Арғы ата

Тақырыбы: Компьютерлік технологияның ұлттық болмысты қалыптастырудағы орны

Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді
математикалық модельдеу

Секциясы: Информатика

Аннотация
Жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың бойына ұлттық болмысымызды сіңіру, дамыту және қалыптастыруда ақпараттық технологияның, оның ішінде компьютерлік технологияның тиімділігін пайдалану.
Гипотезасы: Компьютерлік технологияның мүмкіншілігін дұрыс, мәдениетті қолдану арқылы оқушылардың бойына ұлттық болмыстарымызды қалыптастыруға арналған жатығулардың топтамасын құру.

Зерттеу кезеңдері: Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы.
Әдістемесі: - Сауалнама;
- Схематикалық сараптама;
- Практикалық әдіс;
- Ұлттық болмыстың қалыптасу көзін анықтау;

Зерттеу жаңалығы: - Ұлттық болмыстың оқушылар бойындағы қалыптасу деңгейіне компьютерлік технологияның көмегі;
- Қоғам дамуына байланысты ұлттық болмыстың оқушылар арасында кең таралуына ықпал ету;
Жұмыстың нәтижесі: - Сауалнама нәтижесінде оқушылар арасындағы ұлттық болмыстың қалыптасу деңгейін анықтадым;
- Жобаға қатысты түрлі мысал-болжамдар кесте түрінде құрылды;
- Түрлі теориялық тұжырымдар мен қағидалар баяндалды.
Қорытынды: Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баяндалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қарастырып отырған мәселенің зерделенетін бағыттары айтылады.

Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
• Жобаға қатысты ғылым негіздері;
• Ұлттық болмыстың мағынасы бойынша топтастырылуы;
• Әдеби-сипатамалық талдау;
• Ұлттық болмыстың оқу-тәрбие үрдісіндегі алатын орны;
• Ұлттық ұғымдардың сипаттамалық моделі;
ІІІ. Эксперимент нәтижесі
ІV. Қорытынды бөлім
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мақсаты:
 Ұлттық болмыстың қалыптасу деңгейін зерттеу;
 Ұлттық болмыстың мәнін философиялық жағынан зерделеп түсіндіру;
 Ұлттық болмыстың таралу көзін практикалық тұрғыда зерттеу;
 Ұлттық ұғымдардың сипаттамалық моделін дайындау;
 Зерттеу тақырыбы аясында елеулі жаңалықтар ашу;

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз егемендікке ие болғалы заман ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу, сол өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі болашақ жастарға білім мен тәрбие беруде қазақтың ұлттық болмысын қалыптастыру.
Халықтың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш – керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау бүгінгі өмір талабы.
Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән ерекшеліктері, олардың тіршілік тағылымдары мен тәрбие тәлімдері, айналасындағы табиғатпен үйлесімде дамыды. Оның түп – тамырында халықтық тәлім – тәрбие мен оның психологиялық негіздері жатыр.
Басты мақсатымыз: ғасырлар бойы тәрбие – тәлімдерімен қалыптасқан ата-баба дәстүрлерінің мектеп оқушыларының бойындағы қалыптасу деңгейін зерттей отырып, халқымыздың ежелден қалыптасқан, салт дәстүрімізді, ойындарымызды, тағамдарымызды біртіндеп жасөспірімдердің бойына сіңіруге себеп болатын қосымша ақпараттар топтамасын жасай отырып, оның қалыптасу деңгейіне шамалы болса да ықпал ету.
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт – дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеуде үлес қосу – басты міндетіміз.
Қазіргі таңда компьютерлік технологияны кеңінен қолдану тиімділігі оқушылардың бойына ұлттық болмысты қалыптастыруда кез-келген материалды қызықты, әрі ғылыми тұрғыдан мазмұнды етіуге игі әсерін тигізеді.Компьютерлік технологияны дұрыс, мәдениетті түрде пайдалана білсе, оның мүмкіншілігі көп. Компьютерлік технология арқылы оқушылардың бойына ұлттық болмысты қалыптастыруға арналған жаттығулар ретінде Ұлттық ұғымдар , Ұлттық салт-дәстүрлер , Ұлттық тағамдар , Ұлттық ойындар деген тақырыптарды басшылыққа ала отырып оларды топтастырдық.
Ұлттық болмысты қалыптастыруда компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында жасалған жұмыс жобасы төмендегі кезеңдерден тұрады:
1. Жас ұрпақтың жүрегіне туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, көкейіне ұлттық рухты енгізуге ықпал ететін ғылым негіздері.
2. Жас ұрпақ тәрбиелеуде тілі мен әдебиетін, тарихы мен табиғатын, елін, Отанын сүюге тәрбиелейтін ұлттық болмыстың мағынасы бойынша топтастырылуы.
3. Жас ұрпақтың қанаты қатайған, жаны, тәні сау, сымбатты, денсаулығы мол, салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатына бағытталған ұлттық болмысқа әдеби - сипаттамалық талдау. .
4. Ұлттық сана-сезімі мол, рухани деңгейі биік, іскер, еңбекқор, иманды, әдепті, шешен ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық болмыстың алатын орны.
5.Оқушылардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік қалыптастыратын және ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға әсер ететін халықтық салт–дәстүрлер мен ұлттық ойындар, ұғымдар мен ұлттық тағамдардың сипаттамалық моделі.
Сонымен, зерттеліп отырған тақырыптың негізгі өзектілігі өмір талабы, заман ағымына байланысты ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес, әр пәннің мазмұнына үйлесімділікпен енгізіп, баланың тұрмыстық іс-әрекетінде еркін пайдаланып, жан-дүниесімен сезініп, тұтастай қабылдануына жағдай жасау қажет деп ойлаймыз. Сондықтан да қазақ халқының заманалар бойына тірнектеп жинаған рухани бай мұрасын, ежелгі ел дәстүрін, тәлімін, әдебін, салт-санасын ұлағатты жасөспірімдер санасына сіңіруді заман талаптарына сай өркендете, өрбіте жандандыруда басқа пәндермен қатар информатика пәнінен де қосымша тапсырмалар топтамасы қажет деген пікірдеміз.
Жұмысымыздың негізгі мақсаты:
Білім берушілік – ұлттық болмысты қалыптастырудағы ежелгі тәлім-тәрбиелік асыл мұраларды информатика пәнімен ұштастыра отырып, оқушылардың бойларына дарыту;
Танымдық – жастарға өз халқының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп қабылдату, ой-тұжырымдарын жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік – өзіне және өзгеге деген талғам дәрежесін көтеру, халықтың асыл мұрасын дарыта отырып, ұлтына деген мақтаныш сезімін туғызу, болашақ ұрпаққа насихаттау икемділігі мен дербестігін қалыптастыру;
Дамытушылық – білуге құмар, ізденімпаз, талап – талғамының өрісі кең, халықтық тұрмыс тіршілігін терең сезініп, қабылдау үшін ұлттық болмысымыздан хабардар болу.

Жобамыздың атынан байқағандарыңыздай қозғап отырған тақырыбым елең еткізетін көкейкесті проблема емес. Бірақ та күнделікті өмірде өзімнің араласатын ортамның ұлттық болмыстың элементтерін қолдануын, ол туралы қалыптасқан білімдерін бақылай келе, ойға түйгенімнің нәтижесінде менде осы салада қызығушылық пайда болды. Сол қызығушылық ғылыми ізденіс айдынына жол тартуға түрткі болды. Қазақтың ұлттық болмысын оқушылар бойына қалыптастыруда информатика пәні арқылы іске асыруға неге болмасқа деген ниетпен және информатика ғылымына титей де болсын үлесімді қосқым келді.
Тікелей тақырыптың негізгі өзектілігіне көшсем, мұндағы Ата салтың – халықтық қалпың дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары мен тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, мені ұрпақтан-ұрпаққа берілуі қызықтырды. Осы құндылықтардың оқушылар арасында қалыптасу деңгейіне үлес қосу — ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі мақсаты. Бұл тұрғыда мен әртүрлі ақпараттар көздері мен ғалымдардың зерттеу жұмыстарына және оқушылармен жүргізген сауалнамалаға жүгіне отырып, мектеп оқушыларын оқыту-тәрбиелеуде қажеттілігін өз түсінігім бойынша ұсынамын.
Мен кейбір оқушылардың ұлттық салт-дәстүрді , ырымдарды жиі қолдануына байланысты өзіме Неліктен? және Оларға бұл ұғымдар кімнен және қалай қалыптасқан? , Қалай бойына сіңіріп ,әрі дамытты екен? деген сияқты көп сауалдар жолдадым. Осы сауалдарға жауап беру мақсатында көп іздендім.

Зерттеу мәселесі. Оқушылардың барлығын бір ұлтқа, бір туысқа, бір ортаға жатқызсақ та, оларда ұлттық болмыстың қалыптау дәрежесі
бірдей деп айта алмаймыз, яғни ортасы, тұрмыс-тіршіліктері бойынша айырмашылығы баршылық. Осы мақсатта мен олардың қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын зерттеуді көздедім..

Зерттеу болжамы.
1.Ұстаз бен оқушының бірлескен жұмысы арқылы шығармашылыққа қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
2.Сонымен қатар оқушылардың бойындағы ұлттық болмыстың қалыптасу белсенділіктерін жан-жақты дамыту.

Зерттеу пәні. Информатика пәнінің сурет және мәтінмен жұмыс саласы. Және де жобамды жан-жақты зерделеуге қатысатын пәндер — әдебиет және тарих.
Зерттеу объектісі. Негізгі зерделенетін меже — оқушылардың бойындағы ұлттық болмыстың қалыптасу дәрежесі.
Зерттеу мақсаты — оқушылардың бойындағы ұлттық болмыстың қалыптасуында ұлттық құндылықтардың берілу процесінің мәні . Осыған байланысты жұмысым өз алдына мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
 Оқушылар бойындағы ұлттық болмыстың қалыптасу деңгейін зерттеу;
 Ұлттық болмыстың мәнін философиялық жағынан зерделеп түсіндіру;
 Ұлттық болмыстың таралу көзін практикалық тұрғыда зерттеу;
 Ұлттық ұғымдардың сипаттамалық моделін дайындау;
 Зерттеу тақырыбы аясында елеулі жаңалықтар ашу;

Зерттеудің негізгі кезеңдері:
• Бірінші кезең (09.2010-12.2010) — бастау кезеңі. Философиялық, тарихи және ең бастысы әдеби әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.
• Екінші кезең (01.2011-09.2011) —эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Мектепішілік конференцияларда ғылыми жоба қанағаттандырарлық деңгейде баяндалып, зерттеу жұмысына қатысты сыни-пікірлер айтылды. Әдіснамалық эксперимент жұмыстарының нәтижелері жобаға жинақталды.
• Үшінші кезең (09.2011-дан қазірге дейін) — алдыма қойған міндеттерді орындаудың бастамасы. Тырнақалды табыс-нәтижелерімді ғылыми жаңалыққа ұластыру мақсатында зерттеу жұмыстарын өткізудемін.
Жұмыстың жаңашылдығы: Жұмыстың көрнекілік материалдары, демонстрациялары қағаз жүзінде және қазіргі заман талабына сай презентация арқылы көрсетіледі.

Негізгі бөлім
2.1 Жобаға қатысты ғылым негіздері
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелеріне жүгінуім қажет. Өйткені, Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз - деген.
Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау ізгі дәстүрге айналған. Қасқа қатал, досқа адал болу - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы.
Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Олардың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны ерекше, сондықтан осы ұғымдарды оқушылардың бойына сіңіруді жан-жақтылы жүргізу қажет деп ойлаймын. Яғни, информатика пәнін оқыту барысында да көрнекілік ретінде ұлттық болмысты қалыптастыруға көмегі тиетін жинақтар, электронды оқулықтар қолданылса деген ниеттемін.

2.2 Ұлттық болмыстың мағынасы бойынша топтастырылуы
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерімен талай елді таң қалдырып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматының, ата-ананың, әрбір ұстаздың көздеген межелерінің бірі –сол ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып жасөспірімдер бойына сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ала отырып, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Сондықтан мен де өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіруде қолданылатын оқу-тәрбие құралдары ретінде жасаған жұмысым арқылы шамалы болса да үлес қосу.Енді салт-дәстүр ұғымына анықтама беретін болсақ:
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.
Мен ұсынып отырған қосымша оқу құралының оқушыға , мұғалімге пайдалануда тиімді болуын көздедім. Ұлттық болмыс ұғымы ауқымды болғандықтан, оны мағынасына қарай топтастыруды жөн көрдім. Сабақтағы өтілетін тақырыпқа байланысты компьютерде әуелгі негізгі бума жасалу керек , ол буманың ішіне тақырыпқа қарай бірнеше бума орналасу тиіс. Әр буманы тышқанмен шерту арқылы ашып, орналасқан сілтемелер арқылы оқып-үйренуге болады.

Ұлттық ұғымдар негізі бумасы. Оның ішінде әртүрлі ұғымдарға байланысты бумалар орналасады.
1. Жеті санымен байланысты ұғымдар бумасы . Бұл бумада осы тақырыпқа қажетті бірнеше файлдар болуы мүмкін.

* Жеті атасын білу
Жеке-жеке файлдарға жетінші атасынан бастап өзіне дейін аралықты толық жазып шығады. Әрқайсысының аты-жөні,туған және қайтыс болған жылдары, ол туралы есте қалған аңыз-әңгімелер, ұлағатты сөздері, ақыл-кеңестері толық жазылуы керек. Ұл балалары бірнешеу болса, әрбір бумаға сонша төртбұрыш сызу керек. Оның баласы деген төртбұрышты сол бала туралы жазылған файлға гиперсілтеме қою керек. Қаріптерге Формат арқылы әртүрлі анимация жасау оның әсерлілігін арттыра түседі.Әртүрлі анимациялық эффектілермен жасалынған бұл жұмысты жанды сөзбен, музыкалық әуендермен безендіріп, DVD арқылы көшіріп, отбасының да игілігіне айналдыруға болады.
Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.
7-ші атасы
Оның баласы
Оның баласы
Оның баласы
Оның баласы
Оның баласы
Өзі
* Жеті жетекші:
1. Адамның басшысы – ақыл,
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы –кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық Саққұлақ би .
* Жеті ғалам:
1. Шығыс
2. Батыс
3. Оңтүстік
4. Солтүстік
5. Аспан жоғары ғалам
6. Жер орта ғалам
7. Жер асты төмендегі ғалам

* Жеті күн:
1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына
1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі сәтті күн
4. Бейсенбі
5. Жұма қасиетті күн
6. Сенбі
7. Жексенбі.
* Жеті жұт:
1. Құрғақшылық
2. Жұт мал қырылу
3. Өрт
4. Оба ауру
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала
* Жеті жоқ:
1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. Тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ.

* Жеті қазына
Мұнда да әрқайсысы туралы жеке-жеке файл ашып, олар туралы сипаттама беру қажет. Олардың суреттерін қоса орналастыру керек. Керекті тақырыпты басып ол туралы жазылған, әртүрлі эффектілермен безендірілген, анимациялары бар мәліметтерді гиперсілтеме арқылы экранға шығарып отырады. Төрт түлік малдың мифтік иелер: түйенікі – Ойсылқара, жылқы иесі- Қамбар ата, сиыр иесі- Зеңгібаба, қой иесі- Шопан ата. Ал, мылтық-мықтылықтың, жаудан қорғанудың құралы боп есептелген, қазан-шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ертеде, Тәуке ханның тұсында жаудан қолға қазан мен мылтықты түсіріп, шаңырағын сындырса, ол кек қайтарудың белгісі болған. Ал, оларды сындырмай қайтарып берсе, онда тыныштық орнап,, екі жақ татуласып, бір қазанан дәм татып, кеуде қағысып тарасады екен.

2. Қырық санымен байланысты аңыздар, ұғымдар бумасы
* Қырық өтірік
* Баланы қырқынан шығару
* Қырық күн шілде
* Қырықтың бірі Қыдыр
* Қырық бір құмалақ
* Қырымның қырық батыры

3. Бес санымен байланысты аңыздар, ұғымдар бумасы
* Бес парыз
* Бес намаз
* Бес борыш
* Бес қару
* Бес қатер

4. Үш санымен байланысты аңыздар, ұғымдар
* Үш арсыз
* Үш даусыз
* Үш байлық

Салт-дәстүрлер негізі бумасы
1. Әдет-ғұрыптар бумасы
* Аластау – ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау арқылы көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан аластау арқылы тазаланады. Үй-ішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды, аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйге көз тиген болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған.
* Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары тойға шашу деп, тәтті тағамдар әкеледі.

* Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. Ел ішінде адамды ант атқан деп жек көрген. Ант – адалдық сөзі.
* Айдар – ғұрып. Балалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны айдар деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер балаға жасалады. Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болған.
Сәлемдеме – біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Сәлемдемеге ақша, көйлек-көншек, орамал немесе соғымнан сақталған сыбаға жібереді.
*
Жол беру – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жасы кіші адам үлкенге бөгет жасамай, жол босатады, үй ішінде төрге отырғызады, астан дәм татар кезде де осы әдеп сақталады.
* Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек.

* Той – әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз ұзату, үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
* Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
* Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
* Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар араша, араша! деп басу айтуға тиіс. Араша деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Тыйым сөздер негізі бумасы



Ұқсас жұмыстар

Инбридинг, инбредті депрессия және гетерозис
Адам эволюциясынын факторлары
Тас (жоғарғы-энеолит) ғасырларындағы антропо-мәдени және шаруашылық жүйесі
Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны
Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар
Антропогенездің қозғаушы күші (факторлары)
Көркемдік дәстүр жалғастығы
Түркі атауының шығуы
АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ. ӨТЕ ЕРТЕДЕГІ АДАМДАР
Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары Қорқыт ата кітабы, Оғыз наме )
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
ТАЙМАНҰЛЫ ИСАТАЙ
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Оңтүстік Корея Республикасының дамыған елдер қатарына қосылудағы мемлекеттік шараларының рөлі
Матасов ерлеп тұр
Көйлектік маталар тобына арналған реляциондық мәліметтер қорын құру және өнімдер сапасын эксперттік бағалау
Абай атама
Физика сабағында оқушыларды қарқындата оқыту
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі