Береген күз

Алтын күз

Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да, міне, күз келіп қалды. Жомарт күз! Береген күз!

«Алтын күз» деп жылдың осы тамаша мезгіліне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма? Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды музыкант бар ма?

Жоқ, шынайы талант иелерінің арасында ондай көрбала, соқырлардың болуы мүмкін емес.

Күздің келгенін қайдан танимыз?

  • Далада — телегей-теңіз астық дариясының сарыала тартқан дидарынан.
  • Қалада — күзге салым жаппай сарғая бастайтын дүниелерден.

Жолда туған ойлар

Кешкі мезгіл. Түнерген аспан оқтын-оқтын жауып кетеді. Жаз шықса да күн жөнді жылынбаған. Вокзал басында сапырылысқан жұрттың ішінде жақ жүні үрпигендер көп.

Қоңырау қағылды. Паровоз үні естілді. Вагонға кірдік. Самолетпен ұшуға дағдыланып, поезбен жүрмегелі біраз уақыт өтіпті. Кәрі тарланның таныс дүрсілін сағынсақ керек — құлаққа жағымды тиеді. Теңселе отырып, терезеге үңілеміз…

Екі Алматының арасы лық толы. Айсыз, бұлтсыз түндері аспанды безеген сансыз жұлдыздардай, талай заманнан бергі қараңғы қаланы қараңғы түнде жыпырлаған электр шамдары жайнатып тұр. Көз қазіргіге түскенде, көңіл сонау алыстағыны елестетті…

Дерек: Ғ. Мұстафин

Данияр

Ертеде Данияр деген бір бала болыпты. Қалалы жерде дүниеге келген оның денсаулығы әлсіз екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсіп қала беріпті.

Бір қызығы — дімкәстігі оны онша қынжылта қоймапты. «Бала болғаннан кейін осылай ауыру керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әртүрлі емге, дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті.

Данияр көзін аша салып көргені — қабат-қабат биік үйлер, асфальт төселген кең көшелер, жарқыраған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың көлік. Солардың арасынан жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер де кездесіп қалады.

Ішкі түйін

Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне ұқсатты.

Әпкем

Күн райы да менің көңілім сияқты. Аспанды қалың бұлт торлаған. Анда-санда тырс-тырс тамшылар тамып қояды. Күз айы ғой бұл.

Әпкемді ойлап, сағынып келемін. Жаңа клубтың алдынан өтіп бара жатқанда, көз алдым бұлдырап кеткен. Сөмкем ап-ауыр. Әпкем осыны алдын ала ойласа керек — арқама асып қоятын сөмке әперіпті. Сонда да зілдей.

Анау тұрған қызыл шатырлы кішкене үй — әпкемнің үйі. Мен сонда беттедім. Асығу керек. Мені атам мен әжем күтіп отыр.

Әнеки, үйдің алдына атам шықты. Маған қолын бұлғады. Бұрын бұлай істемейтін еді — не болды екен? Әлде әпкем келді ме? Келсе, неге менің алдымнан шықпайды? Осындай сауалдар мазалаған мен асыға басып келемін.

Әлем жеңімпазы — Дәулет Тұрлыханов

Классикалық күрестің шебері Дәулет Тұрлыхановтың есімі дүние жүзіне жақсы таныс.

Ол — әлем және құрлық жеңімпазы, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері және қатарынан бес рет бұрынғы ҚСРО біріншілігінің жеңімпазы.

1991 жылғы мамырдың 13–14-інде астанадағы Спорт сарайында Дәулеттей атақты палуанның құрметіне Қазақ теледидарының спорт редакциясындағы журналистер салтанатты кеш өткізді.

Бұл жиынға ел намысын қорғап жүрген әлем және Еуропа жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары — А. Игнатенко, Г. Атмакин, К. Маджетов келіп, командалас әріптестерінің қуанышын бірге бөлісті.

Мерекеге туған ауылынан ата-анасы, аға-інілері, қарындастары келді. Бір үйдегі он баланың сегізі — ұл. Бәрі де әкелері Болат Тұрлыхановтың (бұрынғы ҚСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы) жетекшілігімен классикалық күреспен айналысады.

Дерек: «Алматы ақшамы» газеті

Мейірім

Мұз сүп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп алып, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстай қалса, өзінің суық денесімен қарып алатын.

Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткеннен мейірім күтіп, ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су болып ағып кетуге де дайын еді.

Көктемгі сәт

Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімсіреді.

Күн: «Неткен сұлу едің!»

Мұз: «Сен де…»

Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты…

Көксерек

Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді, атты көтере алмайды. Сондықтан талай рет ат жаратып, шоқпар қамдап, «қуамыз» деген жігіттер болса да, ештеңе істей алмады.

Бір рет қана белгілі бәйге жирен атымен Арыстанбек шығып, соңдарынан түсіп еді. Оны адырдан-адырға салып, адастырып кетті. Маңайлатпайтын жерден алыстан мылтық атып, қорқытпақ болғандар да бар еді — одан да жасқанбады.

У салғандардың уын да жемеді. Ол уларды иттер жеп, қырылып қалған кездер де болды.

Мұның бәрі әккі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Соңғы бірер айда бір ауылдың адамы бір ауылға қатынаса да, жиын болып көпшілік бас қосса да, әңгіменің көбі сол әккі қасқыр жайына ауысатын.

Дерек: М. Әуезов

Жауынгер аға

Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.

Ол — мыңбасы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы болып шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды.

Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен, қаймықпай бұзып өтті. Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан Момышұлының батальоны өзгеше аталды, ерекше көзге түсті. Оны генерал И. В. Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты.

Ерлік өлшемі

Ер еліне еткен еңбегін «ерекшелігім» демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді.

Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті.