Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі - Адай күйі

Ашық тәрбие сағаты (2-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Күй атасы — Құрманғазы

Сабақтың мақсаты

  • Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру.
  • Күй тыңдау және ән айту арқылы музыканы ести білу, есте сақтау, орындау қабілеттерін дамыту.
  • Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәнін аша отырып, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Суреттер, слайдтар

Сабақтың бөлімі

І. Ұйымдастыру

Күйдің мәні және тақырыпқа кіріспе

1-жүргізуші сөзі

Күй — қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы — адамның бастан кешіп отырған өмірінің мән-маңызын ұғындырып, ойға жетелеуінде. Өткенімізден өлмес қасиеттей қанымызға сіңген күйді бүгін де сайын сахарада қазақ баласы әуелетіп келеді. Дегенмен, кешегімізді білмей, екшемей, көсегеміз көгермейді. Сондықтан бүгін күй атасы атанған Құрманғазы туралы әңгіме қозғайық.

2-жүргізуші сөзі

Күй атасы Құрманғазы — сегіз қырлы, бір сырлы тұлға. Ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де танылған. Азат ойлы, намысқой мінезімен заманының озбыр күштеріне талай рет қарсы келіп, қуғын-сүргін, қыспақ, түрме мен айдауды бастан кешкен.

Балалық шағы және өнер жолына түсуі

Отбасы ықпалы

Әкесі Сағырбай баласының музыкаға бейімін аса қолдай қоймаған. Ал анасы Алқа Құрманғазының талабына ерекше мән берген. Құрманғазы он жасынан асқанда Шағбала ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас өнерпаздың күй тартуын ұнатқан Ұзақ қария оған домбыра өнерінің қыр-сырын үйретеді.

Ел аралау, тәжірибе жинау

Құрманғазы он алты жасынан бастап туған ауылынан кетіп, күй тартып, ел аралайды. Ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өнерін шыңдайды. Кейін Ұзақ қартпен қайта табысып, бірге ауылдарды аралап, күй тартыстарына қатыса жүріп, атағы кең тарайды.

Шыққан тегі мен туыстық байланыс

Құрманғазы Кіші жүздің он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қазығұрт бұтағынан тарайды. Нағашы жұрты — Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы — анасы Алқа. Кейін Игіліктің қызы Әуеске үйленген соң, Беріш руы оған қайын жұрт болады.

Күй — өмірдің шежіресі

2-жүргізуші түйіні

Құрманғазы ашуы мен ызасын, күйзелісі мен толғанысын, қуанышы мен жұбанышын — өмірінде кездескен сан алуан оқиғалардың бәрін күй арқылы өрнектеген. Оның күйлері — халықтың мінезін, қайратын, намысын жеткізетін рухани айна.

Оқушылар оқитын жыр жолдары

Өн бойыңа бал әуен таратылып,

Лаулап, сөніп, бал сезім жаңа тұнып…

1-оқушы

Көзді жұмшы, көңілмен барып қайтшы.

Қанат етіп Айгүлдің саусақтарын,

Құрекең боп әлемді шолып қайтшы.

2-оқушы

Сазға салып тарыққан, шағынғанды,

Құса болған жандардың анда-санда

Кісен ашып, тек қана бағы жанды…

3-оқушы

Аласарған намысты қамшылатып,

Алатау боп түлеп, ел биіктедің.

Әлі күнге «Серпер» күй дабыл қаққан,

Төремұрат тектілік шамын жаққан.

4–7-оқушылардан үзінділер

Бір күйлері шалқыса, көбік шашып,

Сарыарқасы қазақтың даласындай.

Ұлы өнерден ұрпағың, Құрман-ата,

Табар әлі сізді де, бағын әлі.

8–9-оқушылардан үзінділер

Түрме тағдыры және Салық туралы хикая

1-жүргізуші әңгімесі

Құрманғазы түрмеде отырған бір кезеңде ақ шашты, ақ сақалды қариямен танысады. Ол — Орда өңірінен келген жерлесі, домбырашы Салық. Салық көп күй білетін, өте шебер күйші болған. Түрмеде Салық дүние салар алдында Құрманғазыға аманат айтып: «Балам, пәлен жерде менің кемпірім мен қызым бар. Соларға менің дүниеден өткенімді естіртерсің», — дейді.

2-жүргізуші түйіні

Құрманғазы 73 жыл ғұмырының жартысынан астамын түрме мен қуғын-сүргінде өткізгені айтылады. Түрмеде отырып «Ертең кетем» күйін тұтқындарға тыңдатып, сол түні абақтыдан қашып шыққаны туралы дерек те кең тараған.

Көрініс (сахналық үзінді)

«Қызыл қайың» күйі

Күйде бар өзгеше құдірет!

Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы

Күй туралы қысқаша түсінік

Күйлер негізінен үш аспапта — домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігі мен құрылымына қарай шертпе және төкпе болып бөлінеді.

«Балбырауын»

«Балбырауын» — халық сүйіп орындайтын, елге кең тараған күйлердің бірі. Ырғақты, биге икемді бұл күй ауыл жастарының ойын-сауық, би кештеріне арналған.

«Адай»

Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сол тартыстың әсерімен «Адай» күйін шығарған делінеді. Бұл шығармада елдің өр мінезі, патша мен хан қаһарына қарсы тұрған халықтың сарқылмас күші бейнеленеді.

«Аман бол, шешем», «Қайран шешем», «Кісен ашқан»

ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Құрманғазыға «ат ұрлады» деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Сол кезеңде шешесін сағынып, анасына арнап «Аман бол, шешем», «Қайран шешем» күйлерін тудырады. Қашып шыққаннан кейін мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» сияқты күйлері дүниеге келеді.

«Серпер»

«Серпер» — қанша иілтсе де сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіліп қалпына келетін болаттай берік халық рухына арналған шығарма.

«Алатау»

«Алатау» күйінде асқақ таудың көркем бейнесі арқылы мәңгілік пен өмірдің мәні, адам тағдырының құбылмалығы — өрлеуі мен құлдырауы туралы терең толғаныс көрінеді.

«Машина»

«Машина» — Құрманғазының зеректігі мен дарындылығын айқындайтын күйлердің бірі. Қазақ даласынан алғаш Омбыға келіп, тар көшелердегі ығы-жығы адамды, көлік қозғалысын, үлкен қаланың тіршілігін көрген сазгер әсерін күй тілімен бейнелеген.

«Сарыарқа»

«Сарыарқа» — ұлттық өнерімізді әлемге танытқан әйгілі туынды. Ол күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған. Қуғын-сүргін көрген шақта жазылған бұл күй — халықтың еркіндікке, азаттыққа ұмтылысының жарқын көрінісі.

Би

«Қамажай»

Көрініс

«Салық өлген» күйі

Батыс күйшілік дәстүрі және орындаушылық мұра

Өлкелік мектеп

Қазақтың күйшілік өнері ерекше өркен жайған өңірлердің бірі — Батыс Қазақстан. Бұл дәстүрдің көрнекті өкілдері қатарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Түркеш аталады.

Көрініс

«Қорғансыздық»

Жыр жолдары және күй

Қағылды кейде бір күй дабылдай боп, бұрқырап кетті тұтап дауылдай боп… Әйтеуір, қырдан көшкен сарынндай боп.

Күйші елі домбырасын аңыратып, халықты әсем сазбен жадыратқан. Құрекең, Дина, Қали, Шамғондар да осы өңірдің өнер бесігінен түлеген.

Күй

«Балбырауын»

Құрманғазы өмірінің тарихи тізбесі

Хронология (қысқаша деректер)

  1. 1823 — қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келді.
  2. 1836–1840 — малшылықты қойып, өнер жолына түсті; күйші Ұзақпен ел аралады.
  3. 1836–1838 — Махамбет пен Исатай көтерілісінің әсерімен «Кішкентай» атты алғашқы күйлерінің бірін шығарды.
  4. 1830–1840 — композиторлық өрісі кеңейіп, ондаған күй тудырды.
  5. 1845–1850 — Жем, Сағыз бойын, Маңғыстау, Үстірт өңірлерін аралады; нағашылары Төремұрат, Нарыбай елінде болды.
  6. 1850 — Орынбор түрмесіне қамалды; көп ұзамай қашып шықты.
  7. 1857 — қараша айының басында абақтыдан қашты.
  8. 1857–1860 — өзге ауылдарда бой тасалап жүрді.
  9. 1860–1863 — елге оралды.
  10. 1864 — «абақтыдан кетті» және «мал ұрлады» деген айыппен Орда абақтысына жабылып, 12 жыл 7 ай жатады.
  11. 1868 — журналист Н. Салвичевпен кездеседі; Орал түрмесіне түседі.
  12. 1870 — Астраханнан шақырту келіп, қайтадан түрмеге жабылады; Сананжан есімді қалмақпен танысып, қашып шығады.
  13. 1882 — Краснояр түрмесінде жатады.
  14. 1884 — билеуші Мақаш Бекмұхаммедовтан көмек сұрап, ақ паспорт алады.
  15. 1885–1890 — Сахма өңіріне көшіп келеді.
  16. 1890–1895 — тыныш өмір кешіп, аң аулайды; шәкірт тәрбиелейді.
  17. 1896 — Астрахань облысы Володор ауданындағы Алтынжар ауылында қайтыс болды.

Қорытынды

1-жүргізуші

Мұңдасы көшкен қиялдасын, ал тебірет — ақ сақалды күй атасы… Сені тыңдап баяғыдан өлкеміздің өзені де, тауы да, қия тасы да сыр шертетіндей. Күйің талай жанның ашулы, ащы өзегін жарып өтіп, жігер берген.

2-жүргізуші

Мұнда асылдың сынықтары да бар, дауылдың ізі де, жасынның табы да бар. Әр мұрағат төрінен ғасырлар сырын шешіп, үн қатады. Бабалар мұрасын сағынғанда, бағытыңды мұражайға бұрсаң — тарих та, тағылым да тереңдей түседі.

Ұсыныс

Құрманғазы мұрасымен жақынырақ танысу үшін жергілікті мұражайға бару.