Бұлттың түрлері

Сабақ тақырыбы

Жауын-шашын. Суды қорғау.

Сабақтың мақсаты

Жауын-шашынның пайда болуын түсіндіру және оның түрлерімен таныстыру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Тест тапсырмалары

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Суреттер
  • Тәжірибе құралдары

Міндеттері

Білімдік

Жауын-шашын және оның түрлері туралы түсінік қалыптастыру; жауын-шашынның пайда болуын түсіндіру.

Дамытушылық

Қосымша тапсырмалар мен сөзжұмбақ арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды молайту.

Тәрбиелік

Дүниетанымды кеңейту, табиғатқа қызығушылықты арттыру және суды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Келген қонақтармен амандасу. Бүгін сыныбымызға қонақтар келді. Қазақ халқы ежелден қонақжайлылығымен танылған. Қонақтарымызды жылы қарсы алып, жақсы көңіл күй сыйлайық.

II. Жаңа сабақ

Ойға шабуыл

Өткен сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су. Бұлт және тұман».

«Сиқырлы сандық» сұрақтары

  1. 1) Табиғатта су қай жерлерде және қандай күйде кездеседі?

    Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып жатыр; адамның денесінің жартысынан көбі — су. Су өзен-көлдерде, мұхиттарда және жауын-шашын түрінде кездеседі.

  2. 2) Жел дегеніміз не?

    Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы.

  3. 3) Күн сәулесі нені қыздырады?

    Ауа түссіз әрі мөлдір болғандықтан күн сәулесі негізінен жер бетін қыздырады.

  4. 4) Бұлт қалай құралады?

    Жер бетінен көтерілген ауа салқындайды. Оның құрамындағы су буы ұсақ су тамшыларына немесе мұз түйіршіктеріне айналып, шоғырланып бұлт түзеді.

  5. 5) Бұлттың түрлері қандай?

    Шарбы бұлт, будақ бұлт, қабат бұлт.

  6. 6) Табиғатта су өте көп мөлшерде қайда кездеседі?

    Өзендерде, көлдерде, мұхиттарда.

Тәжірибе

Қайнаған суды шыны ыдысқа құйып, үстін салқын тәрелкемен жабамыз. Біраз уақыттан кейін су буы тәрелке бетіне конденсацияланып, су тамшылары түзіледі.

Жер бетінен көтерілген бу салқындап, тамшыларға айналады. Тамшылар бірігіп ауырлаған кезде жерге жаңбыр болып жауады.

Құрлық беті қатты қызғанда көтерілген су буы ауаның салқын қабаттарында біртіндеп су тамшыларына, ал одан да салқын қабаттарда қар мен мұз қиыршықтарына айналады. Соның нәтижесінде бұршақ түсуі мүмкін.

Қыста биікте су тамшылары қатып, алдымен ине тәрізді мұз түйіршіктері пайда болады. Олар бір-біріне жабысып, қар ұлпасына айналады. Қар кристалдары әртүрлі және қайталанбайды.

Қорытынды

Жаңбыр, қар, бұршақ — жауын-шашынның негізгі түрлері.

III. Сергіту сәті

Жұмбақтарды шешу:

Етек-жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Түйдектеліп көшеді,
Тоз-тоз болып өшеді.
Жауабы: Бұлт
Жарқ-жұрқ етіп қанжары
Көк теңізді осады.
Жалт-жұлт етіп жон жалы
Арыстан даусын қосады.
Жауабы: Найзағай
Дауыл ақ дән ұшырып,
Шашып өтті аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан.
Жауабы: Бұршақ
Көктен жетеді,
Шөпке сүңгіп кетеді.
Жауабы: Жаңбыр
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
Жауабы: Ауа
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы: Қар

Судың айналымы және жер бедеріндегі ағыстар

Құрлық бетіне түскен жаңбырдың бір бөлігі жерге сіңіп, жер асты суларын құрайды. Жиналған су еңіс жаққа қарай жылжып, өзен жағасында немесе сай табанында бұлақ түрінде жер бетіне шығады.

Бұлақ төмен қарай бір ізбен ағады — оны жылға дейді. Жылғалар бірігіп өзенге айналады.

Өзен бөліктері

  • Бастау — өзеннің ағып шығатын жері
  • Арна — өзен ағып өтетін ойыс
  • Сала — жолай қосылатын ұсақ өзендер
  • Саға — көлге немесе теңізге құятын жері

Көл туралы

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар көл деп аталады.

Суды қорғау

Сабақ барысында судың ластануы туралы әңгіме қозғалады. Оқушылар судың не себепті ластанатынын және оның табиғатқа, адам денсаулығына әсерін талқылайды.

Топтық жұмыс

  • Әр топ «Судың ластануы» тақырыбында сурет салады.
  • Жұмыстарын таныстырып, ортақ талқылауға қатысады.
  • Ойталқы сұрағы: «Өскенде суды қорғау үшін қандай шаралар атқарар едің?»

IV. Бекіту

Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

1) Судың 3 күйі:

  • а) мөлдір, сұйық, түссіз
  • ә) сұйық, қатты, газ тәрізді
  • б) ерігіш, қатты, жылы
  • в) газдалған, мөлдір, сұйық

2) Жаңбыр, қар, бұршақ — бұл:

  • а) жер асты сулары
  • ә) бұлт түрлері
  • б) тұман түрлері
  • в) жауын-шашын түрлері

3) Өзеннің көлге, теңізге барып құятын жері:

  • а) сағасы
  • ә) бұлақ
  • б) бастау
  • в) арна

4) Ұзаққа созылған ақ жауын жауатын бұлт түрі:

  • а) будақ бұлт
  • ә) қабат бұлт
  • б) шарбы бұлт
  • в) тұман

5) Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?

  • а) 3/4 бөлігін
  • ә) 1/2 бөлігін
  • б) 1/3 бөлігін
  • в) 4/4 бөлігін

6) Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы:

  • а) ауа райы
  • ә) су
  • б) жел
  • в) ауа

7) Ауаның қасиеті:

  • а) ауыр
  • ә) мөлдір және түссіз
  • б) сұйық
  • в) қатты

Сөз ойыны

4 сурет және 1 сөз ойыны арқылы оқушылар құрастырған сөздеріне қысқаша сипаттама береді.

А Б З Қ Ш Н Р Р С Т У Х Ж Ш И Б Қ Р Ң Ы Ч А Т Ө П Н Ш И Б Ұ Қ А Л Р Б Ю Б М Р С Ұ Х К И Ж Л А Т А Қ М Т Р З И У Ұ Ш К К А Қ М Т Р З И У Ұ Ш Н К

V. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.