Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерді тап

Сайыстың мақсаты

Балалардың шапшаңдықтарын арттырып, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Тест сұрақтары арқылы логикалық ойлауды жетілдірумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ–жауап

Көрнекілігі

Теледидар, бейнесюжет

Форматы

Интеллектуалды сайыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Құрметті әріптестер, қонақтар және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! «Бала тілі – бал» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызға үш топ қатысады. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» дегендей, ортаға сайыскерлерді шақырайық:

  • 1-топ: «Барыс»
  • 2-топ: «Құлагер»
  • 3-топ: «Сұңқар»

Сайысты бастамас бұрын, бағалайтын әділқазылар алқасымен танысамыз. Барлығы дайын болса, сайысымызды бастайық.

Сайыс ережесі

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

  1. Ширату
  2. Ойлан, тап!
  3. Бұл қай кейіпкер?
  4. Ертегілер елінде

1-бөлім: Ширату

Ойын шарты

  • Суретті тест сұрақтары қойылады (өткен оқу іс-әрекеттеріндегі тақырыптарға байланысты).
  • Бірінші жауап беру үшін алдарыңдағы әуенді ойыншықтың тетігін басасыңдар.
  • Дұрыс жауап: 3 ұпай.
  • Жауап бермесе: ұпай берілмейді.

1-сұрақ

Не ұшады?

  • 1Кеме
  • 2Қарға
  • 3Машина

2-сұрақ

Не жүзеді?

  • 1Ұшақ
  • 2Мысық
  • 3Қайық

3-сұрақ

Доп қай геометриялық пішінге ұқсайды?

  • 1Үшбұрыш
  • 2Шаршы
  • 3Шеңбер

4-сұрақ

Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?

  • 1Көк
  • 2Қызыл
  • 3Сары

5-сұрақ

Үй жануарын тап.

  • 1Қасқыр
  • 2Сиыр
  • 3Қоян

6-сұрақ

Жабайы жануарды тап.

  • 1Аю
  • 2Жылқы
  • 3Қой

Қорытынды

Бірінші бөлім аяқталды. Ұпайларды санап, келесі кезеңге өтеміз.

2-бөлім: Ойлан, тап!

Ойын шарты

Теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір затты сипаттап айтып береді. Сендер сол заттың не екенін табуларың керек.

1-бейнесұрақ

Ол бәріміздің үйімізде бар. Төртбұрышты. Түсі қара. Басқаратын тетігі болады. Одан бағдарламалар, мультфильмдер, кино көреміз.

Жауабы: Теледидар

2-сұрақ

Қазір көптеген үйлерде бар. Төртбұрышты, теледидарға ұқсайды. Одан мәлімет аламыз, ойын ойнаймыз, ғаламторға шығамыз. «Тышқан» деп аталатын құрылғысы бар.

Жауабы: Компьютер

3-сұрақ

Байланыс құралы. Үйімізде бар. Шырылдаса көтереміз. Ағайын-туыс, достарымызбен сөйлесеміз.

Жауабы: Телефон

4-сұрақ

Жүреді. Оны көбіне әкелеріміз жүргізеді. Жанармай арқылы қозғалады. Төрт дөңгелегі бар, түстері әртүрлі. Бір жерге барғанда соған мініп барамыз.

Жауабы: Машина

Қорытынды

Екінші бөлімнің ұпайлары қорытындыланып, келесі кезеңге өтеміз.

3-бөлім: Бұл қай кейіпкер?

Ойын шарты

Ертегі кейіпкерлеріне байланысты сұрақтарға жауап бересіңдер.

1-сұрақ

«Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерді тап.

  • 1Қарға
  • 2Түлкі
  • 3Ит

2-сұрақ

«Мақтақыз бен мысық» ертегісіне қай кейіпкер қатыспайды?

  • 1Қоян
  • 2Сиыр
  • 3Терек

3-сұрақ

«Жеті лақ» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкерді тап.

  • 1Ешкі
  • 2Лақ
  • 3Қасқыр

Қорытынды

Үшінші бөлім аяқталды. Ұпайлар жарияланып, соңғы кезеңге өтеміз.

4-бөлім: Ертегілер елінде

Ойын шарты

«Алақай» мини-компьютеріне ертегі карточкасын салып, ертегіден үзінді тыңдатамын. Сендер оның қай ертегі екенін табасыңдар.

Ертегілер тізімі

  • 1-ертегі

    Қарға мен түлкі

  • 2-ертегі

    Түлкі мен ешкі

  • 3-ертегі

    Қу әтеш

Жарайсыңдар, балақайлар!

Төрт бөлімнің барлығында да өздеріңді өте жақсы көрсеттіңдер. Қандай тапқыр едіңдер!

Қорытынды және марапаттау

Осылайша «Бала тілі – бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң, жеңімпаз анықталады.

Сөз кезегі

Әділқазылар алқасына беріледі.

Балаларды мадақтау

Мадақтау сөздері айтылып, жеңімпаздар марапатталады.