Балаларды шеңберге тұрғызу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Көркем әдебиет
Тақырыбы
Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсаттары
Білімділік
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге үйрету; суретке мұқият қарап, мазмұнын түсіну; ойды жүйелі әрі дұрыс айту дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Балаларды жақсылық жасауға, бір-біріне қолғабыс етуге баулу; ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға дағдыландыру; сөздерді анық айтуға, тіл байлығын және есте сақтау қабілетін дамыту; конструктормен өз бетімен жұмыс істеуді бекіту.
Қажетті материалдар мен тілдік тірек
Көрнекіліктер
- «Шалқан» ертегісіне арналған бас киімдер (қалпақшалар)
- «Үш аю» ертегісінің суреттері
- Конструктор
- Жасыл бояу, ақ қағаз
- «Жеті лақ» ертегісіндегі ешкінің суреті
- Орман, егін алқабы және жол белгілерінің суреттері
Жаңа сөздер
Билингвальды компонент
қыс
зима • winter
ертегі
сказка • fairy tale
Ұйымдастыру
Балаларды шеңберге тұрғызу. Сабақ «сиқырлы пойызбен» ертегілер еліне саяхат түрінде ұйымдастырылады: әр аялдамада жұмбақ шешіліп, тапсырмалар орындалады.
Сабақ барысы: «Сиқырлы пойыз» маршруты
1) Мотивациялық кезең: «Жылулық шеңбері»
Өлең жолдары
Көңілдіміз, күлеміз, Ертегіні білеміз. Шағын біздің үйіміз, Тату-тәтті жүреміз.
Балалардың әрекеті
Балалар өлеңді қайталап, шеңберде бірге орындайды. Бір-біріне жылы лебіз айтып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады.
2) Іздену-барлау: саяхатқа шығу
Тәрбиеші балаларға бүгінгі сабақтың ерекше өтетінін айтады: бәрі бірге сиқырлы пойызға мініп, ертегілер еліне саяхат жасайды. Саяхат бағытын «сиқырлы дүрбімен» қарап, қызықты аялдамалар күтіп тұрғанын хабарлайды.
Әр аялдаманың атын табу үшін жұмбақ шешіледі, одан кейін тапсырмалар орындалады.
Аялдаманың атын табуға арналған жұмбақ
Ее тянут бабка с внучкой,
Кошка, дед и мышка с Жучкой.
(Репка)
Ата, әже, мысық, ит —
Бірге тартып шығарды?
(Шалқан)
3) I аялдама: «Егін алқабы» — «Шалқан» ертегісін сахналау
Балалар «Шалқан» ертегісін рөлге бөліп, сахналайды. Мақсат — кейіпкерлердің мінезін, сөйлеу мәнерін және әрекетін дұрыс жеткізу.
Нәтиже
Балалар ынтымақтастықпен әрекет етеді, бірлескен еңбек арқылы мақсатқа жету идеясын түсінеді.
4) II аялдама: «Орман іші» — «Үш аю» бойынша әңгімелеу
Жұмбақ
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
(Аю)
Кто в глухом лесу живет,
Любит есть малину, мед?
(Медведь)
Тапсырма
Аялдамада «Үш аю» ертегісіне қатысты суреттер ілінеді. Балалар суреттерге сүйене отырып ертегіні ретімен айтып береді.
Сұрақтар (сурет бойынша)
- Бұл қандай ертегі?
- Суретте не салынған?
- Қыз аюлардың үйіне қалай кезікті?
- Қыз не істеп жатыр? Неліктен?
- Нені сындырды?
- Ең соңында қыз қалай құтылды?
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп аламыз, Қалтамызға саламыз.
Балалар өлең ырғағымен қимыл-қозғалыс жасап, демалады.
5) III аялдама: атауы жоқ бекет — «Ешкі мен лақтарға көмектесу»
Жұмбақ
Басында үшкір мүйізі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(Ешкі)
Молоко её полезно,
В огород она залезла,
И глядит «во все глаза» —
Длиннорогая…
(Коза)
Шығармашылық тапсырма
Балалар ешкіге көмектеседі: лақтарына «орамжапырақ» жасап береді (қағаз бен жасыл бояуды қолдану арқылы). Сонымен қатар конструктордан құрастыру арқылы тапсырманы бекітеді.
Құрастыру жұмысы
Ұл балалар аюға «үйшік» соғуға көмектеседі: конструктордан өз идеяларымен құрастырады.
Кері байланыс
Аю мен Ешкі балаларға алғыс айтады. Балалар қайтадан сиқырлы пойызға отырып, «Ертегілер әлемі» бекетіне жол тартады.
6) Қорытынды: тосын сәт — «Бауырсақтың хаты»
Сабақ соңында Бауырсақ хат қалдырады. Ол балаларға сұрақ қояды: «Мен кімнен қаштым?» Балалар ертегі мазмұны бойынша жауап береді.
Бауырсақтың сөзі: «Мені түлкі жеп қойған жоқ. Мен оны алдап, қашып кеттім. Мен туралы бәрін білесіңдер. Енді өздерің қайда барғандарыңды айтып беріңдер: не көрдіңдер, не істедіңдер?»
Балалар өз әсерлерін айтып, қандай аялдамаларда болғанын, қандай тапсырмалар орындағанын еске түсіреді.
7) Рефлексия: сұрақ-жауап арқылы қорытындылау
Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды. Балалар өткенді естеріне түсіріп, өз ойларын анық әрі жүйелі жеткізеді.
Болжамды нәтиже
Білуі керек
- Кейіпкерлердің сөз мәнерін және қимыл-қозғалысын келтіріп ойнау
- Саусақпен сурет салу элементтері
- Конструктордан өз еркімен құрастыру
Қалыптасатын әдет
Оқу іс-әрекетіне белсене араласады, тапсырмаларды бірлесіп орындауға үйренеді.
Істей біледі
Сөздерді анық айтып, ертегінің мазмұнын түсіндіреді; негізгі кейіпкерлерді ажыратып, олардың әрекетін сипаттайды.