Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай, Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай
Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай,
Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай?
Ақ нұрды жарқыраған от деп ұғып,
Білмей жатып таспенен атқан қандай?
Тағы да жүрген қандай, тұрған қандай,
Көңілді заманаға бұрған қандай?
Сақта деп қозғалмастан жата беріп,
Шалшықтай күнге қызып құрыған қандай?
Ұмтылып ілгері аяқ басқан қандай,
Пән оқып, тараққиға* асқан қандай?
Басқалар жанын салып ұмтылғанда,
Басымыз шоршып түсіп, қашқан қандай?
Өнерге іші-тысы толған қандай,
Ішінде жаһалаттық* солған қандай?
Жиырма жыл медреседе дауам етіп,
Қапшығы садақаның болған қандай?
Сәлдені оқшырайта киген қандай,
Сүзіліп басты төмен иген қандай?
Алатын тоқты-торым кеми ме деп,
Батыл * деп ақиқатқа тиген қандай?
Пітнені үсті-үстіне үйген қандай,
Миллеттен он тиынды сүйген қандай?
Қан қайнап бұл халдердің баршасына
Дәрменсіз дертті болып күйген қандай?
* Тараққи (арабша) — даму, ілгерілеу деген сөз.
* Жаһалат (арабша) — надан деген ұғымды білдіреді.
* Батыл (арабша) — өтірік деген сөз.
Жүзудің жеңілдетілген әдістерін үйрету
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ (1928)
Ежелгі үндістан мемлекетіңі қоғамдық құрылысы
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері: бас, қол-аяқ жараланганда стерильденген таңудын ережесі
Жанқожа бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісІ
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯ
Қазақ күресімен шұғылданушы студенттер
Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге болуі
Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «Ана» тақырыбы
ДУЛАТ ХҰСАЙЫНҰЛЫ МҰХАММЕД ХАЙДАР
Баянбай Хұсайынов
Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады
Он бес одақтас мемлекетке ортақ мерейтой болған Ұлы Жеңіске биыл 72 жыл толғанымен, бұл мерекенің тойланып келе жатқанына 55 жыл
Қандай бота
Абылай қалмақтарға жорықпен келе жатқанда қалмақтан жеті адам елші келіп, қалмақ ханы Серен хан
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз
Көрінбей қалай жүргенсің бұрын көзіме ерке қыз
Біз ешбір елге тәуелденбей, қой үстіне жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатқанымыз - Тәуелсіздіктің арқасы