Дыбыстарды баптау

Сабақтың тақырыбы

«Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру және толықтыру. Презентацияға графикалық объектілерді енгізуді үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылыққа, әсемдікке және ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік

Компьютерлік сауаттылықты және пәнге қызығушылықты арттыру. Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақ сипаттамасы

Ұйымдастыру параметрлері

Сабақ түрі
Түсіндірмелі-иллюстративті
Сабақ типі
Аралас сабақ
Әдісі
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік
Формасы
Жеке және топтық жұмыс

Қамтамасыз ету

Пәнаралық байланыс
Қазақ, орыс, ағылшын тілі; бейнелеу өнері; музыка
Көрнекіліктер
Флипчарттар, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар
Техникалық құралдар
Компьютер құрылғылары, интерактивті тақта

Сабақ жоспары

  1. I Ұйымдастыру кезеңі — 1 мин
  2. II Өткен тақырыптарға шолу — 7 мин
  3. III Жаңа сабақты түсіндіру — 14 мин
  4. IV Компьютерде шығармашылық жұмыс — 15 мин
  5. IV Интерактивті тақтамен жұмыс — 15 мин
  6. V Сабақты бекіту — 5 мин
  7. VI Бағалау — 2 мин
  8. VII Үй тапсырмасы — 1 мин

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Сабаққа ынталандыру.

II. Өткен тақырыптарға шолу (сұрақ-жауап)

1) PowerPoint-та құрылған файл қалай аталады?

Презентация.

2) Бос презентация қалай құрылады?

Файл → Құру командасын таңдағаннан кейін ашылған сұхбат терезесіндегі Жалпы бөлімінен Жаңа презентация шарт белгісін таңдау арқылы.

3) Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?

Презентацияның түрі таңдалады.

4) Слайдтың құрамына нелер кіреді?

Тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер және гиперсілтемелер.

5) Компьютер мен пайдаланушы арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

Интерактивтілік.

6) Презентацияның көзге көрінетін күрделі объектісі қалай аталады?

Слайд.

7) Мультимедиалық объект қолданылған слайдтар тізбегі қалай аталады?

Презентация.

8) Слайдтан слайдқа өтуді ненің көмегімен орындауға болады?

Гиперсілтеме арқылы.

9) Бір мезгілде сан, мәтін, графика, анимация, бейне және дыбыспен жұмыс істеу технологиясы қалай аталады?

Мультимедиа (ағылшын тілінен аударғанда «көп» және «орта» ұғымдарын білдіреді).

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бүгінгі тақырып — слайдқа графикалық файлдарды енгізу және дыбыс/бейне материалдарымен жұмыс.

1) Графикалық бейнелерді слайдқа енгізу

Графикалық бейнелер Word мәтіндік редакторындағыдай енгізіледі:

  1. Кірістіру (Вставка) → Сурет (Рисунок) мәзірін таңдаңыз.
  2. Суреттің қайдан алынатынын көрсетіңіз: Картинкалардан немесе Файлдан.

2) Музыка, дыбыс және бейнеклиптерді енгізу

  • Слайдтарға музыкалық және дыбыстық эффектілерді, сондай-ақ бейнеклиптерді енгізуге болады.
  • Қажетті файлды таңдап, Енгізу (Вставить) батырмасын басу арқылы слайдқа қосасыз.

3) Презентацияға дыбыстарды енгізу (қадамдық нұсқаулық)

  1. Кірістіру (Вставка) → Фильм және дыбыс (Фильм и звук) командасын таңдаңыз.
  2. Тиісті бөлімнен Файлдан дыбыс (Звук из файла) командасын таңдаңыз.
  3. Ашылған сұхбат терезесінен қажетті дыбыс файлын белгілеңіз.
  4. Таңдауды тексеру үшін Ойнату (Воспроизвести) батырмасын басыңыз.
  5. Барлығы дұрыс болса, Енгізу (Вставить) батырмасын шертіңіз.

4) Дыбыстарды баптау

  • Дыбыс белгішесін слайдтың көзге түспейтін бөлігіне орналастыруға болады.
  • Белгішені екі рет шерту арқылы параметрлерін қайта ашып, өзгертуге болады.
  • Анимация мен уақыт параметрлері арқылы дыбыстың іске қосылуын баптаңыз.

Мысал жолы

Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) → Анимацияны баптау (Настройка анимации) → Уақыт (Время) бөлімінде Қосу (Включить) және Шерту арқылы (По щелчку) параметрлерін таңдаңыз, кейін OK басыңыз.

IV. Практикалық бөлім (топтар алмасып орындайды)

1-топ: Компьютерде шығармашылық жұмыс

Үлестірмелі қағаздағы тапсырмалар бойынша компьютерде шығармашылық жұмыс орындайды.

2-топ: Интерактивті тақтамен жұмыс

  • Кестені толтыр: «Презентация қасиеттері»
  • Сәйкестендіру: PowerPoint терезе элементтері
  • Құпия сөйлем: жасырын сөйлемді анықтау

Тапсырмалар ауысқаннан кейін

1-топ

Үлестірмелі қағаздағы тапсырмалар бойынша компьютерде шығармашылық жұмыс орындайды.

2-топ

  • Кестені толтыр: «Слайд құру технологиясы»
  • Сәйкестендіру: батырмалар комбинациясының қызметін анықтау
  • Жасырын мәтін: кестедегі сандар арқылы мәтінді оқу

V. Сабақты бекіту

Не білемін

Оқушылар өз білімін қысқаша қорытындылайды.

Не білдім

Жаңа тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен әрекеттерді атап өтеді.

Не білгім келеді

Келесі сабаққа сұрақтар мен ұсыныстар қалыптастырады.

VI. Қорытындылау және бағалау

  • Сабақ бойынша негізгі қорытындылар жасалады.
  • Оқушылардың жұмысы бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

«Наурыз» тақырыбына слайд құру үшін қажетті материалдарды жинап келу.