Қызығушылықты ояту стратегиясы
Сабақтың тақырыбы
Күзгі көрініс
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білім деңгейін көтеру.
2) Дамытушылық
Тіл байлығын арттыру, өз ойын жүйелі жеткізу және қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын жетілдіру.
3) Тәрбиелік
Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу және мемлекеттік тілге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгеру.
Әдіс-тәсілдер
- Интерактивті тақта
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Ойландыру
- INSERT стратегиясы
- Венн диаграммасы
Көрнекіліктер
- Күз бейнеленген суреттер
- Оқушылардың өздері салған суреттер
- Интерактивті тақтадағы күз көріністері
- Тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Кезекшімен сұхбат:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
II. Назар аудару және өткенді қайталау
Ой қозғау стратегиясы (сұрақтар)
Оқушылардың күз туралы білімін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа кіріспе жасауға арналған.
- Күзді неге «Алтын күз» деп атаймыз?
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Күзде не піседі?
- Қыркүйек — күздің нешінші айы?
- Қыркүйекте кімдер мектепке барады?
- Күзде ағаш жапырақтары қандай түске өзгереді?
- Қай айды ерте күз деп атайды?
- Күз туралы қандай өлең білесіңдер?
- «Алтын күз» деп қай айды атайды?
- Күзде қандай жел соғады?
- Құстар қайда ұшады?
- Күзде не жиі жауады?
- Қазан — күздің нешінші айы?
- Күзде не қысқарады, не ұзарады?
- Неге күз айларын молшылық мезгілі деп атаймыз?
- Күзде бақтарда не піседі?
- Күз туралы тағы қандай өлең білесің?
- Күздің қай айын қоңыр күз деп атайды?
- Күзде аспанды не қаптайды?
Бүгінгі тақырып
Ауа райы
Сабақтың мақсаты — ой-өрістеріңді және білім деңгейлеріңді көтеру, тіл байлықтарыңды арттыру, өз ойларыңды анық жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын жетілдіру, мемлекеттік тілге қызығушылықтарыңды күшейту.
III. Жаңа сабақты меңгеру
Қызығушылықты ояту: ассоциациялық қатар
Оқушылар алдымен дәптерлеріне ассоциациялық қатар жазады. Кейін интерактивті тақтадағы тірек-сызбадағы сөздермен сәйкестігін салыстырады.
IV. Аудирование
Мәтін оқылады, сол сәтте интерактивті тақтада мазмұнға сәйкес слайд көрсетіледі. Екінші рет оқушылар слайдты қайта қарап, әр көріністі мәтінмен сәйкестендіреді. Оқушылар көрініске сүйене отырып, мәтінді мәнерлеп оқиды.
Мәтін
Қазір күз мезгілі. Күзде ауа райы құбылмалы болады.
Дымқыл тұман жерді басады. Аспанды сұр бұлт қаптайды.
Солтүстіктен суық жел соғады. Күздің жаңбыры толассыз жауады.
Биік тауларға қар ерте түседі. Кейде жаңбыр қар араласып жауады.
Күндіз жылы болғанымен, түнде өте салқын болады.
V. INSERT стратегиясы
Оқушыларға слайдтағы мәтін таратылып беріледі. Мәтінді оқи отырып, олар кесте толтырады: таныс сөздерді, мағынасы түсініксіз сөздерді және жаңа сөздерді бөліп жазады.
Таныс сөздер
Оқушы бұрыннан білетін сөздер мен тіркестер.
Түсініксіз сөздер
Мағынасы нақты емес, түсіндірмені қажет ететін сөздер.
Жаңа сөздер
Бүгінгі сабақта алғаш рет кездесетін сөздер.