Үстеулерді қатыстырып, сөйлемдер құрау
Сабақ тақырыбы
Сын-қимыл үстеулері (4-сынып)
Мақсаты
Үстеудің мағыналық топтарын ажырату.
Міндеттері
- Сөйлем ішінен үстеулерді тауып, сұрақ қою арқылы мағынасын тану; үстеулердің ұқсастықтары мен ішкі айырмашылықтарын салыстыру.
- Оқушылардың білім-біліктеріне сүйене отырып, өздігінен іздену дағдысын, іскерлік қабілетін және қорытынды жасай алуын дамыту.
- Оқушыларды нақтылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі
Қорытындылау сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- Танымдық іздендіру
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру, талдау, қорытындылау
Көрнекілік
- Түрлі түсті шаршылар
- Сөздер жазылған қағаздар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жұмыс барысында көтеріңкі көңіл күй мен сәттілік қалыптастыру үшін бір-бірімізге қарап жымиып, көңілімізді көтеретін зат есім айтайық, етістік арқылы сәттілік тілейік, сын есіммен еркелетейік.
Мысал: «Аружан, әдемісің, үміттенемін.»
II. Негізгі бөлім
1) «Артық сөзді тап»
Түстер арқылы белгілеу
Оқушылар берілген сөздер тізбегінен артық сөзді тауып, санмен белгіленген түстер арқылы көрсетеді.
Тізбек 1
үстеу, сын есім, қосымша, етістік
Тізбек 2
мезгіл, сан, сын-қимыл, мекен
Тізбек 3
қалай? қашан? қайда? кім?
Тізбек 4
кеше, жоғары, артта, төменде
Тізбек 5
түнде, түсте, таңертең, кеше
Тізбек 6
үстеу, үскірік, үміт, Үсен
Жаттығулардан кейін үстеу туралы білетінімізді қорытындылаймыз.
2) Оқулықпен жұмыс (522-жаттығу)
Берілген үстеулерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
I қатар
түсте, тез, қысы-жазы
II қатар
бүгін-ертең, орын-орнына, бүрсігүні
III қатар
сыртта, қысы-жазы, оқта-текте
Әр қатардан бір оқушы тақтаға шығып, бір сөйлемнен жазады. Жазылған сөйлемдер сөйлем мүшелеріне талданады.
3) Көп нүктенің орнына үстеулер қою
Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына мағынасына сай үстеулерді қойыңыз.
а) .................... төрт түлігі сай бай болыпты.
ә) Серік мектепке менен .................... келді.
б) .................... жүрші, Көкшолақ, .................... жүрші, Көкшолақ.
в) Керегені құшақтап, .................... құлады. («Қыз Жібек» жырынан)
г) Сен .................... артықтау кеттің, Жазықбай.
Керекті сөздер
баяғыда, кейін, олай, былай, етпетінен, тым
4) Алдын ала берілген тапсырма
Оқушыларға үстеулер қатыстырылған қазақ жұмбақтары мен мақал-мәтелдерін жазып келу тапсырылған. Сабақта екі оқушының жұмысымен танысамыз.
5) Дара және күрделі үстеулер
Төмендегі үстеулерді дара және күрделі түрлеріне бөліп жазыңыз:
III. Қорытынды
Бүгін тапсырмаларды шапшаң әрі дұрыс орындап, ауызша да, жазбаша да белсенді жұмыс істедіңдер. Кейбір оқушылар біле тұра өз деңгейін толық көрсете алмады, ал кейбірі өте жоғары нәтижеге жетті. Қалай болғанда да, сыныбымызда жаттыққан, білімді, сауатты оқушылар көп екені байқалды.
Сұрақ: «Мен неше үстеу қолдандым?» (9)
IV. Үй тапсырмасы
Абайдың «Жаз» және «Жазғытұры» өлеңдерінен үстеулерді теріп жазу.
V. Бағалау
«Өз білімімді дұрыс көрсете алдым» дегендеріңіз қызыл түсті, ал «білімімді көрсете алмадым» дегендеріңіз сары түсті көтеріңіздер.