Жаңа сабақ бойынша пікірің, сұрағың

6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырып: «Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев»

Пән

Музыка

Сынып

6-сынып

Негізгі тұлға

Әнші, композитор — Алтынбек Қоразбаев

Оқу мақсаттары

Оқушыларға сырлы әндерімен халыққа кеңінен танымал әнші, композитор А. Қоразбаев туралы деректер мен тың ақпараттар ұсыну арқылы өнерге деген көзқарасын қалыптастыру.

Оқушының танымдық қабілетін дамытып, оны саналы деңгейге көтеру; білімді тұлғаға бағдарлау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойы жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар оқушы тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірмелі әдіс
  • Диалогтік оқыту
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Сабақтың құрылымы

Басы

  • Сыныптағы оқушылардың санын анықтау.
  • Оқу құралдарының дайындығын және көңіл күйін бақылау.
  • Үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабаққа көшу.

Ортасы

1) Кіріспе

  • Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру.
  • Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Топқа бөлу:
    • 1-топ: «Үшқоңыр»
    • 2-топ: «Шашбаулым»
    • 3-топ: «Бозторғай»

2) «Миға шабуыл» сұрақтары

  1. Қандай тарихи әндерді білесіңдер?
  2. Ә. Бейсеуовтың «Армандастар» әні қалай дүниеге келді?
  3. «Армандастар» әнінің мәтіні сендерге қандай ой салды?

3) Дауыс жаттығуы

Күй сандықты ашайық, до, до, до.

Тілдерін біз басайық, до, до, до.

Бас дыбысты басайық, до, до, до.

Жайлап әнге салайық: до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до.

4) Ән орындау

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындау.

5) Ой шақыру

Домбырамен «Әгугайды» жырлаған,
Қыздарға «Шашбаулымды» сыйлаған.
Қара кемпір, қара шалды әнменен,
Халқына өшпес мұра етіп қалдырған кім?

Жауабы: А. Қоразбаев

6) Музыка тыңдау

А. Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» әнін тыңдау. Тыңдау барысында әннің орындаушысы мен композиторын ажырату (портрет көрсету арқылы).

7) Оқулықпен жұмыс

  • Портреттегі тұлға сендерге таныс па?
  • «Сырлы әндерімен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев» тақырыбы бойынша талқылау: А. Қоразбаев туралы не білесіңдер?
  • Жаңа сабақты үй тапсырмасымен байланыстыру.

8) Жаңа ән

«Көк тудың желбірегені»
Әні: Ермұрат Зейіпхан
Сөзі: Алмас Ахметбекұлы

Мәтінмен жұмыс

Мағыналық талдау, негізгі ойды табу.

Әуенді үйрету

Дұрыс тыныс алу, фразалау, дикция.

Сүйемелдеумен орындау

Әннің 1–2 шумағын үйретіп, сүйемелдеу арқылы орындату.

Салыстыру сұрағы

Тыңдалған ән мен үйренген әннің ұқсастығы қандай?

9) Постермен жұмыс және орындау форматы

1-топ: «Үшқоңыр»

А. Қоразбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Орындау: шапалақтау арқылы

2-топ: «Шашбаулым»

А. Қоразбаевтың әндері.

Орындау: аспаптар арқылы

3-топ: «Бозторғай»

А. Қоразбаевтың шәкірттері.

Орындау: адымдай жүріп

Негізгі ой

Өнерді түсіну — тыңдау, талдау және орындау мәдениетін қатар дамыту. Ән арқылы тарихи жады, туған жерге сағыныш, елдік рух пен ортақ құндылықтар күшейеді.

Соңы

Ой қорыту стратегиясы

  1. Бүгін мен не үйрендім?
  2. Маған не ұнады, не ұнамады?
  3. Жаңа сабақ бойынша пікірің немесе сұрағың қандай?

Мұғалімнің түрткі сұрақтары

  • «Мен бүгін не білдім?» сұрағы аясында қысқа рефлексия.
  • Тақырыпқа байланысты нақтылау сұрақтарын қою.

Автор туралы мәлімет

Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің музыка пәні мұғалімі — Дүйсенғазиева Алмагүл Бисенбайқызы.