Постер қорғау әдісі

Ежелгі дүние тарихы • 6-сынып

Парфия патшалығы: сабақ жоспары (жаңа білімді меңгерту)

Бұл материал Парфия патшалығының құрылуы, басқару жүйесі және Риммен қақтығыстары туралы білімді жүйелі түрде меңгертуді көздейді. Сабақ топтық жұмысқа негізделіп, ойын элементтері мен постер қорғау арқылы оқушылардың талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Парфия патшалығының құрылуын, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсак негізін қалаған мемлекеттің шекарасын кеңейтуін және Римнің басқыншылық әрекеттеріне соққы бергенін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлауын дамыту: Парфияның орналасқан жерін, билеушілерінің қызметін салыстыра отырып талдау жүргізу.

Тәрбиелік

Патриоттық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге мән беру, топпен ынтымақтаса жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ форматы

Типі

Жаңа білімді меңгерту.

Түрі

Топтық жұмыс.

Әдіс-тәсілдер

Сөзжұмбақ «Крестиктер мен нөлдіктер» «Футбол» ойыны Постермен жұмыс

Көрнекілік

Плакаттар, маркерлер, стикерлер, қайшы, желім, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • «Алтын ережемен» таныстыру.
  • Әртүрлі фигуралар арқылы 4 топқа бөлу: дөңгелек — I топ, көпбұрыш — II топ, үшбұрыш — III топ, төртбұрыш — IV топ.
  • Бағалау парақтарын топ басшыларына тарату.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді. Сұрақтар үй тапсырмасы бойынша құрастырылады. Сөзжұмбақ толық шешілгеннен кейін негізгі сөздің бүгінгі жаңа тақырыпқа жетелейтінін айту.

III. Жаңа сабақ

Жаңа тақырып: Парфия патшалығы. Оқушылар 4 топқа бөлінген тақырыпшалар бойынша жұмыс істейді.

I топ

Парфия патшалығының құрылуы

II топ

Парфиядағы басқару жүйесі

III топ

Көшпелілер және Парфия

IV топ

Парфияның римдіктерді талқандауы

Постер қорғау әдісі: мәтінді оқып, негізгі ойларды іріктеп, постер дайындау және қорғау.

Уақыты: 15 минут

IV. Жаңа сабақты бекіту

«Крестиктер мен нөлдіктер» сұрақтары

  1. 1. Парфия патшалығы қашан және қай жерде пайда болды?
  2. 2. Парфия патшалығының негізін қалаған кім?
  3. 3. Арсак қайтыс болғаннан кейін таққа кім отырды?
  4. 4. Мемлекеттегі әкімшілік аймақтар қалай аталды, оларды кімдер басқарды?
  5. 5. Сирия патшасы III Антиох Парфияға қашан жорық жасады?
  6. 6. Әскери көмек қажет болғанда, парфиялықтар кімдерден қолдау сұрады?
  7. 7. Рим мен Парфия шекараны қай өзен бойымен белгіледі?
  8. 8. Римдіктер Парфияға қарсы қашан үлкен жорыққа шықты?
  9. 9. Римдіктерге қарсы Парфия әскерін бастаған қолбасшы кім?

«Футбол» ойынының сұрақтары

  1. 1. Вавилон, Парсы және Мидия елдерін Парфия қай патша тұсында бағындырды?
  2. 2. Сатраптықтар бөлінген шағын аудандар қалай аталды?
  3. 3. Парфия билеушілерінің басты тірегі не болды?
  4. 4. Сақтар Парфияны не үшін талқандады?
  5. 5. Рим әскербасы соғыс алдында нені ескермеді?
  6. 6. Б.з.б. 55 жылы Сирия жеріне келген римдік әскербасы кім?
  7. 7. Соғыс кезінде римдіктердің қанша әскері аман қалды?

V. Бағалау және рефлексия

Бағалау

  • Топтық бағалау
  • Топ басшысының бағалауы
  • Өзін-өзі бағалау
  • Мұғалімнің қорытынды бағалауы

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі: оқушылар сабақ материалын түсіну деңгейін түспен белгілейді (жасыл — түсіндім, сары — жартылай, қызыл — қиын болды).

VI. Үй тапсырмасы

Тақырып бойынша оқу: «Парфия патшалығы».