Интернет желісін қолдана отырып іздеу жүйелерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы
Интернет қызметтері
Сабақтың мақсаты
Білімділік: ауқымды интернет желісі туралы білімді меңгерту, интернетпен жұмыс жасау үдерісін жан-жақты түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлауын және басқару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды дербес өмір сүруге, еңбекқор әрі қарапайым болуға тәрбиелеу.
Техникалық-материалдық құралдар мен көрнекіліктер
- Компьютерлік жабдықтар
- Сабақ презентациясы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Журнал бойынша түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Кіріспе нұсқау
- Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III. Жаңа сабақ бойынша нұсқау
Internet көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Мысалы: қонақүй бөлмесін алдын ала брондау, ұшақ пен пойыз билеттеріне тапсырыс беру, спорт жарыстарының билеттерін алу, туристік сапар жоспарлау, мәтін аудару, әртүрлі тауарларды онлайн сатып алу және т.б.
Қандай да бір қызметті пайдалану үшін тиісті сайтқа кіру қажет (қонақүй сайты, туристік агенттік сайты, интернет-дүкен және т.б.). Мысалы, ұшақ билетін авиакомпанияның сайтынан рәсімдеуге болады. Сайттың мекенжайын интернет-жарнамалардан немесе іздеу жүйелері арқылы табуға болады.
Тапсырысты рәсімдеу қадамдары
- Қажетті қызметті таңдау.
- Сұраныс формасын дұрыс әрі толық толтыру.
- Өзіңіз туралы мәліметтерді мұқият енгізу.
- Ұсынылған төлем тәсілдерінің бірін таңдау.
- Жауапты/растауды күту.
Есеп айырысу түрлері
- Қолма-қол төлеу (тапсырысты алған кезде).
- Пластикалық картамен төлеу.
- Банк немесе пошта аударымдары арқылы төлеу.
- Электрондық ақша арқылы төлеу (қолданылса).
Internet-банкинг
Банк жүйесі — нарықтық экономиканың маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі.
Өз қаражатыңызды және несиелеріңізді тиімді басқару үшін Қазақстанның банк жүйесінде internet-банкинг қызметі қолданылады. Оның негізгі мәні — банкке бармай-ақ өз шоттарыңызға жедел қол жеткізу, ақпарат алу және төлемдер жүргізу мүмкіндігі.
Мысал
ТұранӘлемБанкі порталы (www.my.bta.kz) арқылы салымшылар ақпараттық және қаржылық қызметтердің кең ауқымын пайдалана алады.
Қаржылық операциялар
- Ақша аударымдарын өз бетімен жүргізу (картадан картаға және т.б.).
- Телефон байланысы, ұялы байланыс, ТВ және басқа сервистерге төлем жасау.
- Инновациялық депозит ашу, инвестициялар жасау мүмкіндіктері.
Бақылау және ақпарат
- Шоттар қалдығын, несиелер мен салымдар шарттарын қадағалау.
- Төлемдер мен аударымдардың уақытылы орындалуын бақылау.
- Зейнетақы салымдары мен бонустар туралы мәліметтерді көру.
Қосымша мүмкіндіктер
- Сыйлықтарға, гүлдерге, сақтандыру полисіне тапсырыс беру.
- Тегін жеткізілетін мерзімдік басылымдарға жазылу (Forbes, Harvard Business Review және т.б.).
- Шоттағы қалдық қаражат туралы ақпарат алу.
E-төлемдер (интернет-дүкендер)
Internet желісінің қарқынды дамуы көптеген интернет-дүкендердің пайда болуына ықпал етті. Интернет-дүкен — тауарды немесе қызметті жарнамалайтын, тапсырыстарды қабылдайтын және сатып алушыға төлем тәсілін таңдауға мүмкіндік беретін интерактивті веб-сайт.
Бұл жағдайда дүкен әкімшісі тауарды жеткізуді ұйымдастырып, сатып алушымен есеп айырысуды бақылауға жауапты.
Төлем тәсілдері
- Пластикалық карта
- Банк/пошта аударымы
- Электрондық ақша
Электрондық ақша және электрондық төлемдер жүйесі
Тауарлар мен интернет қызметтеріне төлеудің ыңғайлы тәсілдерінің бірі — сандық (электрондық) ақша. Ол электрондық түрде ұсынылатын және айналымда жүретін төлем құралы ретінде толық құпиялылықты қамтамасыз етуі мүмкін.
Электрондық төлемдер жүйесі — электрондық байланыс құралдары арқылы есеп айырысу, келісімшарттар жасау және ақша аудару мүмкіндіктерін біріктіретін жүйе.
Пластикалық карталар туралы
Соңғы жылдары банктік пластикалық карталар нарығы қарқынды дамып келеді. Қазақстанда кең тараған карталарға Visa, MasterCard (Europay) және т.б. жатады. Ең негізгі артықшылық — қолма-қол ақша алып жүру қажеттілігінің азаюы.
Неліктен электрондық ақшаны қолдану кеңейеді?
- Ыңғайлылық және операциялардың жоғары жылдамдығы.
- Пайдаланудың қарапайымдылығы және төлемдерді толық қадағалау мүмкіндігі.
- Қауіпсіздік, құпиялылық және басқа адамға беру мүмкіндігі.
Дегенмен, электрондық төлемдердің дамуына кейбір пайдаланушылардың электрондық ақшаға деген сенімінің төмендігі әлі де әсер етеді.
IV. Кіріспе нұсқауды бекіту
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа материалдың қаншалықты меңгерілгені талданады:
- Ауқымды интернет желісі дегеніміз не?
- Іздеу жүйелерінің қызметтері қандай?
- Кең таралған іздеу жүйелерін атаңыз.
V. Жаттығу жұмыстарын көрсету
Компьютерлік жабдықтарды қолдана отырып, ауқымды интернет желісімен жұмыс жасау барысы меңгертіледі.
Интернет желісін пайдалану арқылы іздеу жүйелерімен таныстыру жұмыстары жүргізіледі.
VI. Ағымдық нұсқау
Оқушылардың «Интернет желісі» тақырыбы бойынша білімін бекіту және жетілдіру мақсатында зертханалық жұмыс орындау тапсырмасы беріледі.
VII. Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау
- Бірінші тексеру: жұмыс орнын тексеру (оқушыға ерекше назар аудару).
- Екінші тексеру: жұмыс орындау тәсілдерін тексеру (оқушыға ерекше назар аудару).
- Үшінші тексеру: өзін ұстауын тексеру (оқушыға ерекше назар аудару).
- Төртінші тексеру: техникалық құралдарды дұрыс қолдануын тексеру (оқушыға ерекше назар аудару).
VIII. Қорытынды нұсқау
- Сабақ бойынша қорытынды жасау.
- Әр оқушының сабаққа қатысу белсенділігін бағалау.
- Сабақты жақсы меңгерген оқушыларды атап өту.