Сабақтың жүргізілуі

Сабақ тақырыбы

§22. Энергия.

§23. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: энергияның түрленуі кезіндегі негізгі формулаларды оқып, түсініп, қолдануды үйрену.
  • Дамытушылық: 7–8-сыныптарда алған энергия туралы білімді тереңдету және жүйелеу.
  • Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа және достыққа тәрбиелеу.

Қамтамасыз ету

  • Көрнекіліктер: компьютер, суреттер, электрондық кітапша, үлестірме қағаздар.
  • Сабақ әдісі: топтық жұмыс.

Сабақтың құрылымы

Кезеңдер

  1. 1 Ұйымдастыру
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. 4 Бекіту
  5. 5 Бағалау
  6. 6 Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгендеу және сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару.
  • Сабаққа қажетті құралдарды дайындау.

Сабақтың басында әр топқа «Блов ағашы» парағы беріледі. Сабақ соңында оқушылар бастапқы және қорытынды түсініктерін фломастермен белгілеп, өз өзгерісін талдайды.

Топқа бөлу және бағалау

Үй тапсырмасын сұрау кезінде сынып топтарға бөлінеді. Ол үшін оқушыларға төрт түрлі суреті бар карточкалар таратылады.

1-топ

Ұшақтардың суреттері

2-топ

Зымырандардың суреттері

3-топ

Өлшем бірліктер

4-топ

Физикалық шамалар

Топ ережелері

Әр топ өз ережелерін атап өтеді. Мысалы: ұйымшыл болу, уақытты үнемдеу, өзара құрмет, әділ бағалау.

Бағалау парағы

Әр топ басшысы сайланып, оған бағалау парағы беріледі. Тапсырмалар орындау барысында топтың жұмысын белгілеп, қорытынды бағасын ұсынады.

Қалыптастырушы кері байланыс

Сабақ соңында «Блов ағашы» арқылы оқушылар өз білімінің қалай өзгергенін көрсетіп, таңдауының себебін қысқаша түсіндіреді.

Үй тапсырмасын еске түсіру: постер құру

Реактивті қозғалыс тақырыбын еске түсіру үшін әр топқа сөздер, фломастерлер және плакаттар таратылады. Оқушылар өз білетіндерін түрлі түсті қағаздарға жазып, плакатқа жабыстырып, кейін топ алдында қорғайды.

Постердің мазмұны

  • Циолковский
  • Байқоңыр
  • Зымыранның қозғалыс принципі
  • Көпсатылы зымыран

Дайын болған топ белгі ретінде 3 рет шапалақтайды.

Жаңа сабақ: энергия және оның түрлері

Жаңа сабақта дененің күйі ұғымымен танысып, энергияның сақталуы және бір түрден екінші түрге айналуы туралы түсінікті нақтылаймыз.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. 1 «Дене күйі» деген ұғымды қалай түсінеміз?
  2. 2 Потенциалдық энергия қандай шамаларға тәуелді?
  3. 3 Кейбір формулаларда неге «минус» таңбасы кездеседі?
  4. 4 Кинетикалық энергия қандай шамаларға тәуелді?

Бекіту және қорытынды

  • Топтар «Блов ағашы» парағын толтырып, таңдаған белгілеулерінің себебін түсіндіреді.
  • Топ басшылары бағалау парағы бойынша қорытынды бағаларды жариялайды.

Үй тапсырмасы

Оқу

§22, §23

Жаттығу

19-жаттығу (5)

Бет

77–82-беттер