Атилла операсын жазған кім
Ежелгі Қазақстан тарихы • 6-сынып (факультатив)
Сабақ тақырыбы: Халықтардың Ұлы қоныс аударуы
Бұл сабақта ғұндардың батысқа жорықтарының тарихи маңызы, халықтардың Ұлы қоныс аударуымен байланысы, ғұндардың тарихтағы орны және Аттиланың өмірі мен тұлғасы бойынша оқушылардың білімін жүйелеу көзделеді.
Сабақтың мақсаты
- Халықтардың Ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, ғұндардың тарихтағы орны және Аттиланың өмірі бойынша алынған білімді саралау.
- Алдыңғы сабақ материалын сұрақ-жауап арқылы талдап, білімді толықтыру, біліктілікті арттыру және тарихи танымды кеңейту.
- Топтық жұмыс арқылы достыққа, ауызбіршілікке, татулыққа және ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Түрі
- Топтық сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, пікір алмасу, ойын
Көрнекіліктер
- Қазақстан картасы
- Аттиланың суреті
- Сызба материалдары
- Хат салынған түрлі түсті конверттер
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу және оқу құралдарын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Топқа бөлу: «Мөде», «Лаушан», «Аттила».
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы интерактивті ойындар арқылы қайталанады және бекітіледі:
- «Миға шабуыл»
- «Пошта»
- «Тұлғаны таны»
- «Ғұндар еліне саяхат»
III. Сабақтың барысы
1-ойын: «Миға шабуыл»
Сөйлем құрастыруТақтаға сөздер ілінеді. Оқушылар берілген сөздерден мағыналы сөйлем құрастырады.
Берілген сөздер:
ҒҰНДАРДЫҢ БАТЫСҚА ЖОРЫҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУЫНА СЕБЕП БОЛДЫ
Дұрыс жауап:
Ғұндардың батысқа жорығы халықтардың Ұлы қоныс аударуына себеп болды.
2-ойын: «Пошта»
Топтық сұрақтарӘр топқа түрлі түсті қағаздан жасалған конвертке салынған хаттар таратылады. Әр топқа екі сұрақтан беріледі.
«Мөде» тобы
Қызыл конверт-
Сұрақ: Ғұндардың жеңу себептері қандай?
Жауап: Әскери-техникалық басымдылығында.
-
Сұрақ: Ғұндардың көшпелі өмірі туралы кім жазған?
Жауап: Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин.
«Лаушан» тобы
Жасыл конверт-
Сұрақ: «Атилла» операсын кім жазған?
Жауап: Итальян композиторы Джузеппе Верди.
-
Сұрақ: Ғұн мемлекетінің негізін салушы кім?
Жауап: Мөде шаньюй.
«Аттила» тобы
Көк конверт-
Сұрақ: Мөде шаньюйден кейінгі билеуші кім?
Жауап: Лаушан тәңірқұты.
-
Сұрақ: Б.з.б. I ғасырдың орта шенінде ғұндар неше топқа бөлінді?
Жауап: Екі топқа: оңтүстік және солтүстік.
3-ойын: «Тұлғаны таны»
Тақтаға Аттиланың суреті ілінеді. Оқушыларға тұлғаға қатысты сұрақтар қойылып, жауаптары талқыланады.
1) Ғұндардың ұлы әскербасы кім?
Аттила.
2) Аттила қай жылдары өмір сүрген?
400–453 жылдар.
3) Қазақстанда оның есімімен аталатын өзен?
Еділ (Волга).
4) «Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады…» — деп айтқан кім?
Аттиланың замандасы.
5) Еділ билігі тұсында ғұндарда қандай құрылым нығайды?
Әскери-демократиялық құрылым.
6) Прииск Аттиланың сырт келбетін қалай сипаттайды?
«Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден аңғарады…»
IV. Сабақты бекіту
4-ойын: «Ғұндар еліне саяхат»
Картамен жұмысҮш топқа бояуға арналған Қазақстан картасы таратылады. Әр топ картаға қазақ жеріндегі ғұндардың мекендеген аймақтарын және батысқа қоныс аудару бағыттарын сызып көрсетеді.
Қорытындылау
Оқушылар жасаған карталар негізінде халықтардың Ұлы қоныс аударуы туралы жалпы қорытынды жасалып, сабақ түйінделеді.
Үй тапсырмасы
Ғұндардың шаруашылығы.