Етістіктің сұрақтарын атау

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта оқушылардың сөз таптары және олардың түрлері туралы білімдерін қайталап, жүйелеу көзделеді.

  • Сөз таптары және олардың түрлері туралы білімді, ұғымды қайталау.
  • Сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілетін байқау.
  • Ана тілін сүюге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөз мәнін түсініп, үлгі-өнеге алуға бағыттау.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа назар аударту, сыныптың дайындығын тексеру.

2) Өткенді пысықтау

  • Өткен тақырыпты қайталау, бекіту.
  • Психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық (кіріспе сөз)

Бүгін — кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі болған қазақ тілінің сабағы. Біздің мақсатымыз — сөз таптары туралы меңгерген білімімізді тиянақтап, жаттығулар арқылы қолдану және қазақ тіліне қызығушылықты арттыру.

Үй тапсырмасы

«Қысқарған сөздер» — 67-жаттығу

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Атауларды қысқартып жазу.

Ұзындық өлшемдері

Миллиметр, сантиметр, дециметр, метр, километр.

Салмақ өлшемдері

Грамм, килограмм, центнер, тонна.

Қайталау

  • Ережені сұрау.
  • «Миға шабуыл».
  • «Кім шапшаң?» ойыны арқылы көбейту кестесін орындау.

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын жазу

Тақырып: Сөз таптары.

Көркем жазу

«Гг» әрпін жазу, сөздер құрау: гүл, көген және т.б.

Топтық жұмыс: негізгі сөз таптарын қайталау

Сөздер атқаратын қызметіне, мағынасына және сұрағына қарай топтарға бөлінеді. Бүгінгі сабақта негізгі сөз таптарын топпен қайталаймыз.

I-топ: Зат есім

  1. Зат есім дегеніміз не?
  2. Зат есімнің сұрақтары қандай?
  3. Зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер?

Тұлғасына қарай

Негізгі зат есім, туынды зат есім.

Құрамына қарай

Дара зат есім, күрделі зат есім.

Атауына қарай

Жалқы есім, жалпы есім.

Мысалдар

ант, бата, білім, достық, тарақ, кемпірқосақ, Асан, өзен.

II-топ: Сын есім

  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Сын есімнің сұрақтарын ата.
  3. Сын есімнің қандай түрлерін білесіңдер?

Тұлғасына қарай

Негізгі сын есім, туынды сын есім.

Құрамына қарай

Дара сын есім, күрделі сын есім.

Мысалдар

терең, сөзшең, жасыл, тап-таза.

III-топ: Сан есім

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімнің сұрақтары қандай?
  3. Сан есімнің түрлерін ата.

Құрамына қарай

Дара, күрделі.

Мағыналық түрлері

Есептік, реттік.

IV-топ: Етістік

  1. Етістік дегеніміз не?
  2. Етістіктің сұрақтарын ата.
  3. Етістіктің түрлерін айт.

Тұлғасына қарай

Негізгі етістік, туынды етістік.

Құрамына қарай

Дара етістік, күрделі етістік.

Мысалдар

кел, ақылдас, барды, бара жатыр.

Оқулықпен жұмыс: жаттығулар

1-жаттығу

Сөздерді оқып, тұсындағы сұраққа жауап бер. Әр сөз табына қойылатын сұрақтардың әртүрлі екенін дәлелде.

Әңгімелеу сұрақтары

Сұрақ: Оқушылар, жақында қандай мереке келеді?

Жауап: 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.

1991 жылы мемлекетіміз өз егемендігін алып, тәуелсіз ел болып жарияланды. Тәуелсіздік үшін күрескен аға-апаларымызды еске түсірейік.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейінді сергіту.

2-жаттығу (өз бетімен жұмыс)

Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.

Үш ішік тыстадым,
Үш үскі ұштадым.

Түсіндірме: үскі — былғарыны, ағашты тесетін үшкір біз.

3-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Мәтінді толық оқып, сөздерді сөз таптарына ажырат. Қажетті жерге «+» белгісін қой.

Сөздер Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
келді +
әке +
бес +
сұлу +
отыр +
көл +
биік +
алтыншы +

4-жаттығу

Берілген зат есімдерді сын есім, сан есім, етістікпен тіркестіріп жаз.

I-топ

  • асау тай
  • үш тай
  • тай келді

II-топ

  • озат оқушы
  • бес оқушы
  • оқушы оқыды

III-топ

  • әдемі аққу
  • екі аққу
  • аққу жүзеді

IV-топ

  • әдемі тауық
  • алты тауық
  • тауық жұмыртқалайды

Шығармашылық жұмыс

Сөзжұмбақтарға сұрақ құрастыру: көлденеңінен және тігінен берілетін сипаттамалар бойынша сұрақтар жазу.

Көлденеңінен

  1. Тайдан кіші (бес-алты айлық).
  2. Матаның не шөптің сиреген, жұқарған жері.

Тігінен

  1. Ашуланшақ, шыртетпе мінезді адам.
  2. Мол байлық, береке.

Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап

Негізгі ұғымдарды қайталау: сөз таптары, сұрақтары, түрлері және мысалдар.

Бағалау

Топтық жұмыс, белсенділік және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.

Үйге тапсырма

  • 5-жаттығу.
  • Ережені қайталау.