Балалар шешімі

Балалар, қане, қонақтармен амандасайық! Бүгін сендерге жұмбақтар жасырамын, ал сендер жауабын табасыңдар. Сонымен қатар осы жұмбақтардың шешуі болатын заттармен танысамыз.

Алдымен бірінші жұмбақтың шешуін табайық.

1) Жұмбақ: Мұнай

Жұмбақ

Қара батпақ, қара батпақ,
Жақсақ жанады от болып.
Алады елдің бәрі,
Қайғы улап жайылып.
Алтынға тең қымбат болып сатсақ.

Жауабы: Мұнай

«Мұнай» сөзі (персия тіліндегі naft — «тұтанатын, жанғыш зат») ұғымымен байланыстырылады. Мұнай — әртүрлі жанармай түрлері алынатын қара түсті сұйық, табиғи шикізат.

Ол автомобильдерге, ұшақтарға, кемелерге, тепловоздарға, тракторлар мен комбайндарға, электр станциялары мен зауыттарға қажет. Қозғалтқыштар, пештер мен оттықтар бензин және мазут сияқты мұнай өнімдерімен жұмыс істейді.

Назарға

  • Мұнай өндіретін адамды мұнайшы дейді.
  • Мұнайдан жанармай мен әртүрлі өндірістік өнімдер алынады.

Өлеңдерден үзінділер

Т. Жаннұр — Жарковтің «Нефтіні білгің келе ме?»

Нефть — жердің бұлағы,
Нефть — жердің құнары.
Нефть — өмірдің шырағы,
Нефть — қайрақ қайратқан.
Нефть — деген немене?
Нефть — күші тасқын күш.
Нефть — өмірді жайнатқан,
Нефть — күші асқан күш.

Саят — Құмар Жүсіповтің «Мұнай»

Зауытта, фабрикада сүйеді май,
Жүйіткіген машинаның жүрегі — май.
Жанған шам, жағылған пеш — мұнай күші,
Көкте, бұлтта, теңізде тіледі май.

Аяулым — Асқар Тоқмағамбетовтің «Мұнай бер» (үзінді)

Қоян, Жота, Ақтөбе,
Құлсары, Құба, Қосшағыл,
Жолдыбай, Сағыз, Байшонай,
Доссор, Мақат, Екене.
Сендерден Отан сұрайды —
Ел тілегі: мұнай бер.

Жанерке

Біз — мұнайшы маманбыз,
Байлығына ел аянбыз.
Жерге бұрғы саламыз,
Мұнай көзін аламыз.

2) Жұмбақ: Темір

Жұмбақ

Қара жер — адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әртүрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асы бар,
Солардың ең артығы не екен?

Жауабы: Темір

Жер қыртысында темірдің шамамен 70-ке жуық түрі кездеседі. Металл бұйымдар күнделікті өмірде жиі қолданылады: темір шеге, жез бұйымдар, самаурын, қасық және т.б. Тіпті ұшақтың өзі де әртүрлі металдардан жасалады.

Темірді өңдеп, балқытып, құятын маманды металлург деп атайды.

Қызықты дерек

Адам ағзасында шамамен 3 грамм темір болады. Ол қанға қызыл түс береді. Егер темір азайса, адам басы айналып, тез шаршайтын болады.

Балалардың жауаптары (өлең жолдары)

Рамазан

Шарлап аспан әлемін,
Жұлдыздарға бет алған
Ракета дегенің —
Жасалады темірден.

Алихан

Қысқыштан бастап-ақ,
Балта, балға, қашауда;
Самолетке қос қанат —
Темір керек жасауға.

Инабат

Басы толы бағанның,
Тоқ жүретін сым — темір.
Жазып жүрген қаламның
Ұшында да тұр темір.

Ж. Амина

Сынық темір жинайтын
Болса оқушы балалар,
Балқытатын, құятын —
Металлург аға бар.

Мақал-мәтелдер

  • Көптің аузы — темір талқы. (Жанерке)
  • Темірші көміршіге үйір. (Рамазан)
  • Темірді қызған кезде соқ. (Алихан)
  • Темірдің бір басы ыстық, бір басы суық. (Инабат)
  • Темір кессең қысқа кес, ұзартуы оңай. (Алихан)
  • Болған іске темірдей берік бол. (Ж. Амина)

3) Жұмбақ: Тас

Жұмбақ

Су астында жұмыртқа ағарар,
Ұсақ мейлі, ірі мейлі —
Мәңгілік шірімейді.

Жауабы: Тас

Тас — таудың үгіндісі. Ол табиғатымыздың маңызды бір бөлігі. Бордың өзі де тасқа жатады: ол теңіз өсімдіктерінің қабыршақтарынан құралады. Бормен тақтаға жазамыз, әрі үйді ақтауда да қолданамыз.

Тәжірибелер: тасты зерттейік

Балалар, қолдарыңа тастарды алып, бірге бақылау жүргізейік.

1) Түсі мен пішінін анықтау

Әрқайсымыз қолымыздағы тасты сипаттайық.

Қорытынды: тастар түсі мен пішініне қарай әртүрлі болады.

2) Көлемін анықтау

Үлкенін, орташасын, кішкентайын және ең кішкентайын салыстырып көрейік.

Қорытынды: тастар әртүрлі көлемде болады.

3) Сыртқы бетін анықтау

Тегіс және бұдыр тастарды тауып көрсетейік.

Қорытынды: тастар тегіс те, бұдыр да болады.

4) Неге кейбір тастар бұдыр болады?

Лупамен қарап көрейік: онда дөңес, шұңқыр, дақ және әртүрлі өрнектер байқалады.

Қорытынды: шұңқырлар, дақтар және өрнектер тастың бетін бұдыр етеді.

5) Тастың жүзгіштігін бақылау

Тасты суға салайық — ол батып кетеді. Ал пороллон су бетінде қалады.

Қорытынды: тас пороллоннан ауыр; пороллон жеңіл болғандықтан жүзеді.

6) Суды сіңіруін салыстыру

Тасты суға салып, пороллонмен салыстырайық.

Қорытынды: тас су сіңірмейді, ал пороллон су сіңіреді.

Қорытынды

Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз көп нәрсе үйрендік: мұнай, темір және тас туралы білімімізді толықтырдық, тәжірибе жасап, бақылау жүргіздік. Енді қонақтарымызбен қоштасайық.