Бағдаршамның суретін салу
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырыбы
Жол
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Суреттер
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жолдың атқаратын қызметін, жол түрлерін және оның халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру. Жолдағы қауіптің алдын алу, қауіпсіздік ережелерін ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Көшеде жүру тәртібін сақтауға, жауапкершілікке және қауіпсіз мінез-құлыққа тәрбиелеу.
Өту барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сабаққа дайындық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Көлік түрлерін қайталау және көлікке міну-түсу ережелерін сұрау.
Көлік түрлері
- Түйе арба
- Ат
- Түйе
- Комбайн
- Ат арба
- Трактор
- Автобус
- Машина
- Трамвай
- Троллейбус
Мұғалім: Балалар, осы көліктер немен жүреді?
Оқушы: Жолмен жүреді.
III. Жаңа материалды меңгерту
Бүгінгі тақырып — «Жол». Адам мен адамның, ел мен елдің байланысы үшін жолдың қызметі аса маңызды. Жолдар ауыл мен қаланы, ауыл мен ауылды, қала мен қаланы байланыстырады.
Жол түрлері
- Қара жол
- Асфальт жол
- Көтерме жол
- Соқпақ жол
- Жалғыз аяқ жол
Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды.
- Сурет бойынша әңгіме құрастырылады.
IV. Дәптермен жұмыс және сергіту
Дәптер тапсырмалары
- Бағдаршамның суретін салу.
- Жол түрлерін жазу: қара жол, асфальт жол, көтерме жол, соқпақ жол, жалғыз аяқ жол және т.б.
Сергіту сәті
«Бағдаршам» ойынын ойнау.
V. Жаңа материалды бекіту
Мұғалім: Жол дегеніміз не?
Оқушы: Көліктер мен жүргіншілер жүретін орын.
Мұғалім: Жолдың қандай түрлері бар?
Мұғалім: Өмірімізді сақтау үшін нені білуіміз керек?
Оқушы: Жол ережесін білуіміз керек.
VI. Қорытынды
Жолмен жүріп барамыз,
Өседі біздің санамыз.
Жол тәртібін жаттаймыз,
Өмірімізді сақтаймыз.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы және тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы
«Жол» тақырыбын оқу, жол түрлерін қайталау және жолда жүру ережелерін жаттау.