Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек

Тақырыбы

Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек.

Мақсаты

Оқушылардың қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту және математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық
  • Тестілеу пульті
  • Сымсыз планшет
  • Үлестірме қағаздар

Барысы

Ұйымдастыру

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар!

Оқушылардың қабілетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған сабақтан тыс әртүрлі математикалық сайыстар олардың жадында ұзақ сақталады.

Осындай сайыстардың бірі — бүгінгі «Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек» атты сайыс. Ендеше, сайысымызды бастайық!

1-кезең. Өз белгіңді тап

Екі топ қатысады

Сайысқа екі топ қатысады. Олардың атауын анықтау үшін 1-кезеңнің шартымен танысайық: әр топқа алты сұрақ беріледі, жауаптардан сәйкес әріптерді алып, топтың атауын құрастыру қажет.

Егер шарт түсінікті болса, тақтадағы сұрақтарға назар аударайық.

Бірінші топтың сұрақтары

  1. 1. Дәлелдеуді қажет ететін ұғым (екінші әріпті ал)

    теорема
  2. 2. Бағытталған кесінді (бірінші әріпті ал)

    вектор
  3. 3. Тригонометриялық функциялардың қайсысы жұп? (бірінші әріпті ал)

    косинус
  4. 4. Төртбұрыштың қайсысына сырттай да, іштей де шеңбер салуға болмайды? (бесінші әріпті ал)

    параллелограмм