Орыс сыныптары

Іс-шара мазмұны

Бұл материал «Тілім – менің тірегім» атты мерекелік концерттің жүргізілу желісін ұсынады. Мәтін оқушылардың ана тілі мен Отан құндылықтары туралы түсінігін кеңейтіп, тілге деген құрмет пен жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Тақырыбы

Тілім – менің тірегім

Мақсаты

Оқушылардың тіл мен Отан құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.

Көрнекіліктер

Оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.

Міндеттері

  • Aна тілінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  • Ана тіліне деген құштарлықты арттыру.
  • Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сценарий желісі

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тілім – менің тірегім» атты мерекелік концертке қош келдіңіздер.

Томирис пен Мақпалдың орындауындағы «Туған жер» әнімен кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Музыкалық нөмір

Ән:
«Туған жер»
Орындаушылар:
Таукелова Томирис, Қизатова Мақпал

Өлең үзіндісі

Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр-әнім.

Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Негізгі ой

Туған тілімізді, ана тілімізді құрметтейік, сыйлайық, биікке асқақтатайық. Қай ұлт, қай ел болмасын өз ана тілін жырға қосқан. Ендеше, біз де ана тіліміздің қадірін арттыра білейік.

Оқушылар орындауы

5-сынып оқушыларының ана тілі туралы өлеңдерін тыңдайық (орыс сыныбы).

Мың бұралып билеген,
Тал-шыбықтай иілген.

Би нөмірі

5–6-сынып қыздарының орындауындағы «Домбыра биі».

Тарихи-танымдық бөлім

Сонау V–VI ғасырлардан бастап уақыт сынынан өтіп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон–Енисей, Талас сына жазулары қазақ тілінің өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.

Қазақ тілі — Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің; Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын-жазушылардың; Қажымұқан, Бауыржан сынды батырлардың тілі.

Қазақ тілі — қазақтың жоғын жоқтаған Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстардың да тілі.

Өлеңдер (орыс сыныптары)

Келесі орыс сыныптарының орындауында тіл туралы өлеңдер тыңдаймыз.

Күй

«Нағыз қазақ – домбыра» деген нақылды еске ала отырып, Озатбектің орындауында күй: «Ерке сылқым».

Өлең жолдары

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Тіл туралы тағылым

Тіл балаға ананың ақ сүтімен бірге беріледі. Тіл адамды жақсы жағынан да, жағымсыз жағынан да танытады. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де.

Жанға жайлы, ізгі сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң — ұлтыңды ұлықтағаның. Ал басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең, олар сол тілді сөйлейтін халық бар екенін таниды. Демек, өз халқыңды өзге ұлттарға танытасың.

Егер ана тіліңді ешкім сөйлемесе, халықтың да болашағы әлсірейді. Сондықтан С. Торайғыровтың мына жолдарын ұмытпау маңызды:

Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Ән нөмірі

Ән:
«Жаса, Қазақстан!»
Орындаушы:
Қизатова Мақпал

Көрініс

5–6-сынып оқушыларының орындауындағы көрініс.

Қорытынды сөз

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, оны мақтаныш ету — әрбір азаматтың парызы.

Жүрегімнің бөлшегі

Қаның, жаның — тіліңде,
Арың, нәрің — тіліңде.
Ұмтыл оны білуге,
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

Ана тілің — ертегің,
Ана тілің — өркенің,
Ана тілің — ертеңің.
Қадірле ана тіліңді —
Жүрегіңнің бөлшегін.

Демек, ана тілімізді әрқашан биікке асқақтатайық. Сау-саламат болыңыздар! Көңіл бөліп келгендеріңізге рақмет!