Аянның ағайыны кім
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Балуан
Сабақтың типі мен түрі
- Типі: Жаңа сабақты түсіндіру
- Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Мәтін мазмұнымен таныстыру.
- Жүйелі сөйлеуге үйрету.
- Қажымұқан Мұңайтпасов туралы мәлімет беру.
- Оқушыларды өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық
- Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл белсенділігін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Шыдамдылыққа, жанашырлыққа баулу.
- Достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
- Ел намысын қорғайтын азамат болуға бағыттау.
Әдістері
Көрнекілігі
- Қ. Мұңайтпасовтың суреті
- Буклет
- Кітаптар
Өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа даярлау.
- Топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
I топ
Қоржыннан тапсырма алып, жауап береді.
- Мазмұнын айту.
II топ
Қоржыннан тапсырма алып, жауап береді.
- Аянның балалар үйіне баруға жиналу сәтін суреттеп беру.
- Қараңғы атқораның ішін сипаттайтын тұсты тауып, оқып беру.
- Осы әңгімені өз нұсқаңмен қалай аяқтар едің?
III топ
Қоржыннан тапсырма алып, жауап береді.
III. Үй тапсырмасын қорыту (сөзжұмбақ)
- Аянның ағайыны кім?
- Аянның жағдайы қандай болды?
- Аянды кімдер қимады?
- Жазға салым ненің иісі аңқиды?
- Соғыстан қайтқандардан қандай қағаз келеді?
- Әңгіме кім туралы?
IV. Жаңа сабақ
1) Тақырып
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Балуан».
2) Автор туралы мәлімет
Мәтіннің авторы — Әуелбек Қоңыратбаев. Ол 1905 жылы Қызылорда облысы, Керделі ауылында дүниеге келген.
Әуелбек Қоңыратбайұлы — ғалым, түркітанушы. Ол Ташкент халық ағарту институтын (1925), Бүкілодақтық журналистика институтын (1935) және ҚазПИ-ді (1943) бітірген. 1945–1949 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
Еңбектері қатарында «Шолпанның ақындығы» (1956), қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры туралы зерттеуі (1959), «Сұр көжек» (1963) кітаптары бар. 1986 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болған.
3) Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді оқу.
- Мазмұнын түсіндіру.
4) Топтастыру
Қажымұқанға тән қасиеттер мен сипаттамалар:
5) Тізбектей оқыту
Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды.
6) Сұрақ–жауап
1. Мәтін кім туралы?
Қажымұқан туралы.
2. Балуан қай елдегі сайысын еске алады?
Харбин қаласындағы сайысын.
3. Поддубный кім?
Ресейлік балуан.
4. Ол Қажымұқанға не деді?
«Қасыңдағы серіктестерің — сенімді жігіттер. Бірақ олар әлі ысылмаған, жас балуандар. Сондықтан үлкен балуан келгенде өзің шық», — деді.
5. Қажымұқанның белдескен палуаны кім болды?
Жапон балуаны — Сар Кенен.
6. Сайыс қалай аяқталды?
Сайыс Қажымұқанның жеңісімен аяқталды.
7. Жию-Житсу деген не?
Күрес түрі.
7) Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысы
- Бейхабар
- — хабарсыз.
- Жию-житсу
- — күрес түрі.
Жазба тапсырмасы
Мәтін бойынша негізгі ойды 3–5 сөйлеммен тұжырымдап жазу және Қажымұқанның бойындағы қасиеттерді дәлел келтіріп сипаттау.