Қарағай - судан қашықтап, Шөлге біткен бір дарақ
Ханға жауап айтпасам,
Ханның көңілі қайтады.
Қандыра жауап қатпасам,
Халқым не деп айтады?
Хан Абылай, Абылай,
Қайғылы мұндай хабарды
Сұрамасаң не етеді?
Сұраған соң айтпасам,
Кісілігім кетеді.
Енді айтайын, тыңдасаң,
Маған қаһар қылмасаң.
Қарағай - судан қашықтап,
Шөлге біткен бір дарақ.
Шортан - шөлге шыдамсыз,
Балықтан шыққан бір қарақ.
Ойлама шортан ұшпас деп,
Қарағайға шықпас деп.
Күнбатыстан бір дұшпан
Ақырда шығар сол тұстан.
Күншығысқа қарайды,
Шашын алмай тарайды.
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ,
Өзі сынды бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір
Жаяулап келер жұртыңа!
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа.
Жебірлерге жем беріп,
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей, ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды,
Есепке салар барыңды,
Еліңді алар қолыңнан,
Әскер қылар ұлыңнан!
Бұл айтқаным, Абылай,
Болмай қоймас артыңнан.
Тексізді төрге шығарып,
Істетер сұмдықты ұйғарып.
Асан сөзі осылай
Бүгін үшін аһ ұрған.
Жауабыма қандың ба,
Естіп болып қартыңнан?!
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
Қазақстандағы орман шаруашылығы мен орманды аймақтарда мемлекеттік тілдің қолданылуы: әлеуметтік лингвистикалық, когнитивтік лингвистикалық қырлары
Аш бөрі
Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы
М. Әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі
Арал теңізінің тарихы
Каналды бетонмен каптап, жылына
Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы