Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы.

Сабақ типі

Практикалық.

Бағдарламалық-дидактикалық қамтылуы

  • Есептеуіш техника кешені
  • Интерактивтік тақта
  • Turbo Pascal бағдарламалау тілі
  • Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Литерлік шаманың мәнін өзгерту командаларын әртүрлі есептерде қолдануды үйрету.

Тәрбиелік

Turbo Pascal тілінде литерлік шамалармен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа және ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Литерлік шаманың мәнін өзгерту командалары арқылы логикалық-құрылымдық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру

    Сабаққа дайындық

    Оқушылармен сәлемдесу, қатысымды тексеру, құрал-жабдықтарды түгендеу.

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    Қайталау сұрақтары

    Талқылауға арналған сұрақтар

    1. 1) Алгоритм дегеніміз не?
    2. 2) «Алгоритм» сөзі қай ғалымның атынан шыққан?
    3. 3) Алгоритмнің қасиеттері қандай?
    4. 4) Алгоритмнің түрлері қандай?
    5. 5) ЭЕМ-де есептерді шешу қандай кезеңдерден тұрады?

    Қосымша сұрақтар

    1. 6) Математикалық модель құру не үшін қажет?
    2. 7) Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
    3. 8) Программа құру дегеніміз не?
    4. 9) Программаны жөнге салу кезеңінің мақсаты қандай?
    5. 10) ЭЕМ-де есеп шығару және нәтижелерін талдау кезеңі нені қамтиды?
  3. III. Жаңа сабақ

    Мысалдар және талдау

    53-мысал

    A = «сабақ» берілген. A литерлік шамасының мәні мшіктеу (ішінара өзгерту) командаларын орындағаннан кейін қандай болатынын анықтаймыз.

    Қадамдар

    A[1, 1] := 'т' → «табақ»
    A[1, 2] := 'қа' → «қабақ»
    A[3, 1] := 'л' → «қалақ»
    A[1, 2] := 'құ' → «құлақ»
    A[4, 2] := 'ан' → «құлан»

    Қорытынды

    A литерлік шамасының жаңа мәні: A = «құлан».

    55-мысал

    Мәтіндегі «мам» әріптер тіркесін «айр» тіркесіне ауыстыратын алгоритм жазбасындағы қателерді табу қажет.

    Бастапқы (қате) нұсқа

    алг ауыстыру (арг лит T, нәт лит T)
    басы
      бүт I
      енгізу T
      үшін I бастап 1 дейін ұзын(T) цб
        егер T[I, 1] = "мам" онда
          T[I, 1] = "айр"
        бітті
      цс
      шығару T
    соңы

    Табылған қателер

    • Қиып алу (кесінді алу) операциясы дұрыс берілмеген: 3 әріпті алу қажет, яғни T[I, 3].
    • Кесіндінің ұзындығы 3 болғандықтан, I параметрі 1-ден ұзын(T) - 2-ге дейін өзгеруі тиіс.

    Мысал

    T = «маман» (ұзындығы 5) болса, 3 әріптен қиып алу мынадай орындарда мүмкін: T[1,3], T[2,3], T[3,3]. Демек, I мәні 1-ден 3-ке дейін өзгереді.

    Дұрыс нұсқа (Turbo Pascal үлгісі)

    program _54;  {Ауыстыру}
    var
      t: string;
      i: integer;
    begin
      readln(t);
      for i := 1 to length(t) - 2 do
        if copy(t, i, 3) = 'мам' then
        begin
          delete(t, i, 3);
          insert('айр', t, i);
        end;
      writeln(t);
    end.
  4. IV. Бекіту

    Тапсырмалар

    1-тапсырма

    «ма» әріптер үйлесімін «па» үйлесіміне ауыстыратын алгоритм мен программаны құрыңдар.

    2-тапсырма

    «Жарық» сөзін «пырақ» сөзіне ауыстырыңдар.

    3-тапсырма

    A = «Қазақстан» болсын. Төмендегі өрнектердің нәтижесінде шығатын мәтіндерді табыңдар:

    • A[1,3] + A[8,2]
    • A[6,1] + A[8,2] + A[7,1] + A[2,1] + A[9,1] + A[4,1]
    • A[6,1] + A[8,2] + A[4,2]
  5. V. Үй тапсырмасы

    Өзіндік жұмыс

    Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасын қолданып, бірнеше есеп шығарып келу.

  6. VI. Қорытындылау

    Бағалау

    Оқушылардың сабаққа қатысуына, сұрақтарға берген жауаптарына және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.