Оюдың суреті

Сабақтың тақырыбы

Ю әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
  2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру. Әдемі, қатесіз, көркем жазуға қалыптастыру.
  3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Суреттер, оқулық, карточкалар, ребус.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану.

Әдістері

Сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қонақ күту — салтымыз,

Оқып-біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге

Сәлемдестік бәріміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Өткен сабақта алған білім тексеріледі.

Сұрақ-жауап

1) «Я» дыбысы қандай дыбыс?
«Я» — дауысты дыбыс.
2) «И» әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
«И» әрпінен кейін «я» әрпі жазылады.

ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ

Жұмбақ арқылы кіріспе

Жаңа сабақты түсіну үшін жұмбақтың шешуін табамыз:

Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Жауабы: аю.

  • «Аю» қайда өмір сүреді?
  • Ол нені жақсы көреді?

«Ою» сөзімен жұмыс

«Ою» суреті көрсетіледі. Оюды кімдер ояды? Қандай ою түрлерін білесіңдер?

Ю дыбысы: дыбысталу ерекшелігі

  1. Ю дыбысын бірнеше рет қайталап айтқызу.
  2. Ю дыбысы екі дыбыстан тұратынын түсіндіру: й + у (и+у қосындысы ретінде түсіндіріледі).

Айу → аю

Ойу → ою

Оқулықпен жұмыс: 71-жаттығу

Суретке қарап әңгімелеу.

«Аю», «ою» сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз: бұл сөздерде 2 әріп, 3 дыбыс бар.

Дәптермен жұмыс: 72–73-жаттығулар

72-жаттығу

Өтірік өлеңді көшіріп жазу және «ю» әрпінің қандай дыбыстардан құралатынын айту.

73-жаттығу (топтық жұмыс)

Сурет бойынша мәтін құрастыру және тапсырмаларды орындау.

Суретпен жұмысқа арналған мәтін

Аю балды өте жақсы көреді. Бірде аю орман аралап келе жатып, араның ұясын көреді. Бал жегісі келген аю ұяға қолын салады. Аралар аюды шағып алады.

Тәтті балға тоюды

Ойлап аю омартаны ториды.

Тапсырма: мәтіннен «ю» әрпі бар сөздердің астын сызып, оның қай дыбыстардың орнына жұмсалғанын түсіндір.

IV. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

V. Бекіту: жаттығулар арқылы меңгерту

74-жаттығу

Оқушылар йу және ю дыбыстары бар сөздерді оқығанда жиі шатасады. Сондықтан бұл жаттығу мұғалімнің көмегімен талқыланады.

Сөздерге у дыбысы қосылғанда олардың қалай жазылатыны түсіндіріледі:

күшей + у
молай + у
той + у
көркей + у
тыңай + у

75-жаттығу

Көп нүктенің орнына йу немесе ю әріптерінің тиістісін қойып, неліктен таңдағанын дәлелдеу:

үлке… шалқа… есе… сарға…

76-жаттығу

«Баларасы» ребусының шешуіндегі сөзге әңгіме жазу. Әр топтан 3–4 оқушының жұмысын оқыту.

VI. Қорытынды және үй тапсырмасы

Қорытындылау

  • Ю әрпінің жазылуы мен дыбысталу ерекшелігін қайталау.
  • Сөздердегі «ю» әрпінің й + у дыбыстарын білдіретінін нақтылау.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы беріліп, орындалу жолы түсіндіріледі.

VII. Бағалау

Оқушылардың еңбегі бағаланып, белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.