Үйрек суреті

Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі

Бұл сабақта оқушылар Ү ү дыбысы мен әрпімен танысады, оны қатысты сөздерді оқып-жазуды үйренеді және сөздік қоры жаңа сөздер арқылы кеңейеді.

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға Ү ү дыбысы мен әрпін таныстыру; осы әріп арқылы берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету.
  2. Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді меңгерту арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту.
  3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдемі жазуға және мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.

Әдісі, түрі және көрнекілігі

Әдісі

Сұрақ-жауап, көрсету, ойын, іздену.

Түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі

Оқулық, құстардың суреттері, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық: сыныппен жағымды көңіл күй қалыптастыру.
  • Үй тапсырмасын тексеру: “Бөпешім” өлеңін жатқа айту.

Ойын: “Құстарға қамқорлық”

Тақтаға құстардың суреттері ілінеді. Әр суреттің артқы бетінде сөздер жазылады. Оқушылар сол сөздерді оқып, құстарды “ұясына” дұрыс орналастырады.

Оқуға арналған сөздер

Көже
көрік
көкек
сөз
тал
Шөже
көлік
көмек
көз
көл

Күн салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, себебі қыста олардың жемі азаяды. Сондықтан қыстап қалатын құстарға үнемі қамқорлық жасау қажет. Құстар — біздің досымыз.

Қайталау сұрақтары (үйрек суреті арқылы)

Үйрек суреті бірнеше бөлікке бөлінеді. Әр бөлікте тапсырма болады. Оқушылар жауап берген сайын сурет толықталып отырады.

  1. Дыбыс дегеніміз не?
  2. Әріп дегеніміз не?
  3. Әріптер нені құрайды?
  4. Буыннан не құралады?
  5. Сөздерден не құралады?

2) Жаңа сабақ

Мұғалім сұрақ қояды: “Балалар, ненің суреті шықты?” Оқушылар: “Үйрек.”

“Үйрек” сөзін хормен айтқызу. Сөздің ішінде бұрын таныс емес дыбысты анықтау: Ү ү дыбысы.

Ү ү дыбысын хормен айту. Дыбыс созылып айтылады, сондықтан бұл — жіңішке дауысты дыбыс.

Әріп таңбасы

Үү Үү

Тақтаға жазып көрсету. Ұ ұ дыбысына ұқсастығын анықтау. Айырмашылығын талқылау: Ұ — жуан дауысты (әріптің белінде сызықша болады), ал Ү — жіңішке дауысты.

Үйрек — су құстарына жатады. Су құстарына сондай-ақ қаз, тырна, аққу сияқты құстарды да жатқызуға болады.

Құстарға байланысты халық болжамдары

  • Үйрек бір аяғын көтеріп тұрса — аяз болады.
  • Торғай шаңға аунаса — жаңбыр жауады.

Оқулықпен жұмыс

Тапсырма

  • “Үйрек” сөзіне дыбыстық талдау жасау.
  • Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру.

Ү дыбысы бар сөздер

Үкі
күріш
түлкі
жүрек
үйрек
күміс
күлкі
күрек
үйшік
күшік
түйме
жүзік
Үміт

Жұмбақ

Шарлап келіп даланы,
Үйіме ұя салады.

Жауабы: Қарлығаш.

Қарлығаш — киелі құс. Ол адамға жақын жүреді. Халқымыз құстарды әрқашан қорғап отырған. Төле би атамыз да “Қарлығаш әулие” атанған.

Оқушылардың оқуы

Мәтін мен сөздерді тізбектеп оқыту.

Сергіту сәті: “Ұшты — ұшты”

Ұшты — ұшты, сұңқар ұшты.
Ұшты — ұшты, тұлпар ұшты.
(Қате сөздер айтылғанда оқушылар қимыл жасамайды.)
Қарға, арба, бүйрек, үйрек.

Дәптермен жұмыс

  • Ауада жазу.
  • Тақтада жазу.
  • Оқушылардың дәптерге жазуы: Ү ү әрпін қайталап жазу.

Жазу үлгісі

Ү ү   Ү ү   Ү ү   Ү ү   Ү ү

Тақтамен жұмыс

3 оқушы тақтаға шығып тырна, торғай, қарға сөздерін жазады. Қалған оқушылар осы сөздерді кеспе әріптерден құрайды.

Ү дыбысына байланысты қандай сөздер үйрендік? Үйрек, Үміт, Үкі, Үй.

Сабақты қорытындылау

Жұмбақ

Үнде бар,
Ұнда жоқ.
Күнде бар,
Құнда жоқ.

Жауабы: Ү.

Соңында оқушылардың жұмысы мадақталып, білім деңгейі бағаланады.