Қызықты тәжірибелер

Кіріспе

1-жүргізуші: Құрметті қауым! Бүгін сіздер физиканың қызық та күрделі сұрақтарына жауап беріп, күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстардың өзінде қаншама заңдылық жатқанын байқайсыздар.

2-жүргізуші: Табиғатта физикалық құбылыстар сансыз көп. Бүгінгі кеште оқып-білгендеріңізді ортаға салып, әлі таныс емес құбылыстарды да физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.

1-жүргізуші: Физика — терең ойлауды, көп толғануды, тәжірибе жасап, көз жеткізуді қажет ететін пән. Ол асығыстық пен жалқаулықты ұнатпайды.

2-жүргізуші: Ендеше, достар, ғылым әлеміне қызықты саяхат жасайық!

Сайыс форматы

9-сынып оқушыларынан құралған аудитория екі командаға бөлінеді: «Тербелістер» және «Қозғалыстар». Әр команда капитанын сайлап, сайысты бастаймыз.

Бөлімдер

  1. Жұмбақтар
  2. Қызықты тәжірибелер
  3. Кім көп формула біледі?
  4. Кім жылдам?
  5. Иә немесе жоқ
  6. Сөз құрау
  7. Шешендік (капитандар сайысы)
  8. Қорытындылау

I бөлім — Физикалық жұмбақтар

Төмендегі жұмбақтар күнделікті өмірдегі құбылыстарды физикамен байланыстыра ойлануға көмектеседі.

1) Жұмбақ

Етек-жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай.
Түйдектеліп көшеді,
Тоз-тоз болып өшеді.

Жауабы: Бұлт

2) Жұмбақ

Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін.
Ротор-статордан құралымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны?

Жауабы: Генератор

3) Жұмбақ

Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.

Жауабы: Кемпірқосақ

4) Жұмбақ

Күндіз қасыңнан қалмайды,
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па — қараңғыға бармайды.

Жауабы: Көлеңке

5) Жұмбақ

Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді.

Жауабы: Су

6) Жұмбақ

Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.

Жауабы: Масса

7) Жұмбақ

Аса қажет өмірге, халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.

Жауабы: Ток

8) Жұмбақ

Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам-қағазсыз.

Жауабы: Компьютер

9) Жұмбақ

Көкке қараған,
Жұлдыз санаған.

Жауабы: Телескоп

10) Жұмбақ

Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды.

Жауабы: Электр есептегіш

II бөлім — Қызықты тәжірибелер

Тәжірибе 1: Магнит көмегімен түйреуішті алу

  • Қажетті құралдар: суы бар тәрелке, түйреуіш, магнит.
  • Орындалуы: магнитті су бетіндегі түйреуішке жақындатамыз. Түйреуіш магнитке тартылады да, судан оңай алынады.

Тәжірибе 2: Жұмыртқаның бөтелкеге “өзі” кіруі

  • Қажетті құралдар: бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған (пісірілген) жұмыртқа.
  • Орындалуы: қағазды тұтатып, бөтелкенің ішіне тастаймыз да, аузына жұмыртқаны қоямыз. Аз уақыттан кейін жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіріп кетеді.
  • Түсіндірмесі: бөтелке ішіндегі ауа қызады, кейін салқындағанда қысым төмендейді. Атмосфералық қысым жұмыртқаны ішке қарай итереді.

III бөлім — Кім көп формула біледі?

Бұл бөлімде плакатқа бірнеше формула жазылады. Командалар солардың ішінен қатесіз жазылған формулаларды табуы керек.

IV бөлім — Кім жылдам?

Екі командаға есептер беріледі. Оқушылар топтасып, мүмкіндігінше жылдам әрі дұрыс шығарады.

Музыкалық үзіліс: 9-сынып оқушысы Әбдіқұл Қуаныш «Мерекем» әнін орындайды.

V бөлім — Иә немесе жоқ

Жылдам сұрақ-жауап: тұжырым дұрыс болса — «иә», қате болса — «жоқ».

  • 1) Жолдың өлшем бірлігі секунд па?

    Жауабы: Жоқ

  • 2) Үдеу F әрпімен белгілене ме?

    Жауабы: Жоқ

  • 3) F = ma — Ньютон заңы ма?

    Жауабы: Иә

  • 4) Гук заңы F = mg пе?

    Жауабы: Жоқ

  • 5) Бұрыштық жылдамдық радианмен өлшенеді ме?

    Жауабы: Иә

  • 6) Бүкіләлемдік тартылыс заңын Ньютон ашты ма?

    Жауабы: Иә

  • 7) Желді күні асфальт беті тез кебе ме?

    Жауабы: Иә

  • 8) Дененің жерге тартылуы — үйкеліс күші ме?

    Жауабы: Жоқ

  • 9) Джоульмен өлшенетін физикалық шама — энергия.

    Жауабы: Иә

  • 10) Бірінші ғарыштық жылдамдық 11,2 км/с пе?

    Жауабы: Жоқ

VI бөлім — Сөз құрау

Екі командаға ортақ бір сөз беріледі: «Электродинамика». Міндет — осы сөзден мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрау.

VII бөлім — Шешендік (капитандар сайысы)

Екі командаға жазуы бар екі қағаз ұсынылады. Ұпайы көп команда бірінші болып таңдайды. Қағаздарда екі тақырып бар: «Физика» және «Информатика».

Жүргізуші: Енді топ басшылары, сөз сіздерде. Дайындыққа 3 минут беріледі. Содан кейін қазіргі таңда физика немесе информатиканың қоғамдағы және өз өмірлеріңіздегі орны туралы, сондай-ақ бұл ғылымдардың адамзатқа тигізетін пайдасы мен ықтимал зияны жөнінде ойларыңызды ортаға саласыздар.

VIII бөлім — Қорытындылау

Кешімізді физик-ғалымдардың өмірінен алынған екі қызықты оқиғамен аяқтайық.

1) Рентген туралы хикая

Рентген сәулелерін ашқан ғалымға бір адам хат жазып, «сәулелердің бірнешеуін және оларды қалай қолдану керегін көрсететін нұсқауды хатпен бірге жіберіңіз» деп өтініш білдіріпті. Хат иесінің айтуынша, оның кеудесінде оқ қалып қойған екен. Рентген былай деп жауап беріпті: «Өкінішке қарай, қазір менде бұл сәулелер жоқ, әрі оларды жіберудің өзі көп әуреге түсіреді. Сондықтан ең оңайы — маған өз кеудеңізді салып жіберіңіз».

2) Ампердің ұмытшақтығы

Ампер өзгелерден ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні үйден шығарда есігіне: «Мырзалар! Ампер үйде жоқ. Бүгін кешке келіңіздер» — деп жазып кетеді. Біраз уақыттан соң өзі үйіне келіп, жазуды оқиды да, кері бұрылып кетеді. Сөйтіп, шынымен-ақ үйіне кешке қайта келіпті.

Осындай көтеріңкі көңіл күймен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!