Баланың сапалы білім алуы үшін ата - ана тарапынан жасалатын жағдайлар
Танысу
Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: «Мен сымбатты Сайрангүлмін» немесе «Мен ақкөңіл Анармын».
Ендеше, барлығымыз жайғасып, жұмысты бастайық.
Өзіңді-өзің танысаң — істің басы
Бұл бөлім — «Жақсы немесе жаман қасиеттер» тренингі. Мұнда Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі:
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Бұл жұмбақтағы «сегіз батырдың» біріншісі — жақсылық, екіншісі — жамандық. Оларды кез келген адам өз бойынан таба алады. Ол үшін айнадағы бейнемізге қарап, шынайы ойлану жеткілікті.
Жаттығу (3 минут)
Берілген парақтың оң жағына жақсы қасиеттеріңізді, сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазыңыз.
Оң жақ
Жақсы қасиеттер
Сол жақ
Жаман қасиеттер
Талқылау сұрақтары
- Қандай қасиеттерді көбірек жаздыңыз?
- Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
- Осыған дейін осы қасиеттер туралы ойланған ба едіңіз?
Әр қатысушы жазған қасиеттерін оқып шығады. Соңында мына сұраққа ой жүгіртеміз: жаман қасиеттерден арылғыңыз келе ме?
Ой қозғау: ата-аналармен топтық жұмыс
Ата-аналар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тақырып беріледі. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, постер дайындайды және қорғайды.
1-топ
Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
2-топ
Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
3-топ
Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?