Топтық сайыс сағаты
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың мақсаты
Танымдық мақсат
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін шыңдау және білімге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс құрылымы
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр бөлім оқушылардың логикалық ойлауын, шапшаң есептеуін және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуды көздейді.
-
1Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсіміКомандалардың таныстыруы және жылы лебіздері.
-
2Бәйге (мақал-мәтел / логикалық тапсырмалар)Мақалдың жалғасын табу және ой ұшқырлығын тексеру.
-
3Тез есептеКезекпен бір ғана амал орындап, нәтижеге бірлесе жету.
-
4Логикалық сұрақтарАлғаш қол көтерген топ жауап береді; бір рет жауап берген топ қайта жауап бермейді.
-
5Кім жылдам?Қысқа сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап беру кезеңі.
-
6ЖұмбақтарЖауап бере алмаса, қарсы топ жауап беруге құқылы.
-
7Капитандар сайысы1 минутта 10 сұрақ. Білмесе — «келесі» деп өтеді.
-
8ҚорытындыҚазылар бағасы жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.
Жүргізушілердің амандасуы
Сахналық мәтін (өңделген нұсқа)
Диалог ықшамдалып, мағынасы сақталды.
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Ағайын тілін табайын.
2-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар! Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
1-жүргізуші: Есенсіздер ме, ұстаздар — шаршамайтын қыс-жаздар!
2-жүргізуші: Ізетке ие інілер, еті тірі жігіттер!
Екеуі бірге: Бәріңізге бір сәлем!
1-жүргізуші: Ендеше, кешті бастайық.
2-жүргізуші: Екеуміз де енді саспайық.
Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!
Сіздерді «Математикалық сандық» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлеміне саяхат жасап, оның қызықты әрі сан қырлы екенін бірге дәлелдейміз.
Ал енді сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық!
Әділқазылар алқасы
Әділқазыларды төрге шақырып, сайыстың әр кезеңіне сай әділ бағалау жүргізіледі. Командалардың шеберлігі мен білімі сарапталып, ұпайлар қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.
I тур: Таныстыру
Әр команда өз ұранын, мақсатын және командалық рухын таныстырады.
«Алғырлар» тобы
Шақырып жарыстарды сан-салалы, «Алғырлар» топ жарғалы зер салады!
Ту етіп достық пен татулықты, «Тапқырлар» командасын қарсы алады!
Жеңіс туың желбіреп алауласын, бәйгені сенен ешкім ала алмасын!
Әділқазыларға сәлем
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем! Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір — сарапқа салып, әділдікпен шеше біл!
«Тапқырлар» тобы
Осындай алғыр достар кез келгенде, жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не!
Қарсылас болғанымен құрбысыңдар, тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Бүгінгі сайыста достарына: «Қашанда тапқыр бол!» — деп үн қатады.
Әділқазыларға сәлем
Достық пен бірлікті етіп тұлға, жеңіске жеткен едік талай сында. Қара қылды қақ жарар әділқазым, «Тапқырлардың» еңбегін әділ сына!
II тур: Бәйге (мақал-мәтел жарысы)
Әр топқа 6 мақал оқылады. Мақалдың жалғасын табу қажет.
«Алғырлар»
- 1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)
- 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
- 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
- 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
- 5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
- 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
«Тапқырлар»
- 1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
- 2. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
- 3. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
- 4. Білімнің басы — бейнет, (соңы — зейнет)
- 5. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)
- 6. Ақыл азбайды, (білім тозбайды)
III тур: Тез есепте
Әр топқа бірдей есеп беріледі. Әр командадан кезекпен бір оқушы шығып, тек бір ғана амалды орындайды.
(43×19 − 26928 ÷ 33) × (16112 ÷ 53 − 304)
IV тур: Логикалық сұрақтар
Бұл кезеңде сұрақтар екі топқа ортақ қойылады. Қай топ бірінші қол көтерсе — сол жауап береді. Бір рет жауап берген топ қайта жауап бермейді.
V тур: Кім жылдам?
Бұл кезеңде де сұрақтар екі топқа ортақ. Жауапты барынша жылдам беру керек.
VI тур: Жұмбақтар
Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі. Жауап болмаса, қарсы топ жауап бере алады.
«Алғырлар» жұмбақтары
Нәрселерді санағанда, керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы, бұл қандай сан?
Жауабы: натурал сан
Өмірің сенің қызық, жолыңда жоқ түзу сызық. Басы да жоқ, аяғы — бір айналым баяғы.
Жауабы: дөңгелек
Дүкеннен сабын алдым, оның қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, тіс ысқышты тағы алдым. Барлығы қанша?
Жауабы: 6
«Тапқырлар» жұмбақтары
Өзінде бас та, қас та, мойын да жоқ, ұзындығы бойында жазылып тұр.
Жауабы: сызғыш
Бір-бірімен жарысқан: 4 аю, 1 арыстан, 2 қой және 1 түлкі. Бәрі нешеу?
Жауабы: 8
Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер.
Жауабы: 8
VII тур: Капитандар сайысы
Әр топтың капитаны 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді. Егер жауабын білмесе, «келесі» деп өтеді. Дұрыс жауап — 5 ұпай.
I топ (капитанға)
- Оқып отырған алгебра кітабының авторлары: Алдамұратова, Байшоланов
- 7 майшам жанып тұр, 4-еуін сөндірсек, қанша майшам қалады? 4
- 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандардың қосындысы: 55
- 10 санының кері саны: 1/10
- Үш пар ат 60 км шауып өтсе, 1 ат неше км шауып өтеді? 60 км
- Қайсысы ауыр: 1 кг түбіт пе, 1 кг темір ме? екеуі тең
- Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? 4 сағат
- Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? бос ыдыстан
- Сағаттың төрттен бір бөлігі: 15 минут
- 225 — қай санның квадраты? 15
«Тапқырлар» тобы (капитанға)
- 25 саны 100-дің неше бөлігі? 1/4
- Айдос туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн? 29 ақпан
- Үстелде 3 стақан сүт бар. Бір стақан сүт ішілді. Үстелде неше стақан қалды? 3
- Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Барлығы қанша бала? 6
- Столдың 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5
- Бір жұмыртқа 5 минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? 5 минут
- Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойса, 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? үтір
- 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. 98
- Ұшақ Семейден Алматыға 1 сағат 20 минут ұшады, кері қарай 80 минут ұшады. Неліктен? екеуі тең
- 25-тің квадраты: 625
VIII тур: Қорытынды
Қорытынды жасау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар марапатталады. Сайыс соңында қатысушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы ерекше атап өтіледі.