Ереже қайталау
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Жұрнақ және жалғау.
Сабақтың мақсаты
Түбір сөзге қосымшалардың жалғану заңдылықтарын қайталау.
Білімділік
Түбір сөзге алдымен жұрнақ, одан кейін жалғау жалғанатынын меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Жаңа технологияға сүйене отырып, оқушылардың жаңа және өткен сабақтан алған білімдерін бекіту.
Көрнекілігі
- «Білім еліне саяхат» сызбасы
- Тест тапсырмалары
- Карточкалар
- Деңгейлік тапсырмалар
- Мақал-мәтелдер
Сабақтың сипаттамасы
- Типі: өткенді қайталау
- Түрі: дәстүрлі емес «саяхат сабақ»
- Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқыту, сөздерді талдау
1) Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері (өлең)
Қазақ тілі — бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін?
Сабақтың идеясы
Білімімізді арттырып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін бүгінгі сабақта «Білім еліне саяхат» жасаймыз.
2) Өткенді қайталау — «Мектеп» аялдамасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сұралады және тексеріледі. Үлестірмелі карточкалар арқылы өтілген ережелер пысықталады.
Қайталау сұрақтары
- Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
- Қосымша дегеніміз не?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не?
- Сөз дегеніміз не?
Кілт сөз
Қандай сөз құрастырдық? Әліппе
Ең алғаш әліппені жазған кім? Ы. Алтынсарин
Ы. Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз.
3) «Білгірлер» аялдамасы — тест жұмысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмасаң?
Әп-сәтте өсе қоя ма?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңір бойыңа.
Тапсырма
Қай сөздерде жұрнақ пен жалғау жалғанғанын сызба арқылы анықта.
- Малшы — түбір сөз
- Білгішке — жұрнақ
- Жаңалықтар — жалғау
- Ұшқыштар
- Оқулық
- Етікшіде
4) Жаңа сабақ — «Тапқырлар» аялдамасы
Деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалар арқылы ереже пысықталады: түбір сөзге алдымен жұрнақ, одан кейін жалғау жалғанады.
5) «Шешендер» аялдамасы — оқулықпен жұмыс
Тақырыптық ой
Шешендік өнер — халқымыздың асыл мұрасы.
Кітапты жастан оқы,
Оқымай білім жұқпас.
Білімсізден өнер шықпас.
Жаттығу
355-жаттығу: мақалдарды жатқа жазып, жалғауларын табу.
- Еңбегінен ел таныр.
- Шеңбердің қолы артық, шешеннің сөзі артық.
6) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
- «Жазған аңыз, ертегіңді ынта қоя оқимыз» — кітап оқығандай қимыл көрсету.
- «Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз» — екі қолмен қанат жасап ұшу.
- «Қырғауылдай тапқыр боп, бапқыр боп, орнымызға қонамыз» — орындарына отыру.
7) Тақтамен жұмыс — «Ойлан, тап!» аялдамасы
Жұмбақ және талдау
360-жаттығу: сөздерден жұрнақ пен жалғауды ажырату.
8) «Мергендер» аялдамасы
А) Оқу
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ә) Талдау
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Б) Шығармашылық
«Құрылысшы» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Бес жолды өлең үлгісі
- Кім?
- Құрылысшы.
- Не істеді?
- Үй салады.
- Қандай?
- Зәулім, үлкен.
- Қанша?
- Он бес, алты.
Сөйлем: Құрылысшылар зәулім үй салады.
9) Қорытынды
Рефлексия
Бүгінгі «Білім еліне саяхатта» қандай тақырыптарды қайталадық? Түбір сөз, қосымша, жұрнақ және жалғаудың қызметін еске түсіріп, сөз құрамын талдауды бекіттік.
10) Бағалау
Оқушылардың жұмыстары бағаланады.
11) Үй тапсырмасы
361-жаттығу. Ережені қайталау.
12) Сабақты аяқтау
Сабақ «Мектебім» өлеңімен аяқталады.