Сөз кезегі өздеріңізде
Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Бұл шараның мақсаты — Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, елін сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші сөзі
Қазақстан — егемен ел, тәуелсіз ел, Болашаққа нық басып, буынған бел. Көкке өрлеген байрақты желбіретіп, Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
Тарихи тағзым
Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Тәуелсіздік жолында жанын құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым ертеден басталған. Бостандыққа жеткізем деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған.
Отбасылық сайыс: құрылымы мен таныстыру
Ендеше, ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қатысушылар
- 1-отбасы
- 2-отбасы
- 3-отбасы
Қош келдіңіздер!
Сайыс 3 турдан тұрады
- 1 Жанұям — мақтанышым (отбасын таныстыру)
- 2 Мен елімнің патриотымын (патриоттық ән, өлең)
- 3 Үй тапсырмасы (тақырыпты қорғау)
Әділқазылар алқасы
- Балабақша меңгерушісі
- Балабақша әдіскері
- Балабақша тәрбиешісі
Сайысымызды бастамас бұрын, әділқазы мүшелерімен танысып алыңыздар. Ендеше, 1-тур бойынша сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Турлар барысы
1-тур
Жанұям — мақтанышым
Отбасылар өздерін таныстырады, ортақ құндылықтары мен дәстүрлерін бөліседі.
2-тур
Мен елімнің патриотымын
Патриоттық ән мен өлең орындалады. Сөз кезегі қатысушыларда.
3-тур
Үй тапсырмасы
Әр топ өз тақырыбын қорғайды, ой-пікірін жүйелі түрде ұсынады.
Жүргізуші сөзі
Тәуелсіздік таңын сүйем, Таңмен бірге келді өлең. Көк туына басымды ием, Көгімізде желбіреген. Әнді алысқа жеткіземіз, Көкке елдің туы ілінді. Жылда той қып өткіземіз Тәуелсіздік ұлы күнді.
Осылайша, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз.
Азаттық туралы ой
Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың, Тәуелсіздік — ұлтың, елдік ұраның. Шартарапқа шаттығыңдай азаттық, Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Қорытынды және марапаттау
Алғыс сөз
Рахмет, ата-аналар. Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған, Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған. Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын, Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын.
Азаматтарымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Егемендікке жету жолында талай жас құрбан болды, бүгінгі бейбіт күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Аға-апаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.
Бүгінде көк байрағымыз көкте желбіреген — егемен елміз.
Әділқазылар шешімі
Бүгінгі кеш өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Марапаттау және тілек
Ата-аналар, марапаттарыңыз құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Еліміз тыныш, балаларыңыз аман болсын.
Шараның аяқталуы
Осымен, құрметті қонақтар, Балақай тобының дайындаған «Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты отбасылық шарасы аяқталды.
Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным!