Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы
Сайыстың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтап, жүйелеу арқылы бекіту.
Дамытушылық
Пәнге деген қызығушылықты арттыру, белсенділікті дамыту, топпен жұмыс істей білу қабілетін жетілдіру және шығармашылық әлеуетті күшейту.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
Ойындар мен тапсырмалар
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін ғана емес, ептілігін, жылдамдығын және топтық үйлесімін де тексереді.
1) Таныстыру
Әр топ өзіне атау қойып, оны қысқаша таныстырып қорғайды және қарсыластарына сәттілік тілейді.
2) Құрастыру
Топ мүшелері кедергілерді құлатпай жүгіріп барып, берілген тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше сөз құрастырып жазады. Бір сөзді екі рет қайталауға болмайды.
1-топқа берілетін сөз
Ақпараттандыру
2-топқа берілетін сөз
Информатика
3) Өрмекші
Оқушы допты домалатып жүгіріп барып, сұраққа жауап береді. Кейін допты қолына ұстап кері жүгіріп қайтады.
Сұрақтар
- Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы — монитор.
- Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы — пернетақта.
- Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қабылданатын объект — файл.
- Ағылшынның information сөзінен шыққан термин — информация.
- Ұзақ уақыт кең таралған, арзан әрі қолайлы принтер түрі — матрицалық.
- Ақпараттың құрамдас бөлігі — мәлімет.
- Тышқанның ағылшынша атауы — mouse.
- «Текстің» қазақша атауы — мәтін.
- Мәліметті басып шығару құрылғысы — принтер.
- Мәліметтерді тасымалдау құралдарының бірі — диск.
- Жад көлемі өлшенетін бірлік — байт.
- Мәтін жазуға арналған қарапайым бағдарлама — WordPad.
- Бос орын қалдыру пернесі — Space (Пробел).
- Сурет салуға арналған редактор — Paint.
- Жыпылықтап тұратын тік сызықша — меңзер (курсор).
- Бас әріптер режимін іске қосу пернесі — Caps Lock.
- Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы — CD-ROM.
- Принтердің түрлері — лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.
- Информацияның өлшем бірліктері — бит, байт.
- Меңзерді келесі жолға түсіру пернесі — Enter.
- Дыбыс шығаратын құрылғы — колонка.
- Компьютер қосылғаннан кейін объектілер орналасқан экран — жұмыс үстелі.
- Компьютер жанына қойылатын өсімдік — кактус.
- Интернетке қосылу үшін қажет құрылғы — модем.
- Компьютердің «миы» — процессор.
- Файлдар сақталатын орын — папка.
4) Полиглот
Оқушы допты жерге ұрғылап барып, қоржыннан жасырылған жұмбақты шешеді. Жауабын қазақша айтып, кейін ағылшын және орыс тілдеріне аударып жазады.
Жұмбақтар
- Сырты жасыл қатты, іші қызыл тәтті — қарбыз.
- Ағайынды бәрі: шықса — көк, түссе — сары — жапырақ.
- Шәкіртке жанашыр, мейірімді, жаны асыл — ұстаз.
- Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама — кітап.
- Жазу жаза жалықпаған, жаза-жаза арықтаған — бор.
- Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы — мектеп.
- Қыста киімін тастайды, көктемде киіне бастайды — ағаш.
- Үш тілі бар, тықылдаған үні бар — сағат.
- Аспанда алып доп, жарқырайды жарық боп — күн.
- Әдемі түнде мен жүрсем, жүреді бірге — ай.
- Дәмін татсаң — тәтті-ақ, түсін көрсең — аппақ — қант.
- Мұрты бар, сақалы жоқ, тоны бар, шапаны жоқ — мысық.
- Көреді бәрін өзгенің, көрмейді бірақ өздерін — көз.
- Керек санды тересің, елге сәлем бересің — телефон.
- Айбат шеккен алыстан, аң патшасы — арыстан.
- Өзінше ноян, қорқақ кім? — қоян.
- Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды; жерде де жүреді, бауырлап жатпайды — ұшақ.
- Шіркіннің өзіне обал-ақ, жүреді аяқта домалап — доп.
- Аяғы жоқ жүреді, сылдыр-сылдыр күледі — бұлақ.
- Жасыл ала дөңгелек, бақшада жатыр дөңгелеп — қарбыз.
- Қарап тұрсаң өзіңе, сурет түсер көзіңе; ол суретіңе ұқсайды, тура сенің өзіңе — айна.
- Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр — бағдаршам.
- Гүл ұшып гүлге қонады, гүлбағым гүлге толады — көбелек.
- Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді — ауа.
- Ақ көбелек қонды, құстар енді тонды — қар.
- Аяқсыз жетіп алады, қолсыз есік қағады — жел.
5) Кім жүйрік?
Қатысушылар берілген мәтіндегі қалып қойған сөздерді жылдам әрі дұрыс толықтырып жазады.
6) Қылқалам сыры
Әр топқа плакат беріледі. Тапсырма: болашақтағы компьютердің үлгісін суреттеп салу. Соңында бір оқушы шығып, жұмысты қорғайды.
7) Құрылғылармен өлең құрастыру
Информатикаға қатысты құрылғыларды (мысалы: монитор, пернетақта, тышқан, принтер) пайдаланып, қысқа өлең немесе шумақ құрастыру.
Қорытындылау және марапаттау
Сайыс соңында «Дарабоз» жарысы қорытындыланады: әділқазы алқасына сөз беріліп, жеңімпаз анықталады.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталады.