлылығы, педагогикалық мәдениеті және шынайы жағдайға шешім табу қабілеті бағаланады.
Сұрақ 1
- Бала «Сымбаттылық» сайысына фантазиялық сән үлгісін ұсынғысы келеді. Жапырақ та емес, пакет те емес, мата да емес — ерекше бір заттан киім жасағысы келді. Ол қандай зат болуы мүмкін?
- Топтағы балалардың атын жылдам атап бере аласыз ба?
Сұрақ 2
- Ата-ана баласының телефоны «ұрланды» деп ашумен келді. Қайта-қайта қоңырау шалдырғанда, телефон дауысы сіздің сөмкеңізден шықты. Мұндай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?
- Ұл мен қыз тәрбиесіне қатысты бірнеше мақал-мәтел не нақыл сөз айтыңыз.
Сұрақ 3
- Директор, Заря апай және әріптестеріңіз сіздің сабаққа кіріп келді. Сол сәтте балалармен бірге ән айтып отырдыңыз. Қазір сол әнді топпен бірге орындап бере аласыз ба?
- Қазір қандай көңіл күйдесіз? Өзіңізді қысқаша сипаттап беріңіз.
Сұрақ 4
- Аудан/облыстан өкілдер кенеттен келіп, топқа кірсе — ішінде 12 бала. Ал тақтада «Топта 25 бала» деп жазылған. Жағдайды қалай сауатты түсіндіріп, жол табасыз?
- Әнұран сөзін жатқа айтыңыз.
Қорытынды
Сайыс бөлімдері аяқталған соң, әділ қазылар қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды. Қазылар шешімі жарияланғанша, өнерлі ұландарға сахна ашылып, қосымша шығармашылық нөмірлер ұсынылады.
Тәрбиешілер — жылуы мол, жүрегі кең, балаларға нұр сыйлайтын жандар. Еңбектеріңізге алғыс! Рақмет!