Сан есімдерді сөзбен жаз

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі сан есім.

Сабақтың мақсаты

  • Дара және күрделі сан есім туралы білімдерін бекіту.
  • Сөйлем ішінен сан есімдерді ажырата білу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі
Саяхат сабағы.

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

  • Талдау, практикалық жұмыс, көрнекілік.
  • Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Мұғалім оқушылардың назарын тақтаға аударып, сабақтың тақырыбы мен жұмыс форматын қысқаша хабарлайды.

Ә) Психологиялық дайындық

Сұрақ: Балалар, тақтадағы суретте не бейнеленген?

Жауап: Бұл — күн.

Сұрақ: Күннің қандай қасиеті бар?

Жауап: Жер бетіне жылуын таратады.

Күн көзінен тараған жылуды бойымызға жинап, бір-бірімізге жылылықпен, мейірімділікпен күлімдеп қарайық.

Күннің айналасында 9 планета айналады. Олар Күннің айналасында орналасқандықтан, бұл жүйені Күн жүйесі деп атаймыз. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі — осы ғаламшарларға саяхат жасаймыз.

  • Меркурий
  • Шолпан
  • Марс
  • Юпитер
  • Сатурн
  • Уран
  • Нептун
  • Жер
  • Плутон (тарихи атау)

Қайталау сұрақтары

  • Ең бірінші ғарышқа ұшқан кім? Қай жылы?
  • Қазақстандық ғарышкерлер кімдер?

Саяхатымызды жалғастырмас бұрын, үй тапсырмасын тексеріп алайық.

II. Үй тапсырмасы

Төмендегі сан есімдерді дара және күрделі түрлеріне бөліп, сөзбен жазыңыз:

9, 588, 45, 797, 25, 10, 888, 5

Сан есім Дара сан есім Күрделі сан есім
Жауап

Көркем жазу минуты

Пп — пиала, перде.

Саяхатымызды жалғастырайық. Ғарышқа немен ұшамыз? Дұрыс, зымыранмен. Ұшу үшін бізге билет қажет. Билетті тек жұмбақты шешкенде ғана аламыз.

Әр ғаламшарда бізді тапсырма күтеді. Дайынбыз ба?

Ғаламшарлар бойынша тапсырмалар

Меркурий

1-тапсырма

Дара сан есімдерді күрделі сан есімге айналдырып жазыңыз:

Жеті, он, отыз, сегіз, тоғыз, елу, қырық, бір, бес.

Үлгі: жеті — жетпіс жеті, …

Шолпан

2-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Ішіндегі дара және күрделі сан есімдерді теріп жазыңыз.

Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар, Жеті күннен құралады әр апта: — Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, — деп, Ойланбастан шыға аламын санап та!.. Ал отыз күн бір айыңды құраса, Он екі ай — жыл, көп емес қой бұл аса. — Үш жүз алпыс бес күн бар, — деп, — бір жылда! — Жауап берем, егер біреу сұраса. Қалай менің уақытым бос өтпек, Кер жалқау боп жатып алман төсекте! Үш жүз алпыс бес күн деген, шынында, Аз ба, көп пе… Көрші, өзің есептеп!..

Марс

3-тапсырма

Сөйлемдерді көшіріңіз. Сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық мұхитының ең терең жері 11 километрдей болады. Ал теңіздің саны — 30. Жан-жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана. Олар: Каспий және Арал теңіздері.

Юпитер

4-тапсырма

Есте сақтау жаттығуы: 1 минут ішінде берілген мәліметті есте сақтаңыз.

Сатурн

5-тапсырма

Өзіндік жұмыс: мәтіннен сан есімдерді тауып, сұрақ қойыңыз және түрлеріне бөліп жазыңыз.

Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы дүниеге келген. Ол он сегіз жасында Омбы қаласына келіп, қалалық цирктен балуандар күресін көреді. Бір күні орыстың күшті балуандарының бірі А. Злобин: “Көрермендер арасынан күрескісі келетін адам бар ма?” — деп сұрайды. Кілемге он сегіз жасар Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуде А. Злобин Қажымұқанды әрең жеңеді. Осыдан соң оның күрестегі үлкен жолы басталады. Күрес тәсілдерін жете меңгерген Қажымұқан 1908 жылы дүниежүзілік аренаға шығады. Қажымұқан классикалық күрестегі тамаша жеңістері үшін 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған.

Уран

6-тапсырма

Жұмбақтарды шешіңіз:

  1. 1)

    Бір, үш, бес, он,
    Жиырма, елу,
    Жүз, екі жүз, мың бар.
    Әрқайсысының құны бар.

    Жауабы: Теңгелер.

  2. 2)

    Жүз мүйізі бар,
    Үстінде киізі бар.

    Жауабы: Киіз үй.

  3. 3)

    Қос құлақты, жүз тісті,
    Жүзінен бірақ іс түсті.

    Жауабы: Ара.

  4. 4)

    Алпыс төрт бөлмеде отыз екі тұрғын бар.
    Ақ, қара қып бөлгенде,
    Бірін-бірі қуғындар.
    Ханы үшін де, жаны үшін де
    Бермейді олар намысын.

    Жауабы: Шахмат.

  5. 5)

    Бір ағаштың он екі бұтағы бар.
    Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
    Жапырақтың бір жағы ақ,
    Бір жағы қара — кәнеки, ойлан тап?

    Жауабы: Жыл, ай, тәулік, күн мен түн.

Нептун

Шығармашылық тапсырма

Төмендегі «санмен берілген» сөздерді толық жазып, мағынасын түсіндіріңіз.

  1. Піл к3ті, піл к9ті емес, тіл к3ті.
  2. 6н балдақ — қол сәні, әшекей кесте — т10 сәні.
  3. 1еу білмегенді, 1еу біледі.
  4. Әкесіз 7м — жарты 7м. Шешесіз 7м — анық 7м.
  5. Өм’1р мен еңб2‘ — ’8.
  6. Өм’1р адам б6асын еңб2‘ке үйр‘7’ еді.

Сабақты бекіту

Саяхат аяқталды — Жерге қонамыз. Төмендегі сұрақтар арқылы білімді қорытындылаймыз:

  • Сан есім дегеніміз не?
  • Сан есімнің сұрақтары қандай?
  • Сан есімге мысал келтір.
  • Құрамына қарай сан есім нешеге бөлінеді?
  • Мағынасына қарай сан есім нешеге бөлінеді?

Үй тапсырмасы

4-жаттығу, 139-бет.

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және дәлелді жауаптарына қарай бағаланады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}